Еркін Оңғарбаев Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы қызметінен босатылды

Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы лауазымынан босатылды

86
Әзірге Еркін Оңғарбайұлының қызметінен кетуіне не себеп болғаны белгісіз

АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Еркін Оңғарбаев бұл лауазымды 2017 жылдың 4 желтоқсанында иеленген еді. Әзірге оның қызметтен кетуіне не себеп болғаны белгісіз.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының "ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" 28.06.2018 жылғы №707 жарлығына сәйкес Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ҚР Қоғамдық даму министрлігі болып қайта аталды.

Жаңа ведомствоға Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясаты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.

 

 

86
Кілт сөздер:
қызметінен кетті, дін, саясат, дін істері және азаматтық қоғам министрі
Тақырып бойынша
Алматының жергілікті полиция басшысы қызметінен босатылды
Зағипа Балиева қызметінен босатылды
Қарағанды облысының прокуроры қызметінен босатылды
Сарыағашта 7 жасар баланың ісіне қатысты полицейлер жұмыстан қуылды
Көшеде үлкен дәретке отырған полицейді видеоға түсірген әріптесі де жұмыстан қуылды
Сатпаев қаласында педофилді соққыға жыққан полицей жұмыстан қуылды
Өскеменді қар басқаны үшін коммуналдық компания басшысы жұмыстан қуылды
Астананың жолында төбелескен автобус жүргізушісі жұмыстан шеттетілді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш

Тоқаев БҰҰ бас хатшысына жеделхат жолдады

1644
(Жаңартылды 11:26 24.10.2020)
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстан толығымен қолдайтынын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

"Бүгінде барлық ұлт өткенге көз жүгірте отырып, БҰҰ-ның осы жылдар ішінде қол жеткізген үздіксіз ілгерілеудің жарқын жолын мақтанышпен бағалай алады. Тіпті қазіргі, әлем бастан кешіп отырған геосаясат пен экономикадағы, әсіресе, денсаулық сақтау саласындағы ауыр дағдарысты бастан өткеріп отырған кезде, БҰҰ-на миллиондаған адам, оның ішінде, осал топтар үлкен үмітпен қарайды", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы БҰҰ жүйесінің тиімділігін, есеп беретіндігін және мәмілегершілігін арттыруға бағытталған Антониу Гутерриштің стратегиясы мен айнымас күш-жігерін толық қолдайтынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ауысты 

"Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген негізгі мақсаттар мен қағидаттардың сақталуына және қорғалуына тікелей жауаптымыз. БҰҰ-ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстан толығымен қолдайтынын растаймын", – деді Қазақстан президенті.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке және БҰҰ-ның барша қызметкеріне игі бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірді.

1644
Кілт сөздер:
жеделхат, БҰҰ
Тақырып бойынша
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында әлемге төнген жаңа қауіпті атады
Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды
Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына байланысты түсініктеме берді
Мишустин мен Мамин

Мишустин Маминді құттықтады

45
Тараптар телефон арқылы екі елдің сауда-экономикалық байланысын дамыту мәселесін талқылағаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Жұма күні Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.

"Михаил Мишустин Асқар Маминді 55 жасқа толуымен құттықтады. Денсаулық пен береке мен жаңа жетістіктер тіледі", - деп хабарлады Ресей үкіметінің баспасөз қызметі.

Екі елдің премьерлері сауда-экономикалық байланыс мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен жұмысты талқылады. 

Сондай-ақ, үкімет желісі бойынша алдағы келісімшарттар сөз болды.

Асқар Мамин 1965 жылы Целиноградта дүниеге келді. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстанның премьер-министрі қызметіне тағайындалды.

45
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты

"Дүрліктіруге ниетті": министрлік атышулы фильмге қатысты түсініктеме берді

110
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде ел азаматтары ашық нәсілшіл шабуылдарға наразы екені айтылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Фильм авторлары арандату жолымен Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін мазақ етіп, дүрліктіруге ниетті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

"Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа ұшыруда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 23 қазанда бір топ жас АҚШ Бас консулдығына жиналып, "Борат-2" фильмінің шығуына қарсы шықты. Олар фильмге тыйым салуды талап етіп, петициясын ұсынды.
Ұйымдастырушылар бұл петиция арқылы қоғамда теріс реакция тудырған фильмнің көрсетілуіне тыйым салуды сұрайды, олардың пікірінше, ол бүкіл мемлекеттің беделін түсіреді.

Бұған дейін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова британдық актер және режиссер Саша Барон Коэннің атышулы "Борат-2" фильмі туралы пікір білдірген еді. 

Министрдің айтуынша, сенсациялық фильмнің Қазақстанда пайда болуы фактісін елемеуге болмайды. 

"Борат" тарихы

"Журналист" Борат Сагдеевтің Америкаға сапары туралы 2006 жылы шыққан фильм хитке айналды. Бұл фильмді шығаруға 18 миллион доллар жұмсап, оны дайындағандар 261,5 миллион доллар пайда тапты. Тіпті, "Алтын глобус" иегері атанды және "Оскарға" ұсынылды.

Ал Қазақстанда фильм қоғам тарапынан наразылық тудырды. Фильм түсірушілерге елді қорлады деген айып тағылды.

Екінші бөлімнің сюжеті бойынша, ойдан шығарылған кейіпкер, қазақстандық журналист Бораттың тағы да АҚШ-қа жолы түседі. Ол америкалықтардың әдеттегі өмір салтын гротеск тәсілімен мазақ ете келе, президенттік сайлау қарсаңындағы елдің саяси өмірін зерттейтін болады.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді

Жаңа трейлер шыққаннан кейін көптеген қазақстандық фильмді теріс бағалады. Осыдан кейін әлеуметтік желіде "Бораттың" жалғасының шығуына қарсы флешмоб ұйымдастырылды. Оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі қолданушылар қосылды, олар #СancelBorat хэштегімен фильмге қарсы шығып жатыр.

110
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, Борат