Саясат

"Қытай біздің саудадағы ірі серіктесіміз". Назарбаев бейнеүндеу жолдады

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі фото
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада "Бір белдеу – бір жол" идеясының бесжылдығына арналған Қазақстан-Қытай бизнес форумы өтіп жатыр

АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Қытай компаниялары Қазақстанның ірі жобаларын іске асыру жолында негізгі серіктестердің бірі болып келеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бизнесмендерге жолдаған бейнеүндеуінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президенттің айтуынша, Қазақстан тәуелсіз ел болғалы екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. 

Монета - Sputnik Қазақстан
Саясат
Мемлекет басшысы бірыңғай жиынтық төлем енгізуді тапсырды

"Қытай біздің сыртқы саудадағы ірі серіктесіміз, өткен жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 32 процентке өсіп, 10 миллиард АҚШ долларына жетті. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Қытайдан келген инвестиция 15 миллиард доллардан асты. Қытай компаниялары Қазақстанның ірі жобаларын іске асыру жолында негізгі серіктестерінің бірі болып келеді. Олар елдегі индустрияландыру процесіне белсенді араласуда. Осының бәрі өзара сенімге негізделген екіжақты қарым-қатынастың дұрыс бағытта дамып келе жатқанын білдіреді", — деді Назарбаев Қазақстан-Қытай бизнес форумында. 

Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстан мен Қытай жалпы сомасы 27 миллиард долларды құрайтын 51 инвестициялық жобаны бірлесіп іске асырып жатқанын атап өтті. 

"Бұл инвесторлардың сенімінің белгісі және Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлінетінінің айғағы.  Халықаралық сарапшылардың бағалауына сүйенсек, біз бизнес жүргізу жағынан өңірде үздік мемлекет саналамыз", — деді президент.

Назарбаев түк бітірмей жалақы алатын мемлекеттік қызметшілерді сынады  

Назарбаев Қазақстан президенті жанында жұмыс істейтін инвесторлар кеңесінде қытайлық CNPC компаниясы белсенді рөл атқаратынын айтты. 

"Ол мұнай-газ нарығын дамытуда еліміздің маңызды стратегиялық серіктесі болып табылады. Қазақстан ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру байынша ауқымды науқан жүргізіп жатыр. Тау-кен өнеркәсібі және металлургия, мұнай-газ, көлік пен байланыс салаларында, энергетика, инфрақұрылым мен басқа да секторлардағы компаниялардың акцияларын сату ұсынылуда. Тікелей жекешелендіруден бөлек, біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі принципі негізінде де ынтымақтасуға дайынбыз. МЖС принципі бойынша тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, автокөлік және теміржол, тағы басқа салаларда жобалар жүзеге асырылып жатыр", — деді мемлекет басшысы. 

Назарбаев өзара тиімді бизнес үшін тағы бір перспективті бағыт ретінде  "ЭКСПО-2017" инфрақұрылымынң базасында құрылған Астана халықаралық қаржы ортағылын атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысы кезінде - Sputnik Қазақстан
Саясат
Президент кезекті Жолдауы не туралы болатынын айтты

"Құрметті қатысушылар, тауар айналымы мен инвстицияның өсуі қос ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың табысты дамып келе жатқанын көрсетеді. Аталған форум оның одан әрі дамуына септігін тигізіп, екі мемлекет арасындағы іскерлік топтардың серіктестігін нығайтудың жаңа перспективаларын белгілейді деп сенемін. Барлығына жемісті жұмыс пен жаңа табыстар тілеймін", — деп қорытты сөзін Елбасы. 

Айта кетсек, іскерлік шараға екі елден шамамен 400-дей өкіл қатысып, "Бір белдеу – бір жол" бағдарламасы аясында екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады және өзара қарым-қатынас нәтижелерімен алмасты.

Жаңалықтар
0