Саясат

Қытай төрағасы: Назарбаев – менің жақын досым

© Sputnik / Болат ШайхиновҚытай төрағасы Си Цзиньпин
Қытай төрағасы Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Си Цзиньпин Қазақстан президентіне алғыс айтты

АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Астанада басталған Қазақстан-Қытай бизнес форумында Қытай төрағасы Си Цзиньпин бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қытай төрағасы екі ел бизнесмендерін форумның ашылуымен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Саясат
"Қытай біздің саудадағы ірі серіктесіміз". Назарбаев бейнеүндеу жолдады

"Құрметті президент Назарбаев, қымбатты достар және қонақтар! Биыл "Бір белдеу – бір жол" идеясына бес жыл толып отыр. Президент Назарбаев – менің жақын досым. Ол маған бизнес форум өткізуді ұсынды. Мен бұл идеяны толығымен қолдаймын және жоғары бағалаймын. Осы сәтті пайдаланып, барлығын бизнестің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Президент Назарбаевқа ризашылығымды білдіремін", — деді Си Цзиньпин форум барысында. 

Ол "Бір белдеу – бір жол" идеясы осыдан бес жыл бұрын, Қазақстанға жасаған алғашқы сапарында туғанын атап өтті.

Айта кетсек, іскерлік шараға екі елден шамамен 400-дей өкіл қатысып, "Бір белдеу – бір жол" бағдарламасы аясында екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады және өзара қарым-қатынас нәтижелерімен алмасты.

Жаңалықтар
0