Ким Чен Ын  мен Дональд Трамп

Трамп Ким Чен Ынмен кездесуі туралы: бір-бірімізге ғашық болдық

193
(Жаңартылды 09:32 02.10.2018)
АҚШ президенті мәлімдегендей, Солтүстік Кореядағы әріптесінен "жағымды хаттар" алып тұрады екен

АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР басшысы Ким Чен Ынға деген көзқарасы туралы айтты.

Батыс Вергиниядағы өзінің жақтастары алдында сөйлеген сөзінде Трамп Солтүстік Корея көшбасшысымен кездесуін еске алған.

"Ең қызығы не екенін білесіздер ме? Мен қатал болдым, ол да. Кейін бәрі тағы қайталанды. Содан соң бір-бірімізге ғашық болдық", — деді ол.

​Ол БАҚ өкілдеріне әзілдеп, тілшілер енді оның әрекетін "президентке жат" деп айтатын шығар деп болжады.

айта кеткендей, Ким Чен Ыннан "жағымды хаттар" алып тұрады екен. Америкалық көшбасшының сөзіне сүйенсек, КХДР бұрынғы АҚШ президенттерінің қоңырауына жауап бермейтін.

Трамп пен Ким Чен Ынның тарихи кездесуі 12 маусымда Сингапурде болды. Ядролық қарудан бас тартқаны үшін Вашингтон Пхеньянның қауіпсіздігін кепілдендіруге уәде берді.

Қазақстан бұл саммитті пен КХДР арасындағы сенімді нығайтуға септігін тигізетін тарихи маңызды оқиға деп атады.

193
Кілт сөздер:
халықаралық қатынастар, саясат, Ким Чен Ын, Дональд Трамп, Солтүстік Корея, АҚШ
Тақырып бойынша
Трамп: парик киетіндер сайлауға түспей-ақ қойсын
Трамп Желіні шулатқан суретіне қатысты пікір білдірді
Трамп өзінің туған күнінде демалыс алды
Трамп денсаулығы туралы анықтаманы өзі айтып жаздырды - дәрігер
Трамп Назарбаевтан не сұрады: Елбасы АҚШ президентімен арада болған әңгіме туралы айтты
Қазақстан Трамптың Ким Чен Ынмен кездесуінен кейін мәлімдеме жасады
Ким Чен Ын әйелін суретке түсіргісі келген журналисті итеріп жіберді
Сайлау, архивтегі сурет

Қазақстанда ауыл әкімдерінің сайлауы басталды

41
Республика бойынша сайлауға қатысу үшін барлығы 2 582 адам өз кандидатурасын ұсынды, оның 2 297-сі тіркеуден өтті

АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Бүгін Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл сайлауда республика бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл округіне 730 әкім сайланады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тағы 45 басшы жыл соңына дейін сайланады, ол үшін әкімдердің өкілет мерзімі аяқталуы қажет.

Сайлау сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.

Сайлау учаскелерінде дауыс санау дауыс беру аяқталғаннан бастап 12 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.

Қорытынды сайлау өткеннен кейін үш күн ішінде шығады.

Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуді президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауында ұсынды. 23 шілдеде мемлекет басшысы сайлау саяси жаңғырудың жаңа кезеңі деп атап, қазақстандықтарды сайлауға қатысуға шақырды.

"25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек", - деп жазды Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жергілікті атқарушы органдардың басшылары саналатын әкімдер мемлекеттің басты міндеттерінің бірі – отандастарымыздың тұрмыс сапасын арттыру мәселесін шешуде негізгі рөл атқаруға тиіс екенін айтып, президент сайланған кандидаттың бәрі өзі ісінің маманы болатынына және халықтың үмітін ақтай алатынына сенім білдіргенін жеткізді.

Айта кетейік, елімізде алғаш рет өтетін ауыл әкімдерінің сайлауына қатысуға тіркелгендердің көпшілігі – өзін-өзі ұсынған азаматтар (1 419 адам). Олар жалпы кандидаттардың 61,8%-ін құрап отыр.

Тағы оқыңыз: Ауыл әкімдерінің сайлауы: кандидаттардың 61%-і өзін-өзі ұсынды

Республика бойынша сайлауға қатысу үшін барлығы 2 582 адам өз кандидатурасын ұсынды, оның 2 297-сі немесе 88,9%-і қажетті тіркеуден өтті. 878 адам (38,2%) саяси партия атынан кандидат болды.

Еліміздегі алты саяси партия ауыл әкімі болуға өз кандидаттарын ұсынды.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл округі әкімі болу үшін сайлауға 25 жастан асқан Қазақстан азаматы қатысады. Кандидат мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келуі, сотталмаған болуы керек.

Кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмысы 14 шілдеде басталып, 24 шілдеде аяқталды. Әрбір кандидатқа республикалық бюджеттен үгіт-насихат жұмысына 220 000 теңге бөлінді (бұл БАҚ-та материал жариялауға, үгіт-насихат материалдарын шығару секілді шығындарға бөлінген).

Сонымен қатар осы сайлауда сайлаушыларға барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі берілген.

41
Кілт сөздер:
сайлау, әкім, ауыл
Тақырып бойынша
Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау қашан және қалай өтеді
СҚО-да 225 адам ауыл әкімі қызметі үшін сайлауға түседі
Ауыл әкімдерінің сайлауы 25 шілдеде өтеді - Карин
Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі: Тоқаев ауыл әкімдерінің сайлауына қатысуға шақырды
Ақорда

Тоқаев пен Назарбаев Өзбекстан президентімен сөйлесті

94
Қазақстан мен Өзбекстан басшылары Ауғанстандағы жағдайды және оның өңірлік қауіпсіздік үшін ықтимал салдарын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевті туған күнімен құттықтады.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Биылғы бес айдың ішінде екіжақты сауда көлемі 46 пайызға артқан. Инвестициялық, көлік-логистикалық жобалар жүзеге асырылуда, жаңа авиациялық бағыттар ашылуда. Қазақстан мен Өзбекстан халықаралық, өңірлік алаңдарда бір-бірімен тығыз байланыс жасайды, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев жуырда Ташкентте өткен Орталық Азия және Оңтүстік Азия елдері арасындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияның қорытындысына жоғары баға берді.

Екі ел басшылары Ауғанстандағы жағдайды және оның өңірлік қауіпсіздік үшін ықтимал салдарын жан-жақты талқылады. Тоқаев пен Мирзиёев аталған проблема бойынша ортақ түсінік бар екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы ресми сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуда маңызды оқиға саналатынын айтты.

Тағы оқыңыз: Ауғанстандағы жағдай Орталық Азияға қандай қауіп төндіреді?

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, өзбек халқының мойындалған көшбасшысына зор денсаулық, құт-береке және бауырлас Өзбекстан халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Елбасы сайты.

Назарбаев Шавкат Мирзиёевті шын жүректен туған күнімен құттықтап, оған мықты денсаулық пен амандық, бауырлас Өзбекстан халқының игілігі жолындағы белсенді жасампаз қызметіне жаңа табыстар тіледі.

Елбасы Өзбекстан көшбасшысының екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастарды дәйекті түрде нығайтуға зор үлес қосқанына ерекше тоқталды.

Соңында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан серіктестігінің жоғары деңгейін және екі ел халықтарының мүддесі үшін оны одан әрі дамытудың келешегі зор екенін атап өтті.

94
Кілт сөздер:
Шавкат Мирзиёев, Назарбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев
Токио Олимпиадасындағы Қазақстан құрамасы

Олимпиаданың үшінші күні: қазақстандық спортшылардан кімдер сынға түседі

0
25 шілдеде Токиодағы Олимпиада ойындарында он төрт қазақстандық спортшы және су добы командасы бақ сынайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. 25 шілде күні Токио Олимпиадасының үшінші жарыс күні басталады. Ұлттық Олимпиада комитеті бүгін сынға түсетін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін назарға ұсынды.

ҰОК Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы уақыт айырмашылығы +3 сағат екенін еске салды.

Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.

Стенд ату, скит. Әйелдер.

Әсем Орынбай, Зоя Кравченко

Басталуы: 06:00

Дзюдо. Ерлер.

Ерлан Серікжанов

Басталуы: 08:00

Теннис, жекелей сын. Әйелдер.

Ярослава Шведова, Юлия Путинцева

Басталуы: 08:00

Теннис, жекелей сын. Ерлер.

Михаил Кукушкин

Басталуы: 08:00

Семсерлесу. Ерлер.

Руслан Курбанов

Басталуы: 09:45

Нысана көздеу, пневматикалық винтовка. Ерлер.

Юрий Юрков

Басталуы: 10:00

Каноэ, слаломды есу. Ерлер.

Александр Куликов

Басталуы: 10:00

Каноэ, слаломды есу. Әйелдер.

Екатерина Смирнова

Басталуы: 10:50

Үстел теннисі. Ерлер.

Кирилл Герасименко

Басталуы: 12:30

Ауыр атлетика. Ерлер.

Игорь Сон

Басталуы: 12:50

Жүзу. Әйелдер.

Диана Назарова

Басталуы: 16:04

Бокс. Ерлер.

Зәкір Сафиуллин

Басталуы: 16:24

Су добы. Ерлер.

Қазақстан-Хорватия

Басталуы: 16:50.

0
Кілт сөздер:
жарыс, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы