Саясат

Назарбаев: Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы өзгелерге үлгі болатындай дәрежеде

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы екі ел қарым-қатынасының үлгі етуге тұрарлық дәрежеде дамып келе жатқаны және Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтары туралы айтты

АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының дамуына баға берді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауы — видео

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы кезекті жолдауында ішкі мәселелерге ғана емес, республиканың сыртқы саясатына да тоқталды.

Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Қасымов туралы: Ол адал да адамгершілігі мол жан

"Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз. Толыққанды интеграциялық құрылым әрі халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың белсенді мүшесі ретінде Еуразия экономикалық одағы табысты жұмыс істеп келеді", — деді Назарбаев жолдау жасау кезінде.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалығын лайықты деңгейде тәмамдайтынын, Астанада өтіп жатқан шаралардың Сириядағы мәселені шешуде табысты келіссөздер жүргізу форматына айналғанын айтып өтті.

Назарбаевтың халыққа жолдауы — онлайн-репортаж

Бұдан өзге президент Қытай, АҚШ және өзге де мемлекеттермен серіктестік қарым-қатынастың өрбитініне назар аударды. 

Жаңалықтар
0