Саясат

Қазақстан, Ресей және Өзбекстан президенттері Сарыағашта кездесті

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путин және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путин және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркістан облысының Сарыағаш қаласында Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтті

АСТАНА, 21 қазан — Sputnik. Қазақстан, Ресей және Өзбекстан президенттері елдер арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.  

 Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Шавкат Мирзиёев сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, басқосуда Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Өзбекстан Республикасының ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспектілер жөнінде пікір алмасты.

 

 



Жаңалықтар
0