Ақтау

Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінде жаңа жобаны қолға алды

106
Ортақ жобаның қалай жүзеге асырылып жатқанын Sputnik материалынан оқыңыз

ПЕТРОПАВЛ, 8 қараша — Sputnik. Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінде круиз туризмін дамытады, деп хабарлады РФ мәдениет министрлігі туризм бойынша федералды агенттіктің басшысы Олег Сафонов Петропавлдағы Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумында.

"Қазір Ресейде де, Қазақстанда да болмаған жаңа ортақ жобаны қолға алдық – Каспий теңізіндегі круиз туризмі", — деді ол.

Сафоновтың сөзіне сүйенсек, 2015 жылдан бастап Ресейдің Астрахань және Нижегород облыстарындағы зауыттарда екі кеме құрастырылып жатыр. 2020 жылы олар Каспий теңізінде круизге шығып, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Әзербайжан, Иран, Түркіменстандағы порттарға барады.

"Каспий маңындағы елдерің бәрі қолдау көрсетіп отыр. Круиз сәтті дамиды деген үміттеміз", — деп сөзін түйіндеді Сафонов.

106
Кілт сөздер:
круиз, жаңа жоба, туризм, Ресей, Каспий теңізі, Ақтау, Қазақстан
Тақырып:
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы (19)
Тақырып бойынша
Бір жылдың ішінде Петропавл қаласы өзгеріп шыға келді
Назарбаев пен Путин Қазақстанда кездеседі
Петропавл Назарбаев пен Путинді қарсы алуға дайын ба?
Нұржан Әлтаев

Nur Otan-нан кеткен экс-депутат халық үкіметін құруды ұсынды

92
(Жаңартылды 12:29 22.01.2021)
Экс-депутат мұндай тәжірибе Қазақстанда енгізілсе, көлеңкелі министрлер кабинеті биліктің жұмысын сынға алып, тиімді шешімдерді қабылдауға көмектеседі

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда тіркелмеген "El Tiregi" партиясын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Нұржан Әлтаев халықтық көлеңкелі үкіметтің құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тіркелмеген "El Tiregi" партиясы елімізде алғаш рет халықтың көлеңкелі үкіметін құру қажеттігін мәлімдейді. Бұл жерде "көлеңкелі үкімет" деген сөзден қорқудың қажеті жоқ. Себебі ол – дамыған мемлекеттерде, әсіресе, Батыс Еуропа елдерінде және АҚШ-та, жалпыға ортақ тәжірибе. Англия, Канада мен Германияда бұрыннан бар", – дейді Әлтаев.

Оның айтуынша, шетелде көлеңкелі үкіметтің қызметін мемлекеттің өзі ынталандырып отырады. Ал халық ондай жұмысты қолдайды.

"Мәселен, Англияда жеңіске жеткен партия әдеттегідей өз үкіметін жасақтайды. Ал оппозициялық партия көлеңкелі үкіметті жасайды. Бірақ оны мемлекеттің өзі, тіпті, жеңіске жеткен партия да қолдап отырады. Англияда көлеңкелі үкіметті бюджеттің есебінен қаржыландырады. Мүшелеріне жалақы төленеді. Сондай-ақ көлеңкелі үкіметтің өкілдері сайланған үкіметтің барлық отырысына қатысады. Ал белгілі бір министр бағдарлама немесе қандай да бір бастама көтерсе, көлеңкелі үкімет өз пікірін айтады, оппонент ретінде сөз сөйлейді. Бұдан ұтатын халық. Себебі кез келген мәселенің екі жағын көре алады", – деп атап көрсетті Әлтаев.

Оқи отырыңыз: Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі өзгерді

Экс-депутат осы тәжірибені Қазақстанда енгізуді ұсынып отыр. Көлеңкелі министрлер кабинеті биліктің жұмысын сынға алып, тиімді шешімдерді қабылдауға көмектеседі.

"Сондықтан бізге көлеңкелі үкіметті жасақтау қажет деп санаймыз. Ол жерде әрбір министр биліктегі министрдің жұмысын бақылайды, терең талдау жасайды, баға береді, белгілі бір мәселені шешудің баламалы жолдарын ұсынады", – дейді Әлтаев.

Экс-депутат Nur Otan-ның қатарынан неге кетті?

Өткен жылдың соңында сол кездегі Nur Otan-ның мүшесі Нұржан Әлтаев "El Tiregi" өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағы негізінде жаңа саяси партияның құрылатынын мәлімдеді. Үш күннен кейін ол депутаттық мандаттан айырылды. Артынан билік партиясының қатарынан да шығарылды. Ал Әлтаевтың өзі "байлаулы қолымды шешті" деп айтты.  

Сол кезде депутат біздің билікке сын қажет деді. Ондайда мәселелерді мойындау керек және бәрін бірге шешу керек. Ол үшін шындық айтылуы тиіс деп санайтынын жеткізді.

"Nur Otan партиясы, өкінішке қарай, бүгінгі күні бұл шындық пен сынға әлі дайын емес. Сондықтан адамдардың проблемаларын айтқан депутатты шығарып тастау туралы шешім қабылданған шығар", – деді ол.

Айта кетейік, Әлтаев депутаттардың жалақысы негізсіз төленетінін де ашық мәлімдеген.

92
Кілт сөздер:
экс-депутат, Нұржан Әлтаев
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағын беру халыққа шынайы көмек пе?
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі оффшорды жабуға қатысты ойын айтты
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев
Депутат Әлтаев Nur Otan қатарынан шығарылды
Нұржан Әлтаев депутаттарға жалақы негізсіз төленетінін айтты
Архивтегі фото

Зейнетақы жинағын пайдалану: ертең өтінім қабылдайтын портал іске қосылады

357
(Жаңартылды 11:51 22.01.2021)
Бүгінгі күні Тұрғын үй жинақ банкінде зейнетақы төлемін алуға арналған 57 мыңнан астам арнайы есепшот ашылды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. "Отбасы банк" (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi, ТҚЖБ) уәкілетті оператор ретінде 23 қаңтардан бастап зейнетақы төлемін пайдалануға өтініш тапсыратын арнайы онлайн платформаны іске қосады, деп хабарлады банк.

"Отбасы банк" – біржолғы зейнетақы төлемін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделу ақысын төлеуге қолдану бойынша уәкілетті орган.

"Біржолғы зейнетақы төлемін тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында қолдануды көздеп отырған БЖЗҚ салымшылары 13 қаңтардан бастап "Отбасы банкінде" онлайн режимде 57 000-нан астам арнайы шот ашты", деді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Біржолғы зейнетақы төлемдері тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін мынадай мақсаттарға пайдаланылады:

  • тұрғын үйді сатып алу-сату, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау (айырбас жасау) шарттары бойынша, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес кепілдік болған кезде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша толық есеп айырысу;
  • жеке тұрғын үй салу үшін (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) толық есеп айырысу;
  • ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру үшін бастапқы жарна енгізу;
  • ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру, берешекті ішінара немесе толық өтеу;  
  • ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үй сатып алу;
  • сатып алу құқығы берілген тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу.

Біржолғы зейнетақы төлемі белгіленген талаптарға сәйкес шектеусіз пайдаланылады.

Өтініш беруші адам жұбайының және (немесе) жақын туыстарының біржолғы зейнетақы төлемін пайдалануы үшін тараптар жеке кабинетте біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады.

Алушының меншігінде тұрғын үйдің болуы біржолғы зейнетақы төлемдерін алудан және пайдаланудан бас тартуға негіз болмайды.

Оқи отырыңыз: Halyk Bank зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың шарттарын атады 

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асырылады.

Біржолғы зейнетақы төлемі алушының жұбайынан, жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға берілмейді.

Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалана отырып меншікке ресімделген жылжымайтын мүлікті бес жыл ішінде сатуға болмайды. Егер мүлік сатылатын болса, біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын қайтаруға тура келеді. Норма 5 жылдан астам өтеу мерзімі қалған және олар бойынша өтелмеген берешегі бар ипотекалық тұрғын үй қарыздарына ғана қолданылады. Яғни, егер ипотека бұрын төленсе, мораторий алынып тасталады.

Ереженің толық мәтінін мына жерде оқуға болады.

357
Тақырып бойынша
"Әділ болуы керек": Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану туралы айтты
Зейнетақы қорынан алуға болатын қаржы көлемі ұлғайды
Зейнетақы жинағын пайдалану: депутат "асықпайтын" үкіметті сынап тастады
Қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы соманы қалай тексере алады
Жалғас Жұмағұлов

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды видео

0
UFC 257 турнирінің басты оқиғасы – ирландиялық Конор МакГрегор мен америкалық Дастин Порье арасындағы жеңіл салмақтағы реванш

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Әбу-Дабиде өткен UFC 257 турнирінде швед қарсыласынан жеңіліп қалды.

Ең жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа созылды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Амир Альбазиге берді.

"Тартысты жекпе-жекте Жалғас Жұмағұлов Амир Альбазиге есе жіберді", - деп хабарлады UFCRussia Instagram-да.

Осылайша Жалғас аралас жекпе-жекте 13 рет жеңіске жетіп, бес кездесуін жеңіліспен аяқтады. Жұмағұлов UFC-ге алғаш рет өткен жылдың жазында шықты. Ол төрешілер шешімімен бразилиялық Раулиан Пайведен жеңілді, алайда бұл шешім көпшілік арасында дау тудырған еді.

Еске салсақ, UFC 257 турнирінің басты оқиғасы – ирландиялық Конор МакГрегор мен америкалық Дастин Порье арасындағы жеңіл салмақтағы реванш.

0
Кілт сөздер:
видео, аралас жекпе-жек