Путин Назарбаевты құшақтады - ҰҚШҰ саммиті

Назарбаев: Алыстағы туыстан жақындағы көршің артық

151
(Жаңартылды 17:04 10.11.2018)
Петропавлдағы форум, президенттің айтуынша, ынтымақтастықтың тиімді алаңына айналды

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Петропавлдағы Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумында құттықтау сөз сөйледі.

"Кездесуге разымын. Алыстағы ағайыннан жақындағы көршің артық деген сөз бар. Біз көршіміз, ағайынбыз. Форум тиімді мемлекетаралық алаңқайға айналды. Ынтымақтастықтың маңызды институты болып отыр. Форумдарда 200 келісім мен шартқа қол қойылды, олардың жүзеге асырылуы өңірлерге ғана емес, қос ел экономикасының жекелеген салаларына да септігін тигізуде", — деді Қазақстан президенті.

Елбасы атап өткендей, "көршілеріміз біздің тәжірибемізді үйреніп жатыр", Өзбекстан да осындай өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізуді жоспарлап отыр.


151
Кілт сөздер:
көрші ел, өңіраралық ынтымақтастық форумы, Владимир Путин, Назарбаев, Ресей, Петропавл, Қазақстан
Тақырып:
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы (19)
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы - онлайн-трансляция
Назарбаев пен Путин Петропавлға не үшін барады – күннің бағдарламасы
Президенттер достығы: Назарбаев пен Путиннің 12 тарихи фотосы
Астанадағы саммитте Путин Назарбаевты құшақтады
Қазақстан туы

Елбасы көрші елдер жайлы: тағдырымыз солай

565
Назарбаев Қазақстанның шекарасын шегендеп, оны басқару тетіктерін қалыптастыру, елдің рухы мен әл-ауқатын арттыру, егемендікті баянды ету оңайға соқпағанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан көрші елдермен тату болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Тәуелсіздіктің тәтті дәмін сезінген халқымыздың ендігі не істесе де жолдасы –  сабыр мен ақыл ғана болуы керек. Көршілерімізбен тату болуымыз керек. Тағдырымыз солай, картаға қараңдар, қандай жерде отырмыз. Сондықтан менің жүргізген саясатым осы, аманатым да осы", - Елбасы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезінде. 

Назарбаев Қазақстанның шекарасын шегендеп, оны басқару тетіктерін қалыптастыру, елдің рухы мен әл-ауқатын арттыру, егемендікті баянды ету оңайға соқпағанын айтты. 

"Бүгінде елдің басын қосып, ұйытып отырмыз. Қазір айтсаң, ертегі сияқты көрінеді", - деді ол. 

Тұңғыш президент өткен ғасырда қазақ халқы бастан кешірген қасіреттерді еске алды. 

"Өткен ғасырда біздің халқымыз тоғыз түрлі алапат қасіретті бастан кешірген екен. Екі дүниежүзілік соғыс, екі зұлмат ашаршылық, ұлт-азаттық қозғалыстар, қуғын-сүргін жылдары. Ойлап қараңдаршы. Сол ашаршылықтан, тағы басқадан 4 миллионнан астам біздің қазақстандық, қазақтар қыршын болды. 1,5 миллионы елінен қашып, шетке кетті. Ұлтымыз үшін бұл қандай ауыр қасірет?! Қай халық осындай қасіретті бастан кешірген екен?! Соған қарамастан ата-бабамыздың қалдырған жерінде отыр. Өзінің мемлекетін құрып отыр", - деді Назарбаев.

Елбасы бүгінде Қазақстанды бүкіл әлем танитынын атап өтті.

Еске салсақ, 25 қарашада Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті. Жиын барысында партия атынан алдағы мәжіліс сайлауына қатысатын үміткерлер тізімі бекітілді.

Жалпы Nur Otan-ның партиялық тізімі 126 кандидаттан тұрады. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы, ал 49 адам орталық партиялық квота бойынша бекітілді.

Мәжіліс депутаттығына үміткер болатын белгілі азаматтар арасында Дариға Назарбаева, Нұрлан Нығматулин, Асқар Мамин, Бекболат Тілеухан, Ахметжан Есімов, Тамара Дүйсенова, Айдос Сарым және тағы басқалары бар. 

Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.

565
Кілт сөздер:
Назарбаев
Тақырып бойынша
"Менің Назарбаевым адамды ешқашан қорламайды": Сара Алпысқызының сұхбаты - видео
Назарбаев "елде демократия жоқ" дейтіндерге жауап берді
Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы ретіндегі миссиясын атады
Сара Назарбаева қазақстандықтарға үндеу жасады
Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына кандидат болды
Аида Балаева

Билік пен қоғам арасындағы диалог: азаматтық форум онлайн режимде өтіп жатыр

34
(Жаңартылды 11:59 23.11.2020)
Азаматтық форумды ашқан Аида Балаеваның айтуынша, ұзақ мерзімді мүдделер уақытша қиындықтардан басым болады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен және Қазақстанның азаматтық альянсы ұйымының ұйымдастыруымен IX Азаматтық форум онлайн режимде басталды. Биылғы форум "Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы" тақырыбы аясында өтуде.

"Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жол ашқан және жаһандық пандемия жағдайындағы қазіргідей шектеулерге қарамастан мемлекет басшысы табысты алға жылжытқан азаматтық бастамалардың қолжетімді болуы және оның күн тәртібіне шығарылуы зор маңызға ие. Бұл дегеніміз, ұзақ мерзімді мүдделермен ұштасатын біздің кез-келген саладағы өзара іс-қимылымыз уақытша қиындықтардан басым түсетіндігін білдіреді", – деді ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева.

Министр билік өкілдері мен сарапшылар қауымдастығы, іскер топтар мен азаматтық қоғам белсенділері арасындағы диалог одан әрі тең құқылы ынтымақтастықты дамытуға, сенім мен өркендеуді арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

"Жаһандық өзгерістер дәуірінде орнықты әлеуметтік дамуда жаңа міндеттер мен өзекті мәселелердің шешімін бірлесе іздеу, кезек күттірмейтін шауралардың бірі болып табылады. Бұл ретте, әрине бәрімізге бастамашылдық пен шығармашылық шеберлік, табандылық пен табысқа деген сенімділік қажет", – деп қосты Балаева.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік арнадағы түрік сериалдары қысқарады - ақпарат министрі

Айта кетейік, Азаматтық форум аясында қоғамдық кеңестердің тәжірибелік тиімділігін арттыру мен азаматтық қоғамды дамытудың мәселелері мен басымдықтары талқыланады. Шара барысында ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров пен бірінші қаржы министрі Берік Шолпанқұлов және денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған. Бағдарламаның толық нұсқасымен мына сілтемеге өту арқылы танысуға болады.

34
Кілт сөздер:
форум, қоғам
Тақырып бойынша
Балаева әр балаға 21 мың теңге қалай төленетінін түсіндірді
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады? Балаева түсіндірді
Аида Балаева анонимді Telegram-арналарды бұғаттауға қатысты пікір білдірді 
Өзен, су

Қазақстанда тасқын судың есебінен электр энергиясы арзандауы мүмкін

3
(Жаңартылды 12:17 26.11.2020)
Қазір гидроэлектр станциялар табиғатты қорғау үшін су жіберу кезеңінде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта сатады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан парламенті жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері туралы заңды қабылдады. Оған сәйкес, елде су тасқыны кезінде өндірілетін электр энергиясының есебінен тариф төмендетілуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісовтің айтуынша, қазір гидроэлектр станциялар табиғатты қорғау үшін су жіберу кезеңінде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта сатады. Ал оны трейдерлер сатып алады. Осылайша, мемлекет тасқын судан өндірілген электр энергиясының бағасына араласа алмайды. 

"Жүйелік оператордың деректері бойынша көктемгі су тасқыны кезінде жыл сайын орта есеппен 300 миллион кВтс электр энергиясы өндіріледі. Орталықтандырылған сауда-саттықта трейдерлер электр энергиясын 1 кВтсағ үшін 2-3 теңгеге сатып алып, оны екі-үш есе қымбатқа сатады. Осыған байланысты, гидроэлектрстанциялардың су тасқыны электр энергиясын "КЕГОК" АҚ-ға қарайтын қаржы-есеп орталығына сату міндетін заңнамалық түрде бекіту ұсынылады", - деді мәжілісмен. 

Айтуынша, бұл арзан электр энергиясы елдің барлық тұтынушылары арасында бөлінеді. 

Сонымен қатар, заң жобасы Қазақстанның электр энергетикасы жүйесінің сыртқы көздерге тәуелділігін төмендетпек. Атап айтқанда, қазір Ресейге кетіп жатқан ақша өз елімізде қалады. Ал бұл жыл сайын шамамен 10-12 миллиард теңге.

Бұдан бөлек, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға "өтпелі тариф" белгіленіп отыр. Заң жобасында "жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы" ұғымы көзделген, ол шекті тарифтен тыс ескеріледі.

Жаңартылатын энергетиканы дамыту үшін жаңартылатын энергия көздерінің электр энергиясын сатып алуға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін 15 жылдан 20 жылға дейін ұлғайту ұсынылды. Ол инвесторға аукциондық сауда-саттықта неғұрлым төмен тарифтерді ұсынуға жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың шығынын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сенат заңды бірауыздан қабылдады.

3
Кілт сөздер:
электр энергиясы, су, Қазақстан
Тақырып бойынша
Сарапшы елордадағы экомешіттің не себепті электр қуатын тарата алмағанын айтты
Елордалық жылу электр орталықтары ішінара газбен жұмыс істей бастады
Петропавлда жол апатының алдын алған автобус электр бағанын құлатты – видео
Алматының жылу электр орталықтары түгел газға көшіріледі
Вице-министр атом электр станциясы қандай жағдайда салынуы мүмкін екенін айтты