Бурабай

Қазақстан президенті Ресейді туризмді бірлесіп дамытуға шақырды

49
(Жаңартылды 16:18 09.11.2018)
Қазақстан басшысы ресейлік әріптесін шекараны модернизациялап, ғарыш туризмін дамытуға шақырды

ПЕТРОПАВЛ, 9 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Петропавлдағы Шекаралық ынтымақтастық форумында сөйлеген сөзінде Ресеймен бірге туризмді дамытудың маңыздылығын атап өтті. 

"Туризм — экономиканың ауқымды драйвері. Ол әлемдік экономиканың 10%-ін, перт экспорттының —30%-ін және жұмыс орындарының 10%-ін құрайды. Сарапшылардың бағалауынша, 2030 жылы 1,8 миллиард адам саяхаттайды", — деді президент.

Дәстүрлі түрлері рекреациялық мүмкіндіктерді шегінен асырып пайдаланып қойғандықтан, жаңа территориялардың пайда болуынан туризм өсуі мүмкін.

"Қазақстан мен Ресейге шетте қалып қоюға болмайды. Біздің мемлекеттер арасындағы географиялық жақындықты ұтымды пайдалану қажет", — деді Назарбаев.

Ол ресейліктердің Бурабай аймағына, Балқашқа, Алакөлге, Шымбұлаққа және басқа да объектілерге баратынын айтып өтті. Сол секілді қазақстандықтар да Ресейге барады.

Назарбаев бірқатар өзекті мәселені қозғады.

"Мұндай сұранысқа сапалы ұсыныс болуы тиіс. Шекараларды жаңғыртып, инфрақұрылымды дамытып, ғарыштық туризмді жолға қою керек".

Содан соң Путинге айтқан сөзінде туризм саласында ынтымақтастықты күшейту қажеттігін атап өтті.


49
Кілт сөздер:
туризм, өңіраралық ынтымақтастық форумы, Владимир Путин, Назарбаев, Ресей, Қазақстан
Тақырып:
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы (19)
Тақырып бойынша
Владимир Путин Петропавлға келді
Петропавл Путин мен Назарбаевты қалай қарсы алды — фото
Назарбаев пен Путин Петропавлға не үшін барады – күннің бағдарламасы
ҰҚШҰ төрағалығы Қазақстаннан Қырғызстанға өтті
Астанадағы саммитте Путин Назарбаевты құшақтады
Нұржан Әлтаев

Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр депутат Әлтаев

459
(Жаңартылды 15:45 27.11.2020)
Нұржан Әлтаевқа жаңа партияның басқарушы органына кіру ұсынылды. Қазіргі уақытта ол Nur Otan партиясының мүшесі

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. El Tiregi өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағы жаңа саяси партия құрылатынын жариялады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев хабарлады.

"Менің білуімше, олар (El Tiregi – Sputnik) әділет департаментіне тіркеуге өтініш беріп үлгерген", - деп атап өтті Әлтаев.

Толығырақ 27 қарашада "El Tiregi өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағының 7 бастамасын ашық талқылау" атты алғашқы халықтық ой-талқының отырысында хабарланады.  

Sputnik Қазақстан тілшісі Әлтаевтан Nur Otan партиясында қалуды жоспарлап отырған жоқсыз ба деп сұрады.

"Маған осы бастамашыл топтан жаңадан құрылған саяси партияның басқарушы органына кіру туралы ұсыныс түсті. Бұл ұсынысты қарастырып жатырмын, әлі шешім қабылдаған жоқпын", - деді Әлтаев.  

Сонымен бірге, депутат Nur Otan саяси партиясы ішінен саяси реформа жүргізу туралы ұсынысты еске түсірді. Егер ол орындалмаса, Әлтаев одан шығуы мүмкін.

"Себебі монополиялау жақсылыққа әкелмейді. Nur Otan партиясы осы саяси реформаны бастағанын күтемін. Егер бұл реформа жүргізілсе, онда партияда қаламын, оны әрі қарай жақтай беремін, партияға жұмыс істеймін. Егер Nur Otan партиясының осындай саяси өзгерістерге дайын екенін көрмесем, онда мен бұл партиядан шығуға тура келеді", - деп сөзін түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына кандидат болды 

Айта кетейік, 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.

2020 жылдың 5 қарашасында Орталық сайлау комиссиясы 6 саяси партияға сайлауға қатысуға рұқсат берді, жаңадан құрылған саяси партия 2021 жылғы науқанға қатыса алмайды.

27 қарашада ЖСДП партиясы съезд  өткізіп, сайлауға бойкот жариялау туралы шешім қабылдады.

Нәтижесінде Қазақстанның бес саяси партиясы – Nur Otan, "Ақ жол", "Ауыл" "Адал" (бұрынғы "Бірлік") және Қазақстанның халық партиясы мәжіліс пен мәслихаттардағы орындарға таласады.  

459
Кілт сөздер:
Нұржан Әлтаев, сайлау, Мәжіліс
Тақырып бойынша
Сайлауға бойкот жариялау ұсынылды – ЖСДП мүшелері қандай шешім қабылдады
Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті
Adal партиясына Назарбаевтың күйеу баласы қолдау көрсететіні рас па?   
"Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады
Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы ретіндегі миссиясын атады
ЖСДП жетекшісі Асхат Рақымжанов

Сайлауға бойкот жариялау ұсынылды ЖСДП мүшелері қандай шешім қабылдады

917
(Жаңартылды 13:00 27.11.2020)
Партия төрағасының мұндай ұсынысы түрлі пікір қайшылығын тудырды. Бірақ басым көпшілігі бойкотты қолдады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) мүшелерінің көпшілігі өздерінің көшбасшысы Асхат Рақымжановтың алда өтетін мәжіліс пен мәслихат сайлауына бойкот жариялау туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Партияның сайлау алдындағы съезі 27 қарашада өтті. Асхат Рақымжанов өз серіктестерін елдегі кез-келген сайлауды елеусіз қалдыруға шақырды.

"Билік оппозицияны дәстүрлі түрде сайлауға қосымша дауыс беру есебі ретінде қатысады және сайлауға қатысушылардың қосымша пайызын ғана алады деп санайды", - деді Рақымжанов.

ЖСДП төрағасы өз партиясының үкіметтік жобаға айналмауы керектігін баса айтты. Оның мұндай ұсынысы түрлі пікір қайшылығын тудырды. Бірақ басым көпшілігі – 32 партия мүшесі – бойкотты қолдады, үшеуі – қарсы, бесеуі – қалыс қалды.

"Мұндай шешім шынымен де қиын. Бірақ мен уақыт өте келе біздің шешіміміз дұрыс болғанын тарих өзі көрсетеді деген сенімдемін. Менің ойымша, бұған барлығы да көз жеткізеді. Парламенттің сайланбайтынына, оның тек басқарылатынына көз жеткізесіздер әлі", - деді Рақымжанов дауыс беру қорытындыларын шығарғаннан кейін.

Сонымен бірге, ол алдағы уақытта партияның жұмысын жалғастыра беру керектігін баса айтты.

"Өмір бұл бойкотпен тоқталмайтыны анық, әлі де сайлау болады. Біз партия құруды жалғастыруымыз керек. Уақыт өте жылдам. Біз биыл көп нәрсе жасауға тырыстық, бірақ объективті факторлар бізге кедергі болды", - деді ол.

Рақымжанов келесі жылы жақсы әрі жаңа мүмкіндіктер болады деп санайды. Сонымен бірге партияның келесі саяси кеңесінің жаңа бағдарламасын жасау туралы шешім қабылданды.

"Біз жаңару бағытын жариялауымыз керек. Партияның жаңаруы маңдайшадағы жазуды ауыстыру сияқты болмауы керек. Біз жұмыс әдісін өзгертуді де қолға алуымыз керек. Саяси кеңестің келесі отырысына партияның жаңа бағдарламасын әзірлеу қажет", - деді Рақымжанов.

Рақымжановтың айтуынша, президенттік сайлауға қатыспаған ЖСДП-ның парламенттік сайлауға бойкот жариялауы партияға ешқандай қауіп төндірмейді.

"Партиямыздың жабылуы үшін біз қатарынан екі парламенттік сайлауды өткізіп жіберуіміз керек", - деп түсіндірді ЖСДП жетекшісі.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына кандидат болды

Айта кету керек, 18 қыркүйекте ЖСДП төрағасының орынбасары Айдар Әлібаев партия келесі парламенттік сайлауға бойкот жарияламайды деп мәлімдеген болатын.

Ал енді Қазақстанның бес саяси партиясы мәжіліс пен мәслихаттардағы орындарға таласады. Олар : Nur Otan, "Ақ жол" демократиялық партиясы, "Ауыл" ауылшаруашылық партиясы мен Adal (бұрынғы "Бірлік") және Қазақстан коммунистік халық партиясы.

917
Кілт сөздер:
партия, сайлау
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
Adal партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін бекітті
"Ауыл" партиясы ОСК-ге мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін тапсырды
"Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады
Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті
Мәжіліс сайлауы: Қазақстанда кандидаттарды ұсыну кезеңі басталды
Медицина қызметкерлері

Белгілі дәрігер өлім-жітім көп болатын жаңа эпидемияға дайындалу керектігін айтты

2
Александр Мясников өлім деңгейі жоғары болатын вирус пайда болса, қажетті вакцина пайда болғанша ондаған миллион адам қайтыс болады деп отыр

АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Ресейлік дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников өлім-жітім көп болатын індетке алдын ала дайындалу қажет екенін айтты.

"Өлім-жітім деңгейі жоғары ауыр індеттердің алдын алу үшін (COVID-19 ондай инфекция түріне жатпайды) тиімді қорғаныс шараларын әзірлеу қажет. Мысалы, тұмауға қарсы "әмбебап" вакцина қажет, "құс" немесе "шошқа" тұмауы күндердің бір күні тарап кетуі мүмкін. Вирусологтардың айтуынша, ауыр індет мутацияға ұшырап жатыр. Алғашқысы – жануардан адамға, екіншісі адамдан адамға жұғады", - деп жазды ол Telegram каналында.

Мясниковтың айтуынша, Қытайда бұл екі мутацияның алғашқысы үнемі тіркеліп отырады. Коронавирус адамдардың індетке дайын емес екенін көрсетті, деді ол.

"Біз қазір вакцинаны жасау үшін қанша уақыт қажет екенін көріп отырмыз. Оған бүкіл әлем ғалымдары күш-жігер салып отыр. Егер вирус 35-40% өлім алып келетін болса, мұндай вакцина пайда болғанша ондаған миллион адам қайтыс болады", - дейді дәрігер.

Ол қазір барлық ғалымдардың күшін дәл осы әмбебап вакцина жасауға жұмылдыру қажет екенін атап өтті. Мясников зерттеушілерді кез келген қажетті құралмен қамтамасыз ету керек деп санайды.

 

2
Кілт сөздер:
эпидемия, дәрігер
Тақырып бойынша
ДДҰ коронавирус туралы: бұл соңғы пандемия емес
Құлаққап денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін қалай қолдану қажет – дәрігер кеңесі
Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан жеті адам көз жұмды
Судың ағза үшін қауіпті екенін қалай білуге болады
Энергетика министрі эпидемия мұнай саласына қалай әсер еткенін айтты