АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Кеңес Одағының ыдырау себебін түсіндірді.
Америка басшысының пікірінше, КСРО-ның күйреуіне Ауғанстандағы соғыс себеп болған.
"Ресей Кеңес Одағы болды. Бұл ел Ауғанстанда соғысып, әбден азып тозған кезде Ресей атанды", — деді Трамп Fox News телеарнасының эфирінде.
Trump: "Russia used to be the Soviet Union. Afghanistan made it Russia because they went bankrupt fighting in Afghanistan. Russia."
— Kyle Griffin (@kylegriffin1) 2 января 2019 г.
Trump then goes on to endorse the Soviet invasion of Afghanistan. Via Fox. pic.twitter.com/oE0fuDLXyz
Ол КСРО тәлібтердің террорлық қауіп-қатер төндіруіне байланысты Ауғанстанға әскер кіргізгенін атап өтті.
НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин президент жүктеген міндеттерді қалай орындайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін парламенттің бірлескен отырысында депутаттардың басым бөлігі премьер-министр қызметіне ұсынылған Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады. Осыдан кейін мәжіліс төрағасы мінберге үкімет басшысын шақырды. Асқар Мамин өзіне сенім білдіргені үшін алғыс айтып, алда маңызды әрі үлкен мақсат-міндеттердің тұрағанын ерекше атап өтті.
"Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің дамуының басымды бағыттарын жариялады. Соның ішінде ең бастысы - халықтың өмір сүру сапасын және әл-ауқатын жақсарту, халықтың табысын арттыру. Бұл міндеттерді экономиканы қарқынды дамыту арқылы орындауға болады", - деді Мамин.
Премьер-министрдің айтуынша, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін артттыру, инвестицияларды тарту, жаңа технологияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру және тағы басқа бағыттар бойынша тиімді шаралар іске асырылады.
"Осы стратегиялық міндеттерді іске асыруда үкімет парламентпен бірге үйлесімді әрі нәтижелі жұмыс жасайтын болады", - деп атап көрсетті Мамин.
Отырысқа қатысқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрді құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.
"Асқар Ұзақбайұлы шын жүректен құттықтаймын. Үлкен лауазым, үлкен жауапкершілік. Сондықтын жұмысыңыз мардымды, табысты, жемісті бола берсін", - деді Тоқаев.
Айта кетсек, бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында Асқар Мамин Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды. 99 депутаттың 78-і қолдап дауыс берді, 21 адам қалыс қалды.
АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Асқар Мамин Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Маминге парламент мәжілісінің жалпы отырысына қатысқан 99 депутаттың 78-і қолдап дауыс берді, 21 адам қалыс қалды.
Айта кетейік, жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр лауазымына Асқар Маминді ұсынды. Мәжіліс отырысында президент үкіметтің пандемия кезінде дағдарысқа қарсы шараларды дер кезінде қабылдағанын айтты.
"Қазір еліміз күрделі кезеңді бастан өткеруде. Бүкіл әлем соңғы жылдарда ешкім күтпеген дағдарысқа тап болды. Оның салдары Қазақстанға да әсерін тигізді. Біз Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық әлеуетімізді арттырып, қиындықтарды еңсеру үшін мол қор жинадық. Соның арқасында үкімет дағдарысқа қарсы шараларды дер кезінде қабылдады. Олар бұрын-соңды болмаған ауқымда жүзеге асырылды", - деді мемлекет басшысы мәжіліс отырысында.
Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс депутаттарын сайлау өтті. Парламентке үш партия келді:
Nur Otan партиясы (71,09%)
"Ақ жол"Қазақстанның демократиялық партиясы (10,95%)
Қазақстан халық партиясы (9,10%).
Конституциялық заңға сәйкес, мәжіліс құрамы қайта сайланғаннан кейін үкімет өз өкілетін тоқтатады. Осыған байланысты Мамин үкіметі парламент сайлауынан кейін отставкаға кеткен. Енді Асқар Мамин премьер-министр қызметіне қайта сайланып отыр.
НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Сулавеси аралындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Осындай қиын жағдайда біз индонезиялық достарымыздың қайғыларына ортақтасып, олармен бірге екенімізді жеткіземін. Сонымен қатар табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып, үйлеріне оралуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.
Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет 5,7 және 6,2 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан отыздан астам адам көз жұмып, 600-ден астам тұрғын зардап шекті.
Жер сілкінісі салдарынан жергілікті аурухана ғимараты құлап, медицина қызметкерлері мен емделушілер үйінді астында қалғаны белгілі болды.
Билік 15 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.