Үкімет үйі

Астанада Назарбаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

160
(Жаңартылды 09:25 31.01.2019)
Отырыста өткен жылдың нәтижелері қарастырылып, биылғы жылға тапсырмалар беріледі

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысын ашады.

Үкімет үйінде өтетін отырысқа парламент сенаты мен мәжілісінің спикерлері, мемлекеттік хатшы, президент әкімшілігінің басшысы, үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент және облыстар әкімдері, мемлекет басшысына тікелей есеп беретін орталық мемлекеттік органдар басшылары қатысады.

Өз баяндамасында ел дамуының былтырғы жылғы нәтижелерін атап өтіп, 2019 жылға маңызды тапсырмалар береді.

Кеше Ақордада президент облыс және қала әкімдерін қабылдап, баяндамаларын тыңдады.

160
Кілт сөздер:
кеңейтілген отырыс, Үкімет, Назарбаев, Қазақстан
Тақырып бойынша
Назарбаев: Бүгін ғана аспаннан салбырап түскен жоқпыз
Назарбаев президент кеңсесі бастығының өкілеттігін ұзартты
Назарбаев президенттің жалғыздығы туралы айтты
"Қиялданып жүрміз" Назарбаев кәсіпкерлерге тапсырма берді
Үй, ақша

Тоқаев баспана мен жол құрылысына қатысты тапсырма берді

2054
(Жаңартылды 19:36 23.07.2021)
Мемлекет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың есебін тыңдады

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі президентке мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы мен бірінші жартыжылдықтағы жұмыстың негізгі бағыттары туралы баяндады.

Ведомство басшысы өңдеу өнеркәсібінің дамуы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берді. Оның айтуынша, жыл басынан бері өсім көрсеткіші 5,6 процентке, соның ішінде, фармацевтика 31 процентке, машина жасау саласы 22%-ке, химия 2,8%-ке және металлургия 0,8 процентке артқан.

"Бұдан бөлек жыл соңына дейін қосымша 126-дан астам жоба іске қосылады. Бұл жобаларға 1,1 триллион теңге көлемінде инвестиция салынған", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Мемлекет басшысына "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жыл басынан бері ұзындығы 2,2 мың шақырым автомобиль жолдары пайдалануға берілгені жөнінде баяндалды. Транзиттік жүк тасымалы артып келеді, соның ішінде, Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша бұл көрсеткіш 59 процентке өскен.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша бүгінде 6,6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 17 миллион шаршы метрге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев ведомство жұмысының негізгі бағыттары бойынша тапсырма берді. 

Мемлекет басшысы жергілікті қатынас жолдарын дамыту және қайта жөндеу, сондай-ақ, жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын маңызды міндеттер ретінде атап өтті.

2054
Кілт сөздер:
құрылыс, жол, баспана, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Тоқаев: былтыр жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды
Тоқаев вакциналау паспортын қолдан жасағандар қатаң жазаланатынын айтты
"Қайғырып көңіл айтамын": Тоқаев Си Цзиньпинге жеделхат жолдады
Тоқаев ардагер журналисті 100 жасқа толуымен құттықтады
Қазақстан мен Қытай туы

"Қайғырып көңіл айтамын": Тоқаев Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

6391
(Жаңартылды 18:25 22.07.2021)
Қасым-Жомарт Тоқаев қажеттілік болған жағдайда Қазақстан үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын екенін нақтылады

АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы Қытайдың Хэнань провинциясындағы толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өзімнің атымнан сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ, бүкіл Қытай халқына қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түссіз жоғалғандардың аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін", – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев қажеттілік болған жағдайда Қазақстан үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын екенін нақтылады.

Қытайдың Хэнань провинциясында нөсер жаңбыр салдарынан қаза тапқандардың саны 33 адамға жетті, тағы сегіз адам хабар-ошарсыз кетті.

Взрослые перевозят детей на надувном матрасе в затопленном после наводнения городском районе в Китае
© REUTERS / ALY SONG
Қытайдың Хэнань провинциясы

Апат аймағында үш миллионнан астам адам бар, қауіпті аудандардан 375 мың тұрғын шұғыл эвакуацияланды.

6391
Кілт сөздер:
Қытай, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
"Сондай күлкілі": Қытай елшісі Жаңаөзендегі митинг жайлы не ойлайтынын ашық айтты
Тоқаевтың Қытай төрағасымен не туралы сөйлескені белгілі болды
Қытайдағы қазақтар "қайта оқыту" орталықтарынан босатылды - министр
Қытай елшісі Назарбаевқа: шешіміңізді жоғары бағалаймыз
Қытайдың ең бай 15 адамының бірі көз жұмды
Елдос Сметов түрік Мирхадж Аккушты жеңді

Токио Олимпиадасы: Елдос Сметов жартылай финалға шықты

0
Қазақстандық дзюдошы түрік палуаны Мирхадж Аккуш пен Корея спортшысы Ким Вон Джинді жеңді

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Отгонцэцэг Галбадрах алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Татамиге бірінші болып шыққан Отгонцэцэг Галбадрах қытайлық Янань Лиден иппонмен ұтылды. Ал Елдос Сметов түрік палуаны Мирхадж Аккуштан басым түсті. Қазақстандық дзюдошы өз қарсыласын иппонмен жеңді.

Осыдан кейін Сметов Оңтүстік Кореяның спортшысы Ким Вон Джинді жеңіп, жартылай финалға шықты. Оның келесі қарсыласы – жапондық Наохиса Такато.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық боксшы Олимпиаданы жеңіспен бастады 

Айта кетейік, Токио Олимпиадасына алты қазақстандық дзюдошы аттанды. Олар: Елдос Сметов, Ерлан Серікжанов, Жансай Смағұлов, Дидар Хамза, Ислам Бозбаев және Отгонцэцэг Галбадрах.

Бас бапкер Ғалымжан Жылгелдиевтің айтуынша, кейбір салмақтарда жеребе ауыр түсті. Әсіресе команда көшбасшысы Елдос Сметовтың тобы мықты. Оған Жапония мен Грузияның мықты балуандарына қарсы шығуға тура келеді.

2016 жылы Рио Олимпиадасында Елдос Сметов күміс жүлдені иеленген болатын. Ал Отгонцэцэг Галбадрах "қола" ұтып алған.

0
Кілт сөздер:
дзюдо, Елдос Сметов
Тақырып:
Токио Олимпиадасы