үкімет

Назарбаевтың тапсырмасы: көп балалы отбасыларды қолдау күшейтіледі

9595
(Жаңартылды 17:58 08.02.2019)
Жұмыс тобы екі ай ішінде мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша кешенді шаралар қабылдауы тиіс

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан президентінің тапсырмасымен еліміздің азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көп балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Үкімет жанынан құрылған жұмыс тобына премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев басшылық етеді. Оның құрамына "Нұр Отан" партиясы, әлеуметтік-экономикалық блок, инфрақұрылымдық даму, ішкі істер министрліктері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кірді, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Жұмыс тобы екі ай ішінде мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет.

Комиссия жұмысына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар мен белсенділер тартылады.

9595
Кілт сөздер:
көп балалы отбасы, Ерболат Досаев, үкімет, Назарбаев
Тақырып бойынша
Ресей ауылында жалғыз қалған қазақ отбасы қалай өмір сүріп жатыр?
Астанадағы қайғылы оқиға: өрттен қаза болған бес баланың отбасы туралы белгілі болды
Шымкентте көп балалы отбасыда үшем дүниеге келді
Астаналық ару тұрмысы нашар 100 отбасыны сыйлық беріп қуантты
Қазақстанда белгісіз біреу көп балалы отбасыларға пәтер сыйлап жатыр
Шығыс Қазақстанда бүтін бір отбасы мұздың астына түсіп кетті
Астанадағы қайғылы оқиға: кәсіпкер тұрмысы нашар отбасыға пәтер алып бермек
Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

1443
Әңгіме барысында қалалық және туристік инфрақұрылымның ауқымды құрылысы жүріп жатқан Түркістанды қайта түлету мәселесі де сөз болды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстанның тұңғыш президентінің баспасөз қызметі. 

Әңгіме барысында Елбасы мен Абу-Дабидің тақ мұрагері Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян жуырда Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің Абу-Даби қаласына жасаған жұмыс сапарының нәтижелеріне назар аударды.

Оқи отырыңыз: 100 мың отбасыға 50 мың теңгеден беріледі – Назарбаев тапсырма берді

Сапар аясында Қазақстанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, мұнай химиясы және фармацевтика сияқты салаларда жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру туралы үкіметаралық құжатқа қол қойылған болатын.

Сондай-ақ тараптар қазіргі уақытта қалалық және туристік инфрақұрылымның ауқымды құрылысы жүріп жатқан Түркістанды қайта түлету тақырыбына тоқталды.

Соңында Елбасы мен Абу-Дабидің тақ мұрагері бауырлас екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі тереңдейтініне және кеңейе түсетініне сенім білдірді.

 

1443
Кілт сөздер:
Назарбаев, Елбасы
Тоқаев Шойгуді Достық орденімен марапаттады

Тоқаев Шойгуді "Достық" орденімен марапаттады

50
(Жаңартылды 20:45 16.10.2020)
Тоқаев Сергей Шойгуді Жеңістің 75 жылдығына арналған парадтың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өткізілгенімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан - Sputnik. Қазақстан президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.

"Әскери-техникалық сала, әскери бағыт Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарда маңызды орын алады", – деді gрезидент.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қол қойылған Әскери ынтымақтастық туралы шартты құптады және оның Ресей Қорғаныс министрінің Қазақстанға жасаған сапарының маңызды нәтижелерінің бірі екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сергей Шойгуді Жеңістің 75 жылдығына арналған парадтың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өткізілгенімен құттықтады.

Касым-Жомарт Токаев и Сергей Шойгу
Қазақстан президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады

Ресей Қорғаныс министрі кездесуге және қазіргі заманның өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік жасағаны үшін Қазақстан gрезидентіне алғыс айтты.

"Әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың дәстүрлі стратегиялық және одақтастық сипаты бар. Бүгінгі қол қойған келісімнің аса маңызды екені сөзсіз. Бұл барлық әскери ынтымақтастық туралы келісімдердің ішіндегі ең ауқымдысы әрі мазмұндысы", – деді Сергей Шойгу.  

Ресейдің Қорғаныс министрі Қазақстан әскерилерінің Қызыл алаңда өткен Жеңістің мерейтойлық парадына жоғары деңгейде қатысқаны үшін Мемлекет басшысына алғысын білдірді. Оның айтуынша, бұл екі ел арасындағы қатынастардың жоғары деңгейде екенін көрсетті. Сонымен қатар ол Қазақстан Қарулы Күштері сарбаздарының Халықаралық әскери ойындарға белсенді қатысқанын атап өтті.

Кездесу соңында Қазақстан президенті әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Сергей Шойгуді І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

50
Тақырып бойынша
Тоқаев елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты Маминге тапсырма берді
Ресейдің қорғаныс министрі Қазақстанға келді
Шойгу екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты жоғары бағалады
Қазақстан сыртқы істер министрі Қырғызстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Тоқаев Шпекбаевты қабылдады
Көлік қозғалысы

Нұр-Сұлтанда жаңа біржақты көше пайда болады

0
Бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданған

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 25 қазаннан бастап Family village ауданында Е652 көшесінде бір бағытты қозғалыс енгізу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданды. 

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, осы учаскелердің жол-техникалық жағдайын тексерген.

"Қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта болады. Белгіленген учаскеде бір бағытты қозғалысты енгізу көлік легінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге, қарсы бағытпен қақтығыс жағдайын азайтуға, жол апатын болдырмауға мүмкіндік береді", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар бұл өзгеріс жол қозғалысын оңтайландыру үшін және көше-жол желісіне жүктемені азайту мақсатында енгізіліп отыр.

0
Кілт сөздер:
көлік қозғалысы, көше, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Көше сыпырып кеткен: Әблязовтің елге оралған сыбайластарының тағдыры белгілі болды
Нұр-Сұлтанда ерекше көше қиылысы пайда болды – видео
Америкалықты бір соққымен құлатқан қазақ па? Көше төбелесінің видеосы
Бұрынғы кәсіби футболшы көше сыпырып кетті – видео
Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады