АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова әлеуметтік желілерде халықтың отставкаға кетсін деген талабына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Журналистер министрден отставкаға кету туралы сұрады.
"Ең күрделі мәселелер біздің министрлікке қарайтындықтан, сынды жиі естиміз. Ең бастысы, біз осы сыннан ой түйіп, қорытынды жасаймыз, жағдайды жақсартуға тырысамыз. Алдағы уақытта мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданады", - деп сендірді Әбілқасымова.
Айтуынша, жергілікті жерлерде жедел штабтар құрылып, олар көп балалы отбасылардың неге мұқтаж екенін анықтап, олардан ұсыныстар жинап жатыр.
Көпбалалы аналар әр балаға 20 мың теңгеден алуы мүмкін
"Барлық ұсыныс жұмыс тобында қаралады. Жұмыс тобының кезекті отырысы осы бейсенбіде өтеді деп жоспарланды. Оған жұртшылық өкілдерін, сарапшыларды шақыру ойымыз бар. Жұмыс тобында әлеуметтік қолдауды жақсарту мен мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасыларды қорғауға қатысты кешенді шешімдер ұсынылады деген ойдамын", - деді министр.
Ол қазіргі таңда әртүрлі бағыт бойынша көптеген ұсыныс түскенін атап өтті. Олар атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді жақсарту, жәрдемақы мөлшерін қайта қарастыру, баспана қолжетімділігі мәселелері.
"Тиісті есептеулер дайындалып, анализ жүргізіліп жатыр, барлығы жұмыс тобына шығарылады", - деді Әбілқасымова.
Естеріңізге сала кетейік, бір отбасындағы бес баланың өмірін жалмаған өрт Астанада Көктал-1 ауданында болды. Апалы-сіңлілі бес қыз түнде үйде жалғыз қалған, ата-анасы жұмыста болыпты. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған бес бала көз жұмды.
Министр Әбілқасымова бес баласынан айырылған отбасыға барып, көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жаңарған үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Отырыс онлайн өтіп жатыр. Жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады.
Журналистер отырыстан жаңалықтарды "Қазмедиа орталығынан" таратады.
Еске салсақ, бұрынғы үкімет 10 қаңтарда өткен парламент сайлауынан кейін отставкаға кеткен болатын.
18 қаңтарда мемлекет басшысы Қазақстан үкіметінің жаңа құрамын бекітті.
Премьер-министр мен министрлердің басым бөлігі өз орнын сақтап қалды. Екі министр ғана ауысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Серік Шәпкенов келсе, ұлттық экономика министрлігін Әсет Ерғалиев басқарды.
Тағы оқыңыз: Мамин екі министрді не себепті ауыстырды – сарапшылар пікірі
Сондай-ақ, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төртінші вице-премьер қызметін қоса атқарады.
Қазақстанда мәжіліс сайлауы 10 қаңтарда өтті. Дауыс беру қорытындысына сәйкес, парламенттің төменгі палатасына үш партия – Nur Otan, "Ақ жол" және Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер партия) өтті.
"Nur Otan" партиясы – 76 мандат, "Ақ жол" демократиялық партиясы – 12 мандат, ал Қазақстанның халық партиясы 10 мандат алды.
Сондай-ақ, мәжіліс депутаттарының қатарына Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де енді.
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.
Оқи отырыңыз: Таза ауыз су әрбір үйде болуы керек – Тоқаев
Жаңа түзетулерге сәйкес, енді жергілікті жерде ауыз сумен жабдықтау қызметінің бағасын мәслихаттар анықтайды. Мысалы, мәслихат республика бойынша ең төменгі тарифтен төмен емес және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, орташа облыстық деңгейден жоғары емес төлемдер мөлшерін бекіте алады.
Заң жобасының негізгі мақсаты:
Айта кетейік, бүгінде халықты ауыз сумен жабдықтау қызметінің құнын төмендету мақсатында мемлекеттен субсидия бөлініп тұрады. 2021 жылда осы мақсатта 16 миллиард теңге қарастырылған.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде ауыл халқының 87 проценті орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Осы санатқа 4 078 ауыл кіреді. Олардың ішінде 42 проценті субсидия алған.
АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қаладағы COVID-19 статистикасы алаңдаушылық тудырып отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қаладағы эпидемиологиялық жағдай алаңдатуда. Алматы "қызыл" аймаққа енді. COVID-19 статистикасы сөзсіз алаңдаушылық тудыруда. Ауырғандардың күнделікті саны 130 адамнан төмен түспей тұр", - деді Табынбаев.
Қаланың бас дәрігері онлайн-брифинг барысында Алматыдағы инфекциялық стационарлардың 61%-і бос тұрғанын хабарлады. Сонымен қатар 5 145 төсек-орын резервте тұр.
"Қазір тәулігіне орташа есеппен 50-90 науқас емдеуге жатқызылып жатыр. Ал жансақтау бөлімінің 50%-інде науқастар жатыр, жалпы 120 реанимациялық төсек-орын бар", - деді ол.
Нариман Табынбаевтың айтуынша, бірінші ақпаннан бастап жүргізілетін вакцинацияға байланысты ресейлік Спутник V вакцинасы жеткізіледі.
"Қаңтардың соңында Алматыға вакцинаның 1 450 дозасы келіп түседі. Ақпанда алты мың доза және шілдеге дейін 150 мың доза алу жоспарланып отыр", - деді Табынбаев.
Ең алдымен коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен жұмыс істейтін мамандарға вакцина салынады. Олар: жедел медициналық жәрдем қызметкерлері, инфекциялық аурухана мамандары, көпбейінді аурухананың қабылдау бөлімі қызметкерлері. Вакцина ерікті түрде салынады.