Саясат

Ішкі істер министрінің жаңа кеңесшісі тағайындалды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның ішкі істер министрлігінде жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Бүгін ішкі істер министрлігінде министрдің жаңа кеңесшісі және ІІМ-нің ресми өкілі – баспасөз хатшысы таныстырылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ерғали Егемберді  - Sputnik Қазақстан
Елорда тынысы
Астанада Сарыарқа ауданының жаңа әкімі тағайындалды

ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен бұл қызметке Ораз Нұрділдә Серікұлы тағайындалған.

Ораз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, ІІМ Қарағанды академиясында, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алған. "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-та (Калифорния, Флорида) оқыған. Мамандығы - журналист, заңгер.

Жаңа баспасөз хатшысы бұдан бұрын "Қазақстан", "31 арна", "Астана" республикалық телеарналарында тілші, редактор болып жұмыс істеді, Астана қаласының ІІД баспасөз қызметінің бастығы, ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры, ҚР бас прокуратурасы аппарат басшысының орынбасары және ресми өкілі, "ОРТ-Еуразия" телеарнасы директорының орынбасары болып қызмет атқарды.

© Photo : пресс-служба МВД РКОраз Нұрділдә Серікұлы
Ішкі істер министрінің жаңа кеңесшісі тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Ораз Нұрділдә Серікұлы

Министр Тұрғымбаев жаңа тағайындалған кеңесшісі әрі ІІМ-нің ресми өкілі – баспасөз хатшысына БАҚ-пен жұмысты үйлестіру мен ұйымдастыруда жемісті еңбек тіледі.

© Photo : пресс-служба МВД РКІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев пен жаңадан тағайындалған баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз
Ішкі істер министрінің жаңа кеңесшісі тағайындалды - Sputnik Қазақстан
ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев пен жаңадан тағайындалған баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз
Жаңалықтар
0