Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынды

11905
(Жаңартылды 13:06 25.02.2019)
Мемлекет басшысы өткен аптада Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті отставкаға жіберген еді

АCТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәжілістің қарауына үкімет басшысы лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Айта кетсек, 21 ақпан күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың оныншы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті отставкаға жіберді. Сағынтаев үкіметтің тізгінін екі жарым жыл ұстады. 

Конституцияның 44-бабына сәйкес, президент мәжілістің қарауына ҚР премьер-министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды. 

Естеріңізге салайық, мемлекет басшысы 21 ақпан күні республиканың оныншы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті отставкаға жіберді. Президенттің айтуынша, үкімет пен Ұлттық банк ел экономикасын сапалы дамытуға серпін беретін нақты құралдарды толыққанды жасап шығара алмаған. Атап айтсақ, тұрғындардың нақты табысы өспеді, отбасылардың бюджетінде азық-түлікке деген шығын көлемі арта түсті. Атқарушы органдардың салғырттығынан әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындардың бір бөлігі атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылмаған.

Үкіметтің отставкасынан кейін премьер-министрдің міндетін уақытша атқару Асқар Маминге жүктелген еді.

11905
Кілт сөздер:
премьер-министр, Мәжіліс
Тақырып бойынша
Назарбаев үкіметті отставкаға жіберді
Үкіметтің отставкаға кетуі: Сағынтаев министрлерге алғыс білдірді
Тоқаев үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді
Сағынтаев отставкаға кеткеннен кейін мәлімдеме жасады – видео
Назарбаевтың үкіметті отставкаға жіберу туралы мәлімдемесі - видео
Түркияның қорғаныс министрі Қазақстанға келді

Түркияның қорғаныс министрі Қазақстанға келді 

691
(Жаңартылды 12:19 26.10.2020)
Күн тәртібінде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, соның ішінде әскери кадрларды даярлау және әскери білім беру, әскери дайындық, сондай-ақ, оқу-жаттығуларға қатысу шаралары бар

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Қазақстанға ресми сапармен Түркияның қорғаныс министрі Хулуси Акар келді. ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен өтетін кездесу кезінде аймақтық қауіпсіздік мәселелері де талқыланады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Бұдан бөлек, күн тәртібінде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, соның ішінде әскери кадрларды даярлау және әскери білім беру, әскери дайындық, сондай-ақ, оқу-жаттығуларға қатысу шаралары бар. 

"Қазақстан Түркиямен арадағы көп жоспарлы стратегиялық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен мән береді. Ал екі мемлекет көшбасшылары арасындағы өзара түсіністік пен достық атмосферасы екіжақты ынтымақтастықтың кеңеюінде негізгі рөл атқарады", - делінген қорғаныс ведомствосының ресми хабарламасында.

Осы орайда қорғаныс министрлігі Қазақстанның қарулы күштерінің құрылуы мен дамуының алғашқы кезеңінде Түркияның қарулы күштері мен Бас штабының бірінші болып қолдау көрсеткенін де еске салды. Атап айтқанда, Түркия 1990-2000 жылдары қайтарымсыз негізде Қазақстанға әскери мүлік жеткізіп отырған. Соның ішінде кеңсе техникасы, картографиялық құрал-жабдықтар, байланыс құрылғылары және жол талғамайтын көліктер бар. 

Уақыт өте келе, тараптар көпмақсатты жеңіл брондалған көліктер мен оптикалық-электронды құралдар өндірісі саласында өзара тиімді байланыстарға көшті. Ал әскери білім саласында курсанттар Түркияның жетекші әскери училищелерінде өз дайындықтарын шыңдайды. Қазақстанның әскерилері де сан алуан оқыту орталықтарына барып тұрады. 

2018 жылы қыркүйек  айында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға ресми сапармен барған. Сол кезде Анкара қаласында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде әскери ынтымақтастық туралы келісім де бар.

691
Кілт сөздер:
қорғаныс министрі, Қазақстан, Түркия
Тақырып бойынша
"Қамығып отырмыз": Түркиядағы қазақтар Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады
Түркиядағы көлде тұз қалай өндіріледі – таңғажайып суреттер
"Қиыншылық көресің": Түркиядағы қазақ елге неге оралғысы келмейтінін айтты
"Бұл адамзат үшін бір белгі": Қазақ қызы Түркияда не болып жатқанын айтып берді
Түркияда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш

Тоқаев БҰҰ бас хатшысына жеделхат жолдады

2826
(Жаңартылды 11:26 24.10.2020)
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстан толығымен қолдайтынын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

"Бүгінде барлық ұлт өткенге көз жүгірте отырып, БҰҰ-ның осы жылдар ішінде қол жеткізген үздіксіз ілгерілеудің жарқын жолын мақтанышпен бағалай алады. Тіпті қазіргі, әлем бастан кешіп отырған геосаясат пен экономикадағы, әсіресе, денсаулық сақтау саласындағы ауыр дағдарысты бастан өткеріп отырған кезде, БҰҰ-на миллиондаған адам, оның ішінде, осал топтар үлкен үмітпен қарайды", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы БҰҰ жүйесінің тиімділігін, есеп беретіндігін және мәмілегершілігін арттыруға бағытталған Антониу Гутерриштің стратегиясы мен айнымас күш-жігерін толық қолдайтынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ауысты 

"Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген негізгі мақсаттар мен қағидаттардың сақталуына және қорғалуына тікелей жауаптымыз. БҰҰ-ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстан толығымен қолдайтынын растаймын", – деді Қазақстан президенті.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке және БҰҰ-ның барша қызметкеріне игі бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірді.

2826
Кілт сөздер:
жеделхат, БҰҰ
Тақырып бойынша
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында әлемге төнген жаңа қауіпті атады
Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды
Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына байланысты түсініктеме берді
Ақша, теңге, тиындар

Ай сайын 506 мың теңге: БЖЗҚ зейнетақыға қатысты ақпарат жариялады

172
БЖЗҚ жалпы сомасы 138,5 миллиард теңгеге 1,6 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 қазандағы жағдай бойынша өз салымшыларына 138 миллиард теңге төледі.

2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ 297 253 адамға төлем төледі.

Тұтастай алғанда жалпы сомасы 138,5 миллиард теңгеге 1,6 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасалды.

Оның ішінде:

  • зейнет жасына толуына байланысты төлемдер – 46,1 миллиард теңге;
  • сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 36,1 миллиард теңге;
  • тұрақты тұрғылықты жерге кетуге байланысты төлемдер– 27,6 миллиард теңге;
  • мұрагерлік бойынша төлемдер – 24,5 миллиард теңге;
  • жерлеуге берілетін төлемдер – 3,01 миллиард теңге;
  • мүгедектік бойынша төлемдер – 1,1 миллиард теңге.

БЖЗҚ ақпаратынша, ай сайынғы орташа төлем (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 739 теңгені құраса, ай сайынғы ең жоғары төлем сомасы 506 980 теңге болды.

Тағы оқыңыз: Зейнетақы жинағын қалай көбейтуге болады?

Еске салсақ, келесі жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсай алады. Негізгі шарт – шоттағы ақша жеткіліктілік шегінен асуы керек.

Жеткіліктілік шегі 20 жастан бастап әр жас үшін бөлек есептелген. Зейнетақы жинағын баспана немесе жер телімін сатып алуға, ипотеканы өтеуге, емделуге және қаржы компанияларының басқаруына беру үшін пайдалануға болады.

Айта кететін жәйт, зейнетақы жинағының бір бөлігін алған азаматтар соманың 10%-ін салық түрінде төлеуге міндетті.

172
Кілт сөздер:
БЖЗҚ, зейнетақы
Тақырып бойынша
БЖЗҚ 24 миллиард теңгеге жуық қарызын қайтарып алды
БЖЗҚ зейнетақы жинағының 10%-ін пайдалану ұсынысына қатысты мәлімдеме жасады