Александр Лукашенко

Беларусь президенті Ресеймен ортақ валюта енгізуді қолдады

745
Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путиннің тарапынан Беларусті "жұтқысы" келетін көңіл-күйді ешқашан байқамағанын мәлімдеді

АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресеймен ортақ валюта енгізуге қарсы емес. Бұл туралы ол Минскте журналистермен және қоғам белсенділерімен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Беларусь.  

"Бүгінде бізге валюта ұсынып жатыр. Біз қолдаймыз! Әрине, ол рубль болады", - деп мәлімдеді Лукашенко.

Дегенмен мемлекет басшысы әңгіме Беларусь немесе Ресей рублі жайлы емес, ортақ валюта туралы болып отырғанын айтты. Эмиссиялық  орталық  (ақша белгілерін немесе бағалы қағаздарды айналымға шығаратын банк – Sputnik) қайда орналасатынын анықтау қажет, деп атап өтті президент.

"Минскіде ме? Жоқ, Смоленскіде. Ол қайда болатыны маңызды емес, Ресей президентінің туған жері, менің сүйікті қалам – Санкт-Петербургте болса да мейлі", - деді Лукашенко.

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұқаралық ақпарат құралдарына Беларусь пен Ресейдің ортақ валютасы жөнінде әзірге нақты шешім қабылданбағанын айтты.

Лукашенко: Ресейдің Беларусті "жұтып қою" ниеті жоқ

Беларусь басшысы Владимир Путиннің Белорусті Ресей Федерациясына қосу ниетін бірде-бір рет байқамағанын мәлімдеді.

"Мен Ресей президентінің Беларусті Ресей құрамына қосқысы келетінін ешқашан байқаған емеспін, тіпті ондай көңіл-күй де болмады. Оны сезуші едім ғой. Шынын айтсам: іргелі елдің Беларусті жұтып қоятын ниеті жоқ", - деді ол.

Егер бүгін Ресей мен Беларусті біріктіру туралы референдум өткізілсе, 98 процент беларусь қарсы дауыс береді, деп түйіндеді Лукашенко.

745
Кілт сөздер:
Ресей, ортақ валюта, Александр Лукашенко, Беларусь
Тақырып бойынша
Назарбаев криптовалюта үшін ортақ ереже әзірлеуді ұсынды
Министр ЕАЭО-да ортақ валюта енгізуге қарсы шықты
Назарбаев ЕАЭО жұмысындағы үш басымдықты айқындады
Фотодерек: Назарбаев ЕАЭО елдері басшыларымен бірге жағалауда серуендеді
Ақорда ғимараты

Тоқаев Әбдірахмановты қызметінен босатты

1794
(Жаңартылды 15:16 05.12.2020)
Қазақстандық дипломат бұл қызметті екі жылға жуық уақыт атқарды. Екі елде Қазақстан елшісі болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Швеция корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Дания корольдігіндегі елші қызметін қоса атқарудан босатылды, деп хабарлады Ақорда.

Министр иностранных дел Кайрат Абдрахманов
© Sputnik / Болат Шайхинов
Қайрат Әбдірахманов

Ол бұл қызметке 2019 жылдың наурыз айында тағайындалған болатын. Әбдірахманов Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, БҰҰ, Австрия, Израиль, Ұлыбританияда Қазақстан мүддесін білдірді. 2016-2018 жылдар аралығында Қазақстан сыртқы істер министрі лауазымында болды.

Жуырда Қайрат Әбдірахманов Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аз ұлттар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары болып тағайындалғаны хабарланған болатын.

"ТМД, Орталық Азия елдері бұған дейін ұйым жетекшілігінде болған емес. Қазақстан ОБСЕ аз ұлттар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары қызметіне қазақстандық дипломат Қайрат Әбдірахманов кандидатурасын ұсынды", - деген еді Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

1794
Кілт сөздер:
қызметтен кету, Қайрат Әбдірахманов, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Отставкаға дейін Тоқаев пен Назарбаев не туралы сөйлескені белгілі болды
"Кінәлілер жауапқа тартылады": Тоқаев Алматыдағы оқиғаға қатысты тапсырма берді
Тоқаев ата-аналарды шыдамдылық танытуға шақырды
Тоқаев үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды
Мемлекеттік қызметшілердің бойында уайымдау сезімі болуы керек – Тоқаев
Встреча президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с Дмитрием Козаком

Путиннің тапсырмасы: Козак Қазақстанға не үшін келді?

66
(Жаңартылды 16:03 04.12.2020)
Владимир Путиннің тапсырмасымен РФ президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Козак Қазақстан мен Өзбекстанға барды. Жоғары лауазымды шенеунік екі елдің басшылығымен кездесті. Оны президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеёв те қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстанда өткен келіссөздердің негізгі тақырыбы – Мәскеудің Нұр-Сұлтан мен Ташкентпен арадағы қарым-қатынасты күшейту. Сондай-ақ, екіжақты және көпжақты форматта сан алуан саммитерге дайындық мәселелері талқыланды. Мәселен, 11 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық кеңестің онлайн отырысы өтеді.

Нұр-Сұлтандағы кездесу

Қазақстан астанасында Дмитрий Козакты президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған болатын. Кездесу кезінде Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестіктің өзекті мәселелері талқыланды. Ақорданың мәліметіне сәйкес, тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселесіне баса назар аударды. Сондай-ақ, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы қарсаңында еуразиялық интеграция жайы сөз болды.   

Встреча президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с Дмитрием Козаком
© Официальный сайт Президента РК / AMAN
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дмитрий Козакпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясымен күн тәртібінде тұрған барлық мәселе бойынша одақтас байланыстарын дамыту маңызды екенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, екі жақ президент әкімшіліктерінің арасында қарым-қатынасты дамытуға келісті. Дмитрий Козак Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов пен премьер-министр Асқар Маминмен де кездесті.

"Келіссөздер барысында тараптар Ресей-Қазақстан одақтастық қатынастарының қазіргі жағдайы, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары және ҰҚШҰ, ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ шеңберіндегі интеграциялық байланыстарды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты", - деп хабарлады Қазақстандағы Ресей елшілігінің баспасөз қызметі.

Ташкенттегі жүздесу

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, "Шавкат Мирзиёев соңғы жылдары жоғары деңгейдегі жемісті диалог Өзбекстан мен Ресейдің арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты, стратегиялық әріптестік мен одақтастық байланыстарды күшейтуді қамтамасыз еткенін үлкен ризашылықпен атап өткен".

Встреча Дмитрия Козака и президента Узбекистана Шавката Мирзиёева
Дмитрий Козак пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің кездесуі

Дмитрий Козак өз кезегінде Өзбекстан басшысына жылы қарсы алғаны үшін алғыс білдіріп, Ресей президенті Владимир Путиннің ізгі тілегін жеткізді. Кездесуде екеуі жоғары деңгейде өтетін шаралардың күн тәртібін барынша мазмұнды ету жайын талқылады. Атап айтқанда, алдағы уақытта ТМД басшыларының саммиті өтеді. Оны кейінге шегерген болатын. Бұдан бөлек, тараптар халықаралық саясаттың кейбір мәселелерін де талқылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас

1992 жылы 22 қазанда екі елдің арасында дипломатиялық байланыстар орнатылған болатын. Сол жылы "Достық, ынтымақтастық пен өзара көмек", "Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім" сияқты негізгі құжаттар рәсімделді. Одан кейін "XXI ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы келісімшарт", "Еуразиялық экономикалық одақ" сынды базалық шарттарға қол қойылды.

2020 жылы қазан айында Қазақстанға Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу іссапармен келіп кетті. Екі елдің министрлері әскери ынтымақтастық туралы жаңа шартты рәсімдеді. Шойгу қазақстандық әріптестерімен арадағы байланыстарға жоғары баға беріп, екі елдің шекарасы толығымен демилитаризацияланғанын жеткізді.

Тығыз қарым-қатынастың тағы бір көрінісі – денсаулық сақтау саласы. Биыл 22 желтоқсаннан бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы "Спутник V" атты ресейлік вакцина өндіріске шығарылады. 

Бұдан бөлек, Ресей Қазақстанның ірі әрі маңызды сауда әріптесті болып саналады. Отандық өнім өндірушілер көрші елдің нарығына ғана емес, ол арқылы Еуропаға да шыға алады. Отын-энергетика саласы да тыс қалмады. Биыл Қазақстан билігі шығыс өңірлерін Ресейден келетін құбыр арқылы газдандыруға мүдделі екенін мәлімдеген.

66
КамАЗ аударылды

Шымкентте КамАЗ 11 автокөлікті соқты видео

88
Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті, алайда алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емге жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте Тәуке хан даңғылында ірі жол апаты болды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, арматура тиелген жүк көлігінің тежегіші істен шыққан.

Жол-көлік оқиғасы 4 желтоқсан күні кешке болды. Арматура тиелген жүк көлігі 11 автокөлікті соқты. Оған тежегіштің істен шығуы себеп болған.

Апат салдарынан төрт адам зардап шекті, арасында жүк көлігінің жүргізушісі де бар. Дәрігерлер олардың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты, ауруханаға жатқызылған жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адамның көз жұмғаны хабарланды. Бетон тиелген көлік жеңіл машина мен бензовозға құлаған.

Жол апаты салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза болды. Олардың денесін құтқарушылар алып шықты.

88
Кілт сөздер:
КамАЗ, жол апаты, Шымкент
Тақырып бойынша
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтанда жаппай жол апаты болып, бір адам жарақат алды – видео
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды – видео