Назарбаевқа Халық қаһарманы атағы мен Алтын жұлдыз ерекше белгісі берілді

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Халық қаһарманы атанды

1477
(Жаңартылды 14:11 20.03.2019)
Сонымен қатар, Тоқаев Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа "Халық қаһарманы" атағын беріп, "Алтын Жұлдыз" белгісін табыстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазақстан президенті ретіндегі шешіміммен тұңғыш президент – Елбасыға "Алтын Жұлдыз" ерекше айрықшылық белгісін тапсырып, ел дамуына сіңірген еңбегі үшін "Халық қаһарманы" атағын беремін", - деді Тоқаев.
Осыдан кейін ол Назарбаевтың кеудесіне "Алтын Жұлдызды" тақты.
Сонымен қатар, Тоқаев Астананы Нұрсұлтан деп атауды және тұңғыш президентке ескерткіш салуды ұсынды.

1477
Кілт сөздер:
Назарбаев, орден, атақ
Тақырып бойынша
АҚШ-тағы қазақ саясаттанушы: Ол кісінің кететіні баяғыда мәлім болды
Назарбаев Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Головкин Назарбаевтың президенттіктен кетуіне қатысты пікір білдірді
"Көзіме жас келді": Әбдіқалықова Назарбаевтың кетуін қалай қабылдағанын айтты
Тоқаев Қазақстан президенті ретінде алғашқы сөзін сөйледі
Назарбаев Түркия парламентінің спикерімен кездесті

Назарбаев Түркия парламентінің спикерімен кездесті

38
Мұстафа Шентоп Қазақстанға Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының мерейтойлық пленарлық отырысына қатысу үшін келді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының спикері Мұстафа Шентоппен кездесті, деп хабарлады Elbasy.kz.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш президенті Шентопқа Түркістан қаласында өтетін Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының мерейтойлық пленарлық отырысында жемісті келіссөздер жүргізуіне тілектестігін білдірді.

Елбасы отыз жыл ішіндегі Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастардың даму қарқынын атап өтіп, Шентоптан Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанға ізгі тілегін жеткізуді сұрады.

"Мен тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолында жұмыс атқарып келемін. Бүгінде біздің қарым-қатынасымыз қарқынды дамып жатыр. Президент Ердоған екеуміз үнемі байланыстамыз", – деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Ал Шентоп Елбасыға қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанның жылы лебізін жеткізді.

Оқи отырыңыз:

38
Тоқаев пен Путин қатысатын форум қашан өтеді

Тоқаев пен Путин қатысатын форум қашан өтеді

24
Бастапқыда форум 2020 жылдың қарашасында Көкшетауда өтуі керек еді, бірақ содан кейін  эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты басқа уақытқа ауыстырылды

АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин қатысатын өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы 2021 жылдың 28 және 30 қыркүйегінде онлайн форматта өтеді. "Экология және жасыл өсім саласындағы ынтымақтастық" тақырыбы талқыланады. Жиынға мемлекет басшылары қатысады", - деп хабарлады форумның ресми сайты.

Іс-шарада Жайық, Ертіс трансшекаралық су қоймаларының және басқа да ірі өзендер экожүйесін сақтау, биоалуантүрлілік, Каспий итбалығының популяциясы және климат өзгеруі мәселелері талқыланады.

Бұған дейін Кремльдің баспасөз қызметі Владимир Путиннің өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысатынын хабарлады.

Бастапқыда форум 2020 жылдың қарашасында Көкшетауда өтуі керек еді, бірақ содан кейін  эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты басқа уақытқа ауыстырылды.

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы 2003 жылы Омбыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуінен басталды. Екі елде кезекпен өтіп тұрады.

Бүгінде форум шекаралық формат шеңберінен шығып, екі елдің өзара іс-қимылының толыққанды тетігіне айналды.

2003 жылдан бастап форум Челябинск, Орал, Новосібір, Ақтөбе, Орынбор, Өскемен, Астрахань, Павлодар, Екатеринбург, Атырау, Сочи, Астана (қазір Нұр-Сұлтан), Петропавл, Омбы қалаларында өтті.

Бұған дейін өңіраралық форум 30 қыркүйекте Көкшетауда өтетіні хабарланды.

Оқи отырыңыз: 

Путин Тоқаевтың қандай адам екенін айтты

Тоқаевтың Қытай төрағасымен не туралы сөйлескені белгілі болды

Желіде Тоқаевтың бейресми кездесуінің суреті жарияланды

24
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин
Тақырып бойынша
"Мен енді еркін адаммын": Назарбаев Путинге не айтты – видео
Тоқаев Путинге көңіл айтты
Ақорда "Тоқаевты телефон арқылы аңдып жүр" деген ақпаратқа ресми түсініктеме берді
Біртановтың адвокаты Тоқаевты куәгер ретінде шақыруды сұрады - сот не шешті
Ақордада өткен кездесуде қырғыз президенті Тоқаевты таңғалдырды  
Жайық өзені, архивтегі фото

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерде зерттеу жүргізіп жатыр

0
Бұл жұмыс гидрологиялық режимді және трансшекаралық өзендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресейде өзен су тасқыны параметрлерін және ағынның өзгеру тенденциясын анықтау үшін трансшекаралық өзендер бойынша гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтерді жинау басталды.

Экология министрлігінің трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаевтың айтуынша, 2020 жылдың қазанында бекітілген ірі өзендердің бассейндерінде зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту жол картасы аясында су объектілері зерттеліп жатыр.

"Экология және жасыл даму саласындағы ынтымақтастық" деген тақырыпта өткен Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы аясындағы "Трансшекаралық су объектілері" панельдік сессиясында Жақанбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың 29 жылдық тәжірибесі   мемлекетаралық су бөлу мен су қоры ресурстарының күрделі мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік бергенін айтты.  

Оның пікірінше, Жайық өзені суының азаю мәселесін бірлесіп шешу жемісті ынтымақтастықтың дәлелі болмақ. Соңғы жылдары Жайық трансшекаралық өзені ағынының азаюы мен су ресурстары және экожүйелер жай-күйінің нашарлау тенденциясы алаңдаушылық туғызып отыр, деп толықтырды спикер.

"Ірі өзендердің бассейндеріндегі бірлескен зерттеулер нәтижесінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық режимі мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілетініне сенімдімін", - деп атап өтті спикер.

Қазақстан Ресей Федерациясымен алты негізгі трансшекаралық бассейн бойынша ынтымақтасады: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Қараөзен мен Сарыөзен, Қиғаш, деп нақтылады Жақанбаев.

Тараптар 2000-2015 жылдар аралығында бұрынғы Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аумағындағы сынаппен ластану ошағындағы жер асты және жер үсті суларына бірлескен мониторинг жүргізді. Орындалған жұмыстардың нәтижесінде "топырақтағы қабырға" әдісімен жылыстауға қарсы перденің құрылысы аяқталды, ластану ошағынан Ертіс өзенінің шетіне дейін 30 бақылау ұңғымасы бұрғыланды.

Аймақаралық ынтымақтастық форумы 28-30 қыркүйекте онлайн режимінде өтеді.  

0