Саясат

Дариға Назарбаева сенат спикері болды

© Sputnik / Владислав ВодневДариға Назарбаева
Дариға Назарбаева  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутаттардың бірауыздан шешімімен Дариға Назарбаева сенат спикері болып сайланды

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Дариға Назарбаева сенат төрайымы болып сайланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дариға Назарбаева депутаттар арасында жасырын дауыс беру жолымен сенат спикері болып сайланды. Дауыс беруге қатысқан 44 депутаттың барлығы Назарбаеваның кандидатурасын бірауыздан қолдады.

"Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Парламент сенатының төрайымы болып сайланды. Құттықтаймыз", - деді сенат спикерінің орынбасары Бектас Бекназаров.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды
Дариға Назарбаева бұған дейін сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқарған еді.

Ал сенаттың бұрынғы төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ел халқына ант беріп, Қазақстан президенті болды.

Дариға Назарбаева – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. Ол 1963 жылдың 7 мамырында Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. Тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, неміс тілдерін біледі.

2012 жылдың қаңтар айында депутат қызметіне келді. 2014 жылдың сәуір айынан бастап мәжілістің вице-спикері қызметін атқарды. Ал 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылдың қыркүйегінде сенат депутаты болып сайланған.

Жаңалықтар
0