Саясат

Тоқаев Ақордада алғаш рет кадрлық ауыс-түйіс жасады

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР президенті кеңсесінің бастығы мен ҚР президентінің іс басқарушысы жаңадан тағайындалды

АСТАНА, 21 наурыз — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР президенті кеңсесінің бастығы мен ҚР президентінің іс басқарушысы ауысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Еуроодақ туы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Еуроодақ Назарбаевтың отставкасына пікір білдірді
Қазақстан Республикасы президенті кеңсесінің бастығы болып Нұрлан Онжанов, ал ҚР президенттің іс басқарушысы болып Ерлан Баттақов тағайындалды.

"Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов ҚР президенті кеңсесінің бастығы болып тағайындалсын, ол ҚР Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын.

Ерлан Еркінұлы Баттақов ҚР президентінің іс басқарушысы болып тағайындалсын, ол ҚР президентінің іс басқарушысы міндеттерін уақытша атқарудан босатылсын", - делінген қос жарлықта.

Айта кетсек, 2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатып, алты жыл сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекет басшысы болды. Ол 20 наурызда салтанатты түрде Қазақстан халқына ант берді. 

Жаңалықтар
0