НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Қытай Халық Республикасының елшісін қабылдады.
Сенат спикері Қытаймен жан-жақты стратегиялық серіктестік орнатудың маңызы жоғары екенін атап өтті.
"Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің жоғары деңгейдегі достық, тату көршілік және өзара түсіністік негізіндегі келісімдерін жүзеге асыруға ниетті. Стратегиялық жан-жақты серіктестік негізіндегі қарым-қатынасты нығайту бағытын ұстанамыз", - деді Дариға Назарбаева.
Чжан Сяо ҚХР Халық өкілдері бүкілқытайлық жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшудың Дариға Назарбаеваға сенат төрағасы қызметіне сайлануымен құттықтауын жеткізді және әрі қарай табысты жұмыс істеуіне тілектестігін білдірді.
"Біз сіздің парламентаралық байланыстарды дамытуға және Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасын қолдауға қосқан жеке үлесіңізді жоғары бағалаймыз", - деді ол.
Сенат басшысы екі ел арасындағы жастар ынтымақтастығын белсенді дамыту, атап айтқанда, студенттердің алмасып оқуын және білім гранттарын беруді жолға қою қажеттігін атап өтті.
Түркиядағы қазақтар Назарбаевқа хат жолдады
Дариға Назарбаева Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданындағы қазақтар тақырыбын қозғай келіп, ҚХР-дағы этникалық қазақтар Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынаста "достық көпірі" екенін атап өтті. Тараптар осы салада туындайтын мәселелерді өзара ақылдасып, сындарлы түрде шешуге уағдаласты. Кездесу барысында сенат төрағасы Қазақстан азаматтары үшін туристік және жеке виза беруді жаңғырту мәселесін көтерді.
Өзбекстанда құжатындағы "қазақты" өзгертпеген генерал Құдайбергенов кім?
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда тіркелмеген "El Tiregi" партиясын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Нұржан Әлтаев халықтық көлеңкелі үкіметтің құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Тіркелмеген "El Tiregi" партиясы елімізде алғаш рет халықтың көлеңкелі үкіметін құру қажеттігін мәлімдейді. Бұл жерде "көлеңкелі үкімет" деген сөзден қорқудың қажеті жоқ. Себебі ол – дамыған мемлекеттерде, әсіресе, Батыс Еуропа елдерінде және АҚШ-та, жалпыға ортақ тәжірибе. Англия, Канада мен Германияда бұрыннан бар", – дейді Әлтаев.
Оның айтуынша, шетелде көлеңкелі үкіметтің қызметін мемлекеттің өзі ынталандырып отырады. Ал халық ондай жұмысты қолдайды.
"Мәселен, Англияда жеңіске жеткен партия әдеттегідей өз үкіметін жасақтайды. Ал оппозициялық партия көлеңкелі үкіметті жасайды. Бірақ оны мемлекеттің өзі, тіпті, жеңіске жеткен партия да қолдап отырады. Англияда көлеңкелі үкіметті бюджеттің есебінен қаржыландырады. Мүшелеріне жалақы төленеді. Сондай-ақ көлеңкелі үкіметтің өкілдері сайланған үкіметтің барлық отырысына қатысады. Ал белгілі бір министр бағдарлама немесе қандай да бір бастама көтерсе, көлеңкелі үкімет өз пікірін айтады, оппонент ретінде сөз сөйлейді. Бұдан ұтатын халық. Себебі кез келген мәселенің екі жағын көре алады", – деп атап көрсетті Әлтаев.
Оқи отырыңыз: Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі өзгерді
Экс-депутат осы тәжірибені Қазақстанда енгізуді ұсынып отыр. Көлеңкелі министрлер кабинеті биліктің жұмысын сынға алып, тиімді шешімдерді қабылдауға көмектеседі.
"Сондықтан бізге көлеңкелі үкіметті жасақтау қажет деп санаймыз. Ол жерде әрбір министр биліктегі министрдің жұмысын бақылайды, терең талдау жасайды, баға береді, белгілі бір мәселені шешудің баламалы жолдарын ұсынады", – дейді Әлтаев.
Өткен жылдың соңында сол кездегі Nur Otan-ның мүшесі Нұржан Әлтаев "El Tiregi" өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағы негізінде жаңа саяси партияның құрылатынын мәлімдеді. Үш күннен кейін ол депутаттық мандаттан айырылды. Артынан билік партиясының қатарынан да шығарылды. Ал Әлтаевтың өзі "байлаулы қолымды шешті" деп айтты.
Сол кезде депутат біздің билікке сын қажет деді. Ондайда мәселелерді мойындау керек және бәрін бірге шешу керек. Ол үшін шындық айтылуы тиіс деп санайтынын жеткізді.
"Nur Otan партиясы, өкінішке қарай, бүгінгі күні бұл шындық пен сынға әлі дайын емес. Сондықтан адамдардың проблемаларын айтқан депутатты шығарып тастау туралы шешім қабылданған шығар", – деді ол.
Айта кетейік, Әлтаев депутаттардың жалақысы негізсіз төленетінін де ашық мәлімдеген.
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. "Отбасы банк" (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi, ТҚЖБ) уәкілетті оператор ретінде 23 қаңтардан бастап зейнетақы төлемін пайдалануға өтініш тапсыратын арнайы онлайн платформаны іске қосады, деп хабарлады банк.
"Отбасы банк" – біржолғы зейнетақы төлемін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделу ақысын төлеуге қолдану бойынша уәкілетті орган.
"Біржолғы зейнетақы төлемін тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында қолдануды көздеп отырған БЖЗҚ салымшылары 13 қаңтардан бастап "Отбасы банкінде" онлайн режимде 57 000-нан астам арнайы шот ашты", деді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Біржолғы зейнетақы төлемдері тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін мынадай мақсаттарға пайдаланылады:
Біржолғы зейнетақы төлемі белгіленген талаптарға сәйкес шектеусіз пайдаланылады.
Өтініш беруші адам жұбайының және (немесе) жақын туыстарының біржолғы зейнетақы төлемін пайдалануы үшін тараптар жеке кабинетте біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады.
Алушының меншігінде тұрғын үйдің болуы біржолғы зейнетақы төлемдерін алудан және пайдаланудан бас тартуға негіз болмайды.
Оқи отырыңыз: Halyk Bank зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың шарттарын атады
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асырылады.
Біржолғы зейнетақы төлемі алушының жұбайынан, жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға берілмейді.
Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалана отырып меншікке ресімделген жылжымайтын мүлікті бес жыл ішінде сатуға болмайды. Егер мүлік сатылатын болса, біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын қайтаруға тура келеді. Норма 5 жылдан астам өтеу мерзімі қалған және олар бойынша өтелмеген берешегі бар ипотекалық тұрғын үй қарыздарына ғана қолданылады. Яғни, егер ипотека бұрын төленсе, мораторий алынып тасталады.
Ереженің толық мәтінін мына жерде оқуға болады.
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматыда инфекциялық аурухана салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру туралы іске түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қылмыстық іс ішкі мемлекеттік аудит актісі бойынша тіркелді. Тергеу барысында келтірілген нақты шығынды анықтау үшін актілер тексеріс жүргізу үшін тіркеледі. Ақшаның ұрланып-ұрланбағанын және сомасын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалады. Көп жағдайда бұрын айтылған шығын сомасы расталмай жатады, тіпті, істер тоқтатылған кездер де болған", - деп түсіндірді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров брифингте.
Айтуынша, қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр.
"Ақша шынымен жымқырылды ма, жоқ әлде бұл қандай да бір заңбұзушылық па, мұның бәрі тергеу барысында анықталады", - деп нақтылады ол.
Жемқорлыққа қарсы агенттік тергеу барысы туралы қосымша ақпарат береді.
"БАҚ-та резонанс туғызбауды өтінеміз. Бұл акті бойынша әдеттегі тіркеу, бізде ондай көп. Тергеу барысы туралы қосымша хабарлаймыз", - деді Биғайдаров.
18 қаңтарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, бұл іске "Bi-Industrial" ЖШС директорының да қатысы бар екені айтылды.
БАҚ хабарлағандай, олар COVID-19 науқастарына арналған модульдік аурухананы салу кезінде 3,9 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді.
Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.
Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұған дейін БАҚ-та Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Алайда қала әкімдігі мұны жоққа шығарды.
Алматы әкімінің баспасөз қызметі Сапар Нұрашевтың өз жұмыс орнында екенін растайтын видео түсірді.