Саясат

Қазақстанда қанша сайлаушы бар – ОСК жауап берді

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуСайлау
Сайлау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әр кандидатты қолдау үшін 118 мың 140 сайлаушының қолы жиналуы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Қазақстанның сайлаушылар тізіміне 11 миллионнан астам азамат енген. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының ғимараты - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақ тілін білуі тиіс: ОСК президенттікке кандидатқа қойылатын талаптарды атады

2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Қазақстанда 11 миллион 814 019 азамат сайлаушылар тізіміне енген.

Әр кандидатты қолдау үшін 118 мың 140 сайлаушының қолы жиналуы тиіс. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күн ішінде жүзеге асады. Қол жинауды кандидаттардың сенім білдірген адамдары ұйымдастырады.

Айта кетсек, кандидаттарды тіркеу осы жылдың 11 мамыры сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі.

Тағы оқыңыз: Назарбаев сайлаудың не үшін керек екенін айтты

Сайлау алдындағы үгіт тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін басталып, дауыс берудің алдындағы күнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

Жаңалықтар
0