Портфель

Қазақстан партиялары өз кандидатының аты-жөнін қашан жариялайды?

520
Саяси партиялар президент сайлауына кандидат ұсынуға дайындалып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір — Sputnik. "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясының съезі 25 сәуірде өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Ауыл" партиясы съезінің күнін соңғы болып белгіледі.

Болжам бойынша, саяси ұйымның мүшелері президент сайлауына қатысу туралы шешім қабылдайды.

"Ауыл" партиясының басшысы, сенатор Әли Бектаевтың айтуынша, партия мүшелері кезектен тыс сайлаудан тыс қалмауы тиіс. Оның пікірінше, дауыс беру "Қазақстанның демократиялық имиджін сақтауға" мүмкіндік береді.

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы 2015 жылы 5 қыркүйекте құрылды. Қазір оның құрамында 300 мыңдай адам бар.

Қазақстанның саяси партиялары президенттікке ұсынылатын кандидаттардың аты-жөнін жариялауы тиіс париялық съезд күнін белгілеп жатыр.

Nur Otan партиясы өз кандидатының аты-жөнін 2019 жылдың 23 сәуірінде хабарлайды. 1999 жылы құрылған партияның көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаев. Партия мүшелерінің саны – 900 мың адам.

24 сәуірде "конструктивті оппозиция" позициясын ұстанатын "Ақ жол" партиясы съезін өткізеді. "Ақ жол" партиясының құрамында 250 мыңнан астам адам бар.

"Ауыл" партиясының съезі 25 сәуірде болады, ал келесі күні 26 сәуірде құрамында жүз мыңнан астам адам бар Қазақстанның коммунистік халық партиясының делегаттары съезде бас қосады.

Кандидаттар ұсыну 2019 жылдың 28 сәуірінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18.00-де аяқталады. Бұл уақытқа дейін үміткерлер сайлау алды науқанның қатысушылары атану үшін 118 140 сайлаушының қолын қойғызуы тиіс.

520
Кілт сөздер:
үміткерлер, партия, президент сайлауы
Тақырып бойынша
"Құжаттарын қараймыз" ОСК Тасмағамбетовтің сайлауға түсуіне қатысты жауап берді
Президент сайлауына кім түсе алмайды – ОСК жауабы
Президент сайлауы: министрлік ОСК сұраған ақша мөлшерін азайтты
"Ешқандай жауап жоқ" Орталық сайлау комиссиясы бір партияны "жоғалтып алды"
Заңгер: Тоқаевтың БҰҰ-дағы қызметі сайлауға түсуге кедергі болмайды
Назарбаев, Тоқаев пен елорда әкімі қайда дауыс береді
Қазақстан туы

Елбасы көрші елдер жайлы: тағдырымыз солай

573
Назарбаев Қазақстанның шекарасын шегендеп, оны басқару тетіктерін қалыптастыру, елдің рухы мен әл-ауқатын арттыру, егемендікті баянды ету оңайға соқпағанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан көрші елдермен тату болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Тәуелсіздіктің тәтті дәмін сезінген халқымыздың ендігі не істесе де жолдасы –  сабыр мен ақыл ғана болуы керек. Көршілерімізбен тату болуымыз керек. Тағдырымыз солай, картаға қараңдар, қандай жерде отырмыз. Сондықтан менің жүргізген саясатым осы, аманатым да осы", - Елбасы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезінде. 

Назарбаев Қазақстанның шекарасын шегендеп, оны басқару тетіктерін қалыптастыру, елдің рухы мен әл-ауқатын арттыру, егемендікті баянды ету оңайға соқпағанын айтты. 

"Бүгінде елдің басын қосып, ұйытып отырмыз. Қазір айтсаң, ертегі сияқты көрінеді", - деді ол. 

Тұңғыш президент өткен ғасырда қазақ халқы бастан кешірген қасіреттерді еске алды. 

"Өткен ғасырда біздің халқымыз тоғыз түрлі алапат қасіретті бастан кешірген екен. Екі дүниежүзілік соғыс, екі зұлмат ашаршылық, ұлт-азаттық қозғалыстар, қуғын-сүргін жылдары. Ойлап қараңдаршы. Сол ашаршылықтан, тағы басқадан 4 миллионнан астам біздің қазақстандық, қазақтар қыршын болды. 1,5 миллионы елінен қашып, шетке кетті. Ұлтымыз үшін бұл қандай ауыр қасірет?! Қай халық осындай қасіретті бастан кешірген екен?! Соған қарамастан ата-бабамыздың қалдырған жерінде отыр. Өзінің мемлекетін құрып отыр", - деді Назарбаев.

Елбасы бүгінде Қазақстанды бүкіл әлем танитынын атап өтті.

Еске салсақ, 25 қарашада Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті. Жиын барысында партия атынан алдағы мәжіліс сайлауына қатысатын үміткерлер тізімі бекітілді.

Жалпы Nur Otan-ның партиялық тізімі 126 кандидаттан тұрады. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы, ал 49 адам орталық партиялық квота бойынша бекітілді.

Мәжіліс депутаттығына үміткер болатын белгілі азаматтар арасында Дариға Назарбаева, Нұрлан Нығматулин, Асқар Мамин, Бекболат Тілеухан, Ахметжан Есімов, Тамара Дүйсенова, Айдос Сарым және тағы басқалары бар. 

Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.

573
Кілт сөздер:
Назарбаев
Тақырып бойынша
"Менің Назарбаевым адамды ешқашан қорламайды": Сара Алпысқызының сұхбаты - видео
Назарбаев "елде демократия жоқ" дейтіндерге жауап берді
Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы ретіндегі миссиясын атады
Сара Назарбаева қазақстандықтарға үндеу жасады
Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына кандидат болды
Аида Балаева

Билік пен қоғам арасындағы диалог: азаматтық форум онлайн режимде өтіп жатыр

34
(Жаңартылды 11:59 23.11.2020)
Азаматтық форумды ашқан Аида Балаеваның айтуынша, ұзақ мерзімді мүдделер уақытша қиындықтардан басым болады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен және Қазақстанның азаматтық альянсы ұйымының ұйымдастыруымен IX Азаматтық форум онлайн режимде басталды. Биылғы форум "Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы" тақырыбы аясында өтуде.

"Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жол ашқан және жаһандық пандемия жағдайындағы қазіргідей шектеулерге қарамастан мемлекет басшысы табысты алға жылжытқан азаматтық бастамалардың қолжетімді болуы және оның күн тәртібіне шығарылуы зор маңызға ие. Бұл дегеніміз, ұзақ мерзімді мүдделермен ұштасатын біздің кез-келген саладағы өзара іс-қимылымыз уақытша қиындықтардан басым түсетіндігін білдіреді", – деді ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева.

Министр билік өкілдері мен сарапшылар қауымдастығы, іскер топтар мен азаматтық қоғам белсенділері арасындағы диалог одан әрі тең құқылы ынтымақтастықты дамытуға, сенім мен өркендеуді арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

"Жаһандық өзгерістер дәуірінде орнықты әлеуметтік дамуда жаңа міндеттер мен өзекті мәселелердің шешімін бірлесе іздеу, кезек күттірмейтін шауралардың бірі болып табылады. Бұл ретте, әрине бәрімізге бастамашылдық пен шығармашылық шеберлік, табандылық пен табысқа деген сенімділік қажет", – деп қосты Балаева.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік арнадағы түрік сериалдары қысқарады - ақпарат министрі

Айта кетейік, Азаматтық форум аясында қоғамдық кеңестердің тәжірибелік тиімділігін арттыру мен азаматтық қоғамды дамытудың мәселелері мен басымдықтары талқыланады. Шара барысында ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров пен бірінші қаржы министрі Берік Шолпанқұлов және денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған. Бағдарламаның толық нұсқасымен мына сілтемеге өту арқылы танысуға болады.

34
Кілт сөздер:
форум, қоғам
Тақырып бойынша
Балаева әр балаға 21 мың теңге қалай төленетінін түсіндірді
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады? Балаева түсіндірді
Аида Балаева анонимді Telegram-арналарды бұғаттауға қатысты пікір білдірді 
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Индустрия министрі 5 жылда Қазақстанда қанша тұрғын үй салынатынын айтты

4
(Жаңартылды 16:13 26.11.2020)
Бейбіт Атамқұлов пандемияға қарамастан жыл басынан бері өнеркәсіп саласы 3,2 пайызға өскенін атап өтті. Айтуынша, 2025 жылға дейін барлығы 103 миллион шаршы метр баспана салынады

АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Министр 2020 жылдың 10 айында жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалардың қорытындысы мен министрліктің басым бағыттары жайында есеп берді. Сондай-ақ, 2020-2025 жылдарға арналған индустриаландыру бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Кездесу барысында Бейбіт Атамқұлов пандемияға қарамастан жыл басынан бері өнеркәсіп саласы 3,2 пайызға өскенін айтты. Сонымен қатар жыл соңына дейін инвестиция көлемі 995 миллиард теңгені құрайтын 200 жоба іске асады.

"Министр жыл басынан бері "Нұрлы жол" бағдарламасының шеңберінде жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырым автомобиль жолы пайдалануға берілгенін атап өтті. Еларалық жүк тасымалы да өскен. Атап айтқанда, Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы тасымал 61,6 пайызға артқан", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 14,1 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін аталған көрсеткішті 15 миллион шаршы метрге жеткізу көзделіп отыр. Ал 2025 жылға дейін барлығы 103 миллион шаршы метр баспана салынады.

Оқи отырыңыз: "Әйелдер ипотекасына" қатысты тың ақпарат шықты 

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбіт Атамқұловқа жергілікті жерлердегі жолдарды жөндеу, арендалық баспана құрылысын арттыру, сондай-ақ, ведомствоның негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

4
Кілт сөздер:
баспана, тұрғындар
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда тұрғын үй орталығы ашылды: қандай қызметтер көрсетіледі
"5-10-20" бағдарламасының төртінші кезеңі басталды: өтінішті кімдер тапсыра алады
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотека беру жүйесіне өзгеріс енгізеді
Үкімет басшысы астананың құрылыс алаңын аралады