Саясат

Назарбаев Қытай журналистерінің сұрағына жауап берді

© REUTERS / FLORENCE LOҚазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Бір белдеу, бір жол" халықаралық форумына қатысып жатыр
Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бір белдеу, бір жол халықаралық форумына қатысып жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы "Нұрлы жер" және "Жібек жолының Экономикалық белдеуі" бағдарламаларын ұштастыру нәтижелері туралы әңгімеледі

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының баспасөз қызметі. 

Назарбаев Қытайға не үшін барғаны белгілі болды 

Қазақстанның Тұңғыш президенті Қытай Халық Республикасына сапары барысында "Синьхуа" ақпарат агенттігі, "CCTV" телеарнасы, "Жэньмин Жибао" газеті, Қытайдың орталық радиосы, "China News Service" ақпарат агенттігі, "Хуанцю шибао" басылымы сияқты Қытайдың ресми БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.   

Елбасы "Бір белдеу, бір жол" бастамасын одан әрі жүзеге асыру перспективаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, "Нұрлы жер" және "Жібек жолының Экономикалық белдеуі" бағдарламаларын ұштастыру нәтижелері туралы әңгімеледі.

Жаңалықтар
0