Саясат

"Сайлауға түспейтін болдым" Кандидаттардың бірі ойынан айнып қалды

© пресс-служба Мажилиса Парламента РКТалғат Ерғалиев
Талғат Ерғалиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Талғат Ерғалиев "Ақ жол" партиясының төрағасымен сөйлескеннен кейін президент сайлауына қатысудан бас тартты

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Қазақстан құрылысшылары одағынан президент сайлауына ұсынылған кандидат Талғат Ерғалиев өтінішін қайтарып алды, деп хабарлады "Ақ жол" партиясының баспасөз қызметі.

Ерғалиев "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашевпен кездескеннен кейін партияның кандидаты Дания Еспаеваны қолдауды ұйғарып, президент сайлауына қатысудан бас тартты.  

Естеріңізге сала кетейік, "Ақ жол" партиясы алты үміткердің арасынан Дания Еспаеваны іріктеп алған болатын. Талғат Ерғалиев дауыс беру қорытындысы бойынша 31,6% дауыс жинап, екінші орынды иеленді. Кейін Ерғалиев мемлекет басшысы сайлауына Қазақстан құрылысшылары одағынан түсуді ұйғарды.

Талғат Ерғалиев съездегі дауыс беру қорытындысына ешқандай шағымы жоқ екенін хабарлады. Ол Қазақстан құрылысшылары одағын бұрыннан басқаратындықтан, саланың проблемасын және халықтың баспанаға мұқтаждығын бүге-шігесіне дейін білетіндіктен осы ұйымнан кандидат ретінде ұсынылуын дұрыс деп есептейді. Оның пікірінше, бұл мәселелерге мемлекет деңгейінде толық назар аударылып отырған жоқ.

"Сонымен қатар, Талғат Ерғалиев партияның төрағасымен әңгімеден кейін, "Ақ жол" партиясын құрметтейтінін ескере отырып, Орталық сайлау комиссиясынан өз өтінішін қайтарып алатынын және Дания Еспаеваның сайлау алды науқанына қатысуға дайын екенін мәлімдеді", - делінген хабарламада.

Алғашқы әйел үміткер Дания Еспаева туралы не білеміз?

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1982 жылы КСРО Мемлекеттік банкі Ақтөбе облыстық басқармасы несиелеу бөлімінің экономисі болып бастаған.

Тағы оқыңыз: Бұрынғы парламент депутаты президент сайлауына түседі

Әртүрлі жылдары "Әлем банк" Ақтөбе облыстың басқармасы кредит бөлімінің бас маманы, несиелеу бөлімі басшысының орынбасары, "БТА банк" АҚ корпоративтік бизнес жөніндегі директордың орынбасары, "БТК Банк" АҚ Ақтөбе филиалының директоры, "Қазкоммерцбанк" АҚ Ақтөбе филиалының директоры қызметтерін атқарды.

2016 жылдың наурызынан бері – мәжіліс депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

Тағы оқыңыз: Сәдібек Түгел неге президент болғысы келеді?

Банк жүйесінде 1982 жылдан бері жұмыс істеген, бұл саладағы жалпы еңбек өтілі 34 жылды құрайды.

Басқа да қызметтері

2008 және 2012 жылдары Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.

"Атамекен" одағы Ақтөбе филиалы басқармасының мүшесі, Ақтөбе облысы өңірлік үйлестіруші кеңестің мүшесі болды.

Марапаттары

2011 жылы "Құрмет" орденімен, "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалімен, "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен, "Үздік қаржыгер" қоғамдық медалімен марапатталған.

Отбасылық жағдайы

Екі ұлы мен екі немересі бар.

Жаңалықтар
0