Әміржан Қосанов

Әміржан Қосанов: Тоқаевтың уәдесіне сеніп келдім

7580
Орталық сайлау комиссиясы Әміржан Қосановты президенттікке кандидат ретінде тіркеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы "Ұлт тағдыры" қозғалысының кандидаты Әміржан Қосановты президенттікке үміткер ретінде тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихданов Әміржан Қосанов 14 өңірден 131 189 қол жинағанын айтты. Алайда Орталық сайлау комиссиясы 129 582 қолды ғана есепке алған.

Тағы оқыңыз: Президенттікке үміткер үй жалдап тұратынын айтты

"Ұлт тағдыры" қозғалысының кандидатына президенттікке үміткердің куәлігі табысталды.

Куәлікті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев берді. Әміржан Қосанов болса, хаттамада жоспарланбаса да, сөз сөйледі.

"Рұқсат болса, президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның әділ сайлау өтеді деген уәдесіне сеніп келіп тұрмыз. Орталық сайлау комиссиясы әділ сайлау өткізуге бізге мүмкіндік береді деген сенімімді білдіремін", - деді кандидат.

Брифингте Қосанов журналистерге сайлау бағдарламасы дайын екенін айтты.

"Бағдарлама дайын. Оны 11 мамырдан кейін жариялаймыз. Сайлау әділ өтуі үшін барымызды саламыз, - деді ол.

Айта кетсек, "Ұлт тағдыры" қозғалысының кандидаты Әміржан Қосанов - Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркелген соңғы үміткер.

Әміржан Қосанов туралы не білеміз?

1964 жылы Қызылорда облысы Сапақ ауылында дүниеге келген. Белгілі саясаткер. Негізгі мамандығы журналист. 1994-1997 жылдары Әкежан Қажыгелдин басқарған үкіметтің баспасөз хатшысы болды. 1998 жылы Қажыгелдин басқарған Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары, 2005 жылы Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 

Кезектен тыс президент сайлауы

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.

Кандидаттарды тіркеу 11 мамырға дейін жалғасады. Әр кандидат 118 140 сенімді сайлаушының қолын жинауы тиіс.

7580
Кілт сөздер:
Әміржан Қосанов, президент сайлауы
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
Орталық сайлау комиссиясы ел тарихындағы алғашқы әйел кандидатты тіркеді
"Шорқақтығын байқатты" президенттікке үміткер қазақ тілінен сүрінді
Президент сайлауы: ОСК бесінші кандидатты тіркеді
Нұртас, Ислам және Еслямова: Тоқаевтың сайлауалды штабына тағы кімдер кірді?
Тоқаевтың сайлауалды штабы үгіт-насихатқа "подписчигі" көп жұлдыздарды тартпақ
Встреча президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с Дмитрием Козаком

Путиннің тапсырмасы: Козак Қазақстанға не үшін келді?

53
(Жаңартылды 16:03 04.12.2020)
Владимир Путиннің тапсырмасымен РФ президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Козак Қазақстан мен Өзбекстанға барды. Жоғары лауазымды шенеунік екі елдің басшылығымен кездесті. Оны президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеёв те қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстанда өткен келіссөздердің негізгі тақырыбы – Мәскеудің Нұр-Сұлтан мен Ташкентпен арадағы қарым-қатынасты күшейту. Сондай-ақ, екіжақты және көпжақты форматта сан алуан саммитерге дайындық мәселелері талқыланды. Мәселен, 11 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық кеңестің онлайн отырысы өтеді.

Нұр-Сұлтандағы кездесу

Қазақстан астанасында Дмитрий Козакты президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған болатын. Кездесу кезінде Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестіктің өзекті мәселелері талқыланды. Ақорданың мәліметіне сәйкес, тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселесіне баса назар аударды. Сондай-ақ, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы қарсаңында еуразиялық интеграция жайы сөз болды.   

Встреча президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с Дмитрием Козаком
© Официальный сайт Президента РК / AMAN
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дмитрий Козакпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясымен күн тәртібінде тұрған барлық мәселе бойынша одақтас байланыстарын дамыту маңызды екенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, екі жақ президент әкімшіліктерінің арасында қарым-қатынасты дамытуға келісті. Дмитрий Козак Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов пен премьер-министр Асқар Маминмен де кездесті.

"Келіссөздер барысында тараптар Ресей-Қазақстан одақтастық қатынастарының қазіргі жағдайы, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары және ҰҚШҰ, ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ шеңберіндегі интеграциялық байланыстарды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты", - деп хабарлады Қазақстандағы Ресей елшілігінің баспасөз қызметі.

Ташкенттегі жүздесу

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, "Шавкат Мирзиёев соңғы жылдары жоғары деңгейдегі жемісті диалог Өзбекстан мен Ресейдің арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты, стратегиялық әріптестік мен одақтастық байланыстарды күшейтуді қамтамасыз еткенін үлкен ризашылықпен атап өткен".

Встреча Дмитрия Козака и президента Узбекистана Шавката Мирзиёева
Дмитрий Козак пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің кездесуі

Дмитрий Козак өз кезегінде Өзбекстан басшысына жылы қарсы алғаны үшін алғыс білдіріп, Ресей президенті Владимир Путиннің ізгі тілегін жеткізді. Кездесуде екеуі жоғары деңгейде өтетін шаралардың күн тәртібін барынша мазмұнды ету жайын талқылады. Атап айтқанда, алдағы уақытта ТМД басшыларының саммиті өтеді. Оны кейінге шегерген болатын. Бұдан бөлек, тараптар халықаралық саясаттың кейбір мәселелерін де талқылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас

1992 жылы 22 қазанда екі елдің арасында дипломатиялық байланыстар орнатылған болатын. Сол жылы "Достық, ынтымақтастық пен өзара көмек", "Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім" сияқты негізгі құжаттар рәсімделді. Одан кейін "XXI ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы келісімшарт", "Еуразиялық экономикалық одақ" сынды базалық шарттарға қол қойылды.

2020 жылы қазан айында Қазақстанға Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу іссапармен келіп кетті. Екі елдің министрлері әскери ынтымақтастық туралы жаңа шартты рәсімдеді. Шойгу қазақстандық әріптестерімен арадағы байланыстарға жоғары баға беріп, екі елдің шекарасы толығымен демилитаризацияланғанын жеткізді.

Тығыз қарым-қатынастың тағы бір көрінісі – денсаулық сақтау саласы. Биыл 22 желтоқсаннан бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы "Спутник V" атты ресейлік вакцина өндіріске шығарылады. 

Бұдан бөлек, Ресей Қазақстанның ірі әрі маңызды сауда әріптесті болып саналады. Отандық өнім өндірушілер көрші елдің нарығына ғана емес, ол арқылы Еуропаға да шыға алады. Отын-энергетика саласы да тыс қалмады. Биыл Қазақстан билігі шығыс өңірлерін Ресейден келетін құбыр арқылы газдандыруға мүдделі екенін мәлімдеген.

53
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаевқа қосымша өкілеттілік беріледі - парламент заң қабылдады

1572
(Жаңартылды 12:42 03.12.2020)
Мемлекет басшысы республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен елді мекендердің мәртебесін өзгерте алады

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Сенат депутаттары "ҚР Әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңды қабылдады. Соның аясында президентке қосымша өкілеттілік беру қарастырылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Салалық комитеттің өкілдері әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі заң жобасының негізгі мақсаты ерекше екенін атап өтті. Осыған байланысты бірқатар түзету енгізіліп отыр. Олар:

  • қаладағы аудандарды елді мекендердің құрамдық бөліктеріне жатқызу;
  • облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы халық саны 400 мың адамнан астам болған кезде, оларда аудан құру;
  • аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемшарттарын нақтылау;
  • Президентке үкіметтің ұсынуы бойынша және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы шешім қабылдау бойынша өкілеттік беру;
  • Қазақстан президентіне республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыну енгізу бойынша жаңа құзырет беру;
  • облыстық өкілді және атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының үкіметіне облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыныс енгізу бойынша жаңа өкілеттік беру;
  • аудандық маңызы бар қала әкіміне аудандық өкілді және атқарушы органдарға аудандық маңызы бар қаланы кент, ауыл санатына жатқызу туралы ұсыныс енгізу бойынша өкілеттік беру.

Сенатор Нұрлан Бекназаровтың айтуынша, қолданыстағы заңда аудандық маңызы бар қалаларға халық саны 10 мың адамнан кем емес елді мекендер жатады. Алайда бүгінде 48 аудандық маңызы бар қаланың 13-і халықтың саны бойынша қала мәртебесіне сәйкес келмейді, яғни осы аудандық маңызы бар қалаларда тұрғындар санының аздығына байланысты олардың мәртебесін өзгерту қажет. 

"Алайда қолданыстағы заңнамада аудандық маңызы бар қаланың мәртебесін ауыл санатына өзгерту жөнінде норма қарастырылмаған. Сондықтан осы заң жобасында аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру жөніндегі құзыретті айқындайтын түзетулер енгізіліп отыр", - деді Бекназаров сенаттың жалпы отырысында. 

Түзету енгізудің тағы бір ұтымды тұсы, қала мәртебесі ауылдық елді мекенге өзгерген жағдайда сонда тұратын азаматтар ауыл тұрғындары мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларына қатыса алады. Мысалы, денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының қызметкерлерінің жалақысына жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша 25 проценттен кем емес үстемақы қосылады. 

"Оған қоса, тұрғындар коммуналдық төлемдерге, қызметтік тұрғын үйге, "Дипломмен ауылға" мен "Еңбек" бағдарламасы бойынша кәсіптік білім алу мен ауылдық жерде кәсіпкерлікті қолдауға, дамытуға қатысты бірқатар жеңілдіктерді пайдалана алады", - деп атап көрсетті сенатор.

1572
Кілт сөздер:
өкілеттік, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
"Кінәлілер жауапқа тартылады": Тоқаев Алматыдағы оқиғаға қатысты тапсырма берді
Отставкаға дейін Тоқаев пен Назарбаев не туралы сөйлескені белгілі болды
Тоқаев үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды
Жәрдемақыны оңды-солды таратуды доғару қажет – Тоқаев
Тоқаев Қазақстанның абыройын асырған Қарақат Башанова туралы жазды
 Қазақстан мен Ресейдің тулары

Көкшетауда өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумына Тоқаев пен Путин қатысады

0
Қазақстан-Ресей форумын осы жылдың жылдың қараша айында өткізу жоспарланған болатын, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Кейінге қалдырылған Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы келесі жылы өтеді, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Путин қатысатын жиын кейінге шегерілді 

Жұма күні Мәскеуде Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козловпен кездесті. 

"Кездесу аясында 2021 жылы Көкшетау қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өтеді деп жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелері де талқыланды", - делінген хабарламада. 

Форум 2021 жылдың қараша айында өтуі керек болатын, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды.

Көкшетаудағы өңіраралық ынтымақтастық форумы

Қазақстан мен Ресейдің ХVII өңіраралық ынтымақтастық форумына экология және "жасыл" өсу тақырыбы арқау болады.

Алғашқы өңіраралық форум 2003 жылы Омбыда өтті, оған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин қатысты. Содан бері Қазақстан мен Ресей басшыларының шекаралас облыстардың бірінде кездесуі дәстүрге айналды. Алайда бұл жолы форум Ресей Федерациясымен шектеспейтін облыста ұйымдастырылып отыр.   

0
Тақырып бойынша
Тоқаев пен Путин Көкшетауда кездеседі
Путин Тоқаевқа ерекше құрмет көрсетті – видео
Путин мен Тоқаев Омбыда форум өткізіп, сыйлық алмасты – видео
Нұрсұлтан Назарбаев батыл ұсыныс жасады