Саясат

Тоқаев: Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін

© REUTERS / SHAMIL ZHUMATOVАрал теңізі, архивтегі фото
Арал теңізі, архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы осы уақытқа дейін жиналған 27 миллиард текше метр су зая кетпеуі үшін үкімет пен әкімдікке шаралар қабылдауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Көкарал бөгетінің төменгі жағын Сырдария ағыны бұзып жатыр. Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-дегі парақшасында.

"Халық Арал тағдырына алаңдайды. Елбасының бастамасы бойынша "Сырдария арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу" жобасы іске асырылуда. Осы жобаның және Көкарал бөгетінің арқасында Кіші Аралдағы су қалпына келді", - дейді Тоқаев.

​Оның айтуынша, мәселелер мұнымен шектелмейді. Көкарал бөгетінің төменгі жағын Сырдария ағыны бұзып жатыр.

Арал теңізінің ғарыштан түсірілген суреті жарияланды    

"Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін. Осы уақытқа дейін жиналған 27 миллиард текше метр су зая кетпеуі керек. Үкімет пен әкімдікке шаралар қабылдауды тапсырамын", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз: Арал теңізінің солтүстік бөлігінде судың тұздылығы төмендеп келеді 

Жаңалықтар
0