НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Жыл соңына дейін 300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резервтің тізімі дайындалады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Мемлекетті басқару жүйесіне жас мамандарды, соның ішінде азаматтық сектордан тарту менің міндетім болады. 300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резервтің тізімі жыл соңына дейін дайындалады. Жастар – алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші", - деп хабарлады Тоқаев.
Мемлекетті басқару жүйесіне жас мамандарды, соның ішінде азаматтық сектордан тарту менің міндетім болады. 300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резервтің тізімі жыл соңына дейін дайындалады. Жастар – алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 6 июня 2019 г.
Қазақстанда жүздеген белсенді жастың тізімі жасалатынын Тоқаев осы жылдың мамырында Қостанайда Қазақстан-Ресей жастар форумында айтқан болатын.
Ол тізімдегі адамдар мемлекеттік қызметтің барлық сатысында жұмыс істеуге мүмкіндік алатынын атап өтті.
Бұған дейін президент Қазақстанда 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялау идеясын қолдады.
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.
Оқи отырыңыз: Таза ауыз су әрбір үйде болуы керек – Тоқаев
Жаңа түзетулерге сәйкес, енді жергілікті жерде ауыз сумен жабдықтау қызметінің бағасын мәслихаттар анықтайды. Мысалы, мәслихат республика бойынша ең төменгі тарифтен төмен емес және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, орташа облыстық деңгейден жоғары емес төлемдер мөлшерін бекіте алады.
Заң жобасының негізгі мақсаты:
Айта кетейік, бүгінде халықты ауыз сумен жабдықтау қызметінің құнын төмендету мақсатында мемлекеттен субсидия бөлініп тұрады. 2021 жылда осы мақсатта 16 миллиард теңге қарастырылған.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде ауыл халқының 87 проценті орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Осы санатқа 4 078 ауыл кіреді. Олардың ішінде 42 проценті субсидия алған.
АЛМАТЫ, 25 қаңтар – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Елбасының ресми сайтының хабарлауынша, Асхат Аймағамбетов білім және ғылым саласының қазіргі ахуалын баяндады. Сонымен қатар "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының ғылымды дамыту мен жастар тәрбиесі бағыттарын жүзеге асыру жоспарлары туралы айтты.Ал Талғат Донақов Нұрсұлтан Назарбаевқа "100 нақты қадам" ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар жайында ақпарат берді.