Саясат

Сербиялық бақылаушы: Қазақстандағы сайлау Еуропадағыдай өтіп жатыр

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуДауыс беру урнасы, архивтегі сурет
Дауыс беру урнасы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықаралық бақылаушы бүгін өтіп жатқан кезектен тыс президент сайлауы мен осыдан 10 жыл бұрын болған сайлауды салыстырды

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы тиісті деңгейде өтіп жатыр, заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Бұл туралы Сербия парламентінің депутаты Драгомир Карич журналистерге айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Драгомир Каричтің айтуынша, ол Қазақстанда өткен сайлауды осымен 3 рет бақылап отыр екен.

"Бүгінгі және осыдан 10 жыл бұрын ұйымдастырылған сайлаудың айырмашылығын айта аламын. Өткен жолғы және қазіргі сайлау мереке сияқты өтіп жатыр. Ұйымдастырушылардың жұмысын атап өткен жөн. Сайлауда барлық рәсімдер сақталған, халықаралық талаптар бойынша өтуде. Бұл сайлау Еуропадағы сияқты өтіп жатыр", - деді Сербиядан келген шетелдік бақылаушы.

Сонымен қатар ол Нұр-Сұлтандағы бірнеше сайлау учаскесінде болғанын, онда заң бұзушылықтарды байқамағанын атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне 7 кандидатты тіркеді. Олар:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел. 
Жаңалықтар
0