Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев президент сайлауында 70,13%-пен жеңіске жетті - "Қоғамдық пікір" институты

19191
(Жаңартылды 00:40 10.06.2019)
"Қоғамдық пікір" институты – Қазақстандағы Exit-poll , яғни дауыс берген азаматтар арасындағы жасырын сауалнама жүргізген ұйымдардың бірі

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. "Қоғамдық пікір" институты жүргізген Exit-poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13% дауыспен жеңіске жетті. Бұл туралы институт басшысы Айнұр Мәжитова баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Айнұр Мажитованың хабарлауынша, әлеуметтік сауалнама 325 сайлау учаскесінде жүргізілді. Соның ішінде облыс орталықтары, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында 97 учаске, шағын қалаларда 94 учаске, сондай-ақ, ауылдық округтерде 134 учаскес бар.

"Сайлаушыларға бір ғана сұрақ қойылды. Ол "Айтыңызшы, Қазақстан республикасының президенттік сайлауында қай кандидатқа дауыст бердіңіз?". Сауалнама кезінде 13 200 адам қамтылды. Қателік коэффиценті шамамен 3 проценті құрайды", - деп мәлім етті ол. 

Осылайша, Exit-poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев – 70,13%, Әміржан Қосанов – 15,39%, Дания Еспаева –5,32%, Жамбыл Ахметбеков – 3,86%, Төлеутай Рақымбеков – 3,03%, Амангелді Таспихов – 1,41%, ал Сәді-Бек Түгел – 0,86% дауыс жинаған.

Қоғамдық пікір институты жүргізген Exit-poll нәтижелері
© Sputnik / Арман Асқар
"Қоғамдық пікір" институты жүргізген Exit-poll нәтижелері

Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала қорытындысын 12 сағат ішінде жариялайды.

Exit Poll дегенміз не?

Сайлау кезінде дауыс берген азаматтардың арасында өткізілетін анонимді сауалнама "Exit Poll" деп аталады. Экзит-полл сайлаудың алдын ала нәтижесін жасау арқылы оны бұрмалауға жол бермейді.

Заң бойынша экзит-поллды сайлауға дейін өткізуге болмайды. Сайлау кезінде дауыс беретін үй-жайлардың ішінде де жасауға рұқсат жоқ. Экзит-полл тек сыртта дауыс берген сайлаушылар арасында ғана жүргізіледі. Ал оның нәтижесін жариялағанда ақпарат көзін, сауалнаманың уақытын, мәлімет жинаудың әдіс-тәсілін, нақты сұрақты, сауалнамаға қатысқан адамадардың саны мен қателік коэффицентін міндетті түрде көрсету керек.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың бюллетені урнаның аузында тұрып қалды - видео

Exit Poll-ды өткізуге кімнің рұқсаты бар?

"Сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес, қоғамдық пікірге арналған сауалнаманы заңды тұлғалар өткізе алады. Олардың осы салада, кем дегенде, бес жылдық тәжірибесі болуы шарт. Ал сайлауда экзит-поллды өткізу үшін орталық сайлау комиссиясын алдын ала ескертіп, тиісті құжаттарды ұсыну қажет. Ол құжаттарда талдаудың әдіc-тәсілдері, оған қатыстан мамандар, олардың осы саладағы тәжірибесі, сауалнама жүргізілетін аймақтар және тағы басқа ақпарат көрсетіледі.

Осы жолғы президенттік сайлау кезінде орталық сайлау комиссиясы социологияық зерттеулерді өткізу бойыша екі ұйымның құжаттарын қабылдады. Олар - "Қоғамдық пікір" институты" қоғамдық ұйымы және "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" ЖШС.

"Қоғамдық пікір" институтының тәжірибесі қандай?

"Қоғамдық пікір" институтын 2013 жылы осы салада 17 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби социолог мамандар құрған болатын. Институт қоғамдық пікірді зерттеумен айналысады. Осыған орай, Қазақстанда және әлемнің басқа елдерінде сан алуан маркетингтік зерттеулерді өткізеді. Институт сарапшылары Оталық Азия, Батыс Еуропа, Ресей, Қытай, Моңғолия, Түркия, АҚШ пен Канада сияқты мемлекеттерде зерттеу жүргізген.

Институт қызметкерлері European Society of Marketing Research Professionals ESOMAR, International Studies Association (ISA) және Түркітілдес елдері социологтарының одағы, Терроризмді зерттеушілердің халықаралық қоғамына кіреді.

19191
Кілт сөздер:
президент сайлауы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
Президенттікке кандидат Дания Еспаева неге өкініп отырғанын айтты
Қыз Жібек пен Төлеген сайлауға барды - фото
"Телефонға түсіріп алдық": бақылаушы сайлау учаскесінде нені көріп таңғалды?
"Бір сайлаушыға бес бюллетень берілген": Бас прокуратура заңбұзушылықтар туралы айтты
"Қайтеміз енді": Тоқаев наразылық акцияларына қатысты пікір білдірді 
"Жағымды бір жаңалық келді": Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады
Кандидат Әміржан Қосанов президент сайлауында дауыс берді
Парламент отырысы

Саясаттанушы парламентке оппозициялық партиялар келсе не болатынын болжады

447
(Жаңартылды 15:11 28.10.2020)
Мәжілістің бұған дейінгі сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өтіп, бірінші сессия 25 наурызда ашылған еді. Тиісінше, қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады

АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Мәжілістің келесі сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Мемлекет басшысы сайлауға қатысты үндеуінде заңға парламенттік оппозиция институтын құру туралы өзгерістер енгізілгенін хабарлады. Депутаттардың 30%-і жастар мен әйелдер болады деп жоспарланып отыр.

Sputnik Қазақстан тілшісі бұл өзгерістерден не күтуге болатынын және сайлаудың қалай өтетітіне қатысты саясаттанушылар пікірін білді.

Көппартиялы парламент қалыптаса ма

Парламент мәжілісінің алтыншы сайлауы 2016 жылы өтті. Ол кезде сайлауға түскен алты партияның үшеуі (Nur Otan, "Ақ жол" партиясы, Қазақстан коммунистік халық партиясы) ғана сайлаушылардың 7%-тен астам дауысына ие болды. Саясаттанушы Досмұхамед Көшімнің айтуынша, бұл сайлауда көппартиялы парламент жасанды түрде құрылды.

"Бұл үш партия да президент аппаратының рұқсатымен құрылған. Коммунистік партия 5 және 6 шақырылымда 7-8% дауыс жинап өтті. Ал кейінгі президент сайлауында коммунистік партия өкілі 1,82% дауыс жинады. Халықты қалай сендіреміз? Партияның президент болам деген адамы осындай дауыс жинап отыр", - дейді Дос Көшім.

Ал саясаттанушы Самат Нұртаза партияның көп болуы демократияны кеңейетініне кепілдік бермейтінін айтты.

"Партия неғұрлым көп болса, демократия соғұрлым кеңейе түседі деген – қате ұғым. Қырғызстанда партия көп, бірақ соның нәтижесінде халық жұмаққа түсіп кетті деп айта алмаймын. Сонымен қатар 1-2 партия деген де аз. Либерализмге жол ашатын уақыт жетті", - дейді Нұртаза.

Сонымен қатар саясаттанушы енді сайлау қарсаңында партиялар дауыс жинау үшін уәде беретініне тоқталды. Айтуынша, бұған дейінгі тәжірибе партиялар айтқанының 10-15% орындайтынын көрсетті.

Парламенттік оппозиция керек пе

Самат Нұртаза парламенттік оппозиция керек екеніне, алайда кей адам оның жұмысын түсінбей отырғанына назар аударды. 

"Парламенттік оппозиция деген жамандау емес, ол кемшіл жақтарын айтып, ой қосу. Оппозицияның пікіріне құлақ асудың нәтижесінде халық ұтады. Билік өзара жаға жыртысып, атажау болуының қажеті жоқ. Бастысы екеуі ақылдасып, бір-бірінің қатесін түзеп, халық жақсы өмір сүруі керек", - дейді ол.

Ал саясаттанушы Дос Көшім мұны болашаққа арналған заң деп атады. Себебі қазір парламентте оппозиция жоқ, алайда кейіннен саяси аренаға оппозициялық партиялар келсе, соларға белгілі бір деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі.

"Бұл – болашаққа арналған заң. Қазіргі кездегі партиялардың біреуі "мен оппозиция рөлін атқарамын" десе, ол алдау, спектакль. Саяси оппозициялық күш жоқ кезде бұл заң күшіне енбейді. Мұны 10-20 жылдан кейін оппозициялық партия кірген кезде пайдалануға болады. Бұл – дұрыс бастама", - дейді саясаттанушы Көшім.

Айтуынша, бұл заң алдағы бес жылда күшіне енбейді.

Әйелдер мен жастардың билікке келуі нені білдіреді

Саясаттанушы Дос Көшім әйелдер мен жастарға берілген квотаны демократияның белгісі деп санамайды. Кеңес үкіметі кезіндегі квотаны мысал еткен саясаттанушы енді партиялар мәжбүрлі түрде адам санын толтыруға жұмыс істейтін болады дейді. 

"Кеңес үкіметі кезінде осындай квота болды. Шаруалар, жұмысшылар, зиялылар, әскерилер болу керек деп бөліп қойды. Олар қандай заң талқыланып жатқанын да білмей, құр отыратын. Міне, квота деген - осы. Парламентке саяси дайындығы бар, саяси жұмыс істеген адамдар барады. Ол әйел бола ма, шал бола ма, ол маңызды емес", - дейді Көшім.

Тіпті парламентте 99 әйел отыруын да құп көретінін жеткізді. Алайда барлығы саяси әлемнен хабары бар болуы керек.

"Неге 30% болу керек? Бұл – адам құқығын шектеу, квота деген – адам құқығына қарсы іс-қимылдың бір түрі. Еуропа мен Америкада әйел мен ерді теңестіру үшін күрес жүрді. Ал бізде баяғыдан әйел мен ер адам тең. Бізге ондай жасанды квотаның қажеті жоқ. Жасанды теңгермешілік ешқашан нақты нәтижесін бермейді", - дейді ол.

Сол себепті жастар мен әйелдер 30 немесе 40 процент болу керек деген шешімнің қате екенін айтты. Бұл Қазақстанда әйелдерді төмен санау бар екенін көрсетеді, дейді саясаттанушы.

"Квота бізді дүние жүзіне масқара қылды. Бұл – өте нашар қадам. Ойланбай қабылданған шешім. Бұл бізде әйелдерді төмендету бар дегенді мойындау. Бірақ бізде ондай жоқ. Мұны енді заңға кіргізді. Енді партиялар ішіне әйелдердің санын 30%-ке жеткізу үшін мәжбүрлі түрде әрекет етеді", - дейді Дос Көшім.

Ал Самат Нұртаза бұл өзгеріске басқаша баға берді. Оның айтуынша, әйелдердің билікке келуі елдегі отбасылық, тұрмыстық мәселені шешуге жағдай жасайды. Ал жастар баспана алу мәселесін көтеруі әбден мүмкін.

"Әйел адам отбасы жағдайын ер адамға қарағанда жақсы түсінеді. Сол секілді баланың, жалғызбасты аналардың жағдайын әйелден басқа артық ешкім түсіне алмайды. Әйел адамдардың, ханымдардың билікке қол ұшын тигізгені дұрыс. Енді жалғызбасты аналардың жағдайын түзеуге, оларды жұмыспен қамтуға жағдай жасалады деген сенім бар", - дейді Нұртаза.

Айтуынша, әйел мен жастардың үлесі 40 процент болса да артық болмайды. 

"Қуаныш Сұлтанов, Владислав Косерев секілді депуттаттар 30 жылда халыққа қолдан келген пайдасын көрсетті. Ол кісілерге ақсақал ретінде ақыл айтып, кеңес беріп отырса жарасады.  Енді сол екі кісінің орнында жалындаған қыз-жігіттер отырса, әлдеқайда пайдасы көп болады", - дейді Самат Нұртаза.

Жас отбасылар баспана болмауы кесірінен жиі ажырасады. Бұл мәселені жастардың өзі көтерсе, құба-құп, дейді саясаттанушы.

Қай партия қанша дауыс жинайды

2016 жылы сайлауда Nur Otan партиясы 82,20%, "Ақ жол" демократиялық партиясы 7,18%, Қазақстан коммунистік халық партиясы 7,14% дауыс жинады.

Саясаттанушы Самат Нұртазаның ойынша, бұл сайлауда коммунистік партияға дауыс беретіндер аз болады. Ал Nur Otan партиясы шамамен 73-74% дауыс жинайды.

"Пандемия кезінде Nur Otan партиясының басқа бірде-бір партия халыққа көмектескен жоқ. Ал кей партияның атқарып жатқан жұмысы халықтың көңілінен шықпайды. Бұған дейінгі сайлауда Nur Otan партиясында 80-85% жинаса, биыл олай болмайды. Себебі партиялар саны да көп. Халықтың да көзқарасы өзгеріп жатыр. Ал қазіргі жағдайда Nur Otan партиясы 73-74%-пен жеңеді деген болжам бар", - дейді ол.

Айтуынша, екінші орынды "Ақ жол" партиясы алуы әбден ықтимал. Кей ауыл-аймақта бұл партияға дауыс берушілер көп болуы мүмкін. Ал соңғы орында коммунистік партия тұрады. Коммунистерге дауыс беру өзіңді сабаумен бірдей сияқты, дейді саясаттанушы.

"Коммунистерге бұрын неге дауыс берді? Себебі, бұрынғы ескі көздер бар. Ақсақалдар жыл сайын азайып жатыр. Сондықтан жаңа буын коммунизмнен аулақ. Сондықтан 2016 жыл мен 2020 жылдың арасында қаншама коммунизмге бүйрегі бұрған адам дүниеден өтті. Сол себепті бұл сайлауда коммунистер бұрынғыдай дауыс жинай алмайды", - дейді Нұртаза.

Саясаттанушы сайлау төңірегінде қандай да бір кикілжің болып тұратынына қарамастан, сайлаудың заңды түрде өтетініне сенімді.

Ассамблея сайлайтын 9 депутат кім

Мәжілісте 107 депутат бар, оның 98-і саяси партиялардан сайланады. Ал қалған тоғыз депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Саясаттанушы Дос Көшімнің айтуынша, Қазақстан халқы депутатты ұлты мен жынысына емес, тәжірибесі мен біліктілігіне қарай сайлайды. 

"Қазақстан халқы Ассамблеясының 9 мүшесі ұлты ұйғыр, корей болғаны үшін ғана депутаттар қатарында отыр. Бұл – ұят. Басқа ұлт өкілдері тек Ассамблея арқылы депутат болып отыр деген көзқарас пайда болады. Салдарынан қазақ өзінің ұлтынан басқа ешкімді қолдамайтын жаман халық болып көрінеді", - дейді саясаттанушы Дос Көшім.

Айтуынша, сол себепті шетелдіктерге Қазақстан халқының біліктілігін жоғары бағалайтынын дәлелдеу мүмкін емес.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс және мәслихат сайлауы өтеді. Кандидаттарды ұсыну 10 қарашада басталып, 30 қараша сағат 18.00-ге дейін созылады. Партия тізімдерін тіркеу мерзімі 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

447
Кілт сөздер:
сайлау, Мәжіліс, парламент, саясат
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
"Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео
Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді
Халықтың кредитін кешіру: депутаттар мәселені шешу жолдарын ұсынды
Депутаттар марқұм әріптесінің соңғы тілегін орындауға шешім қабылдады
Біз ұйықтап жатқан жоқпыз – "Ауыл" партиясы
Тағайындау, архивтегі сурет

Тоқаев Ұлттық статистика бюросының басшысын тағайындады

365
41 жастағы Айдапкелов 2016 жылдан бері Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы болды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Нұрболат Айдапкелов Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметіне тағайындалды", - деп жазылған жарлық мәтінінде.

Айта кетсек, ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылған болатын. 

Нұрболат Айдапкелов туралы не білеміз

41 жастағы Айдапкелов 2016 жылдан бері Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы болды.

Нұрболат Айдапкелов 1979 жылы 22 шілдеде дүниеге келген. Үйленген, төрт баласы бар.

"Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ  қаржы департаментінің директоры, "ҚазАгро" ҰХ" АҚ атқарушы директоры қызметтерін атқарған.

2008-2009 жылдары "ҚазАгроГарант" АҚ басқарма төрағасы болды. 

2009 жылы Статистика агенттігінің төраға орынбасары, 2011 - 2013 жылдары агенттіктің жауапты хатшысы қызметін атқарды.

365
Тақырып бойынша
Қорғаныс министрінің екі орынбасары тағайындалды
Президент ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады
Тоқаев Мусинді цифрлық даму министрі қызметіне тағайындады
Тоқаев Мәдиев пен Өтеновті жаңа қызметке тағайындады
Тоқаев жаңа агенттік басшысының орынбасарларын тағайындады
Установка музыкальных шумовых полос на трассе Нур-Султан - Щучинск

Қазақстанда "әуендететін" жол салынды

0
(Жаңартылды 22:04 28.10.2020)
Музыка автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру мен шаршау салдарынан болатын жол апатын азайтады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. "Нұр-Сұлтан – Щучинск" автомобиль жолында музыкалық шу жолақтары орнатылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі.

Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылған.

"Жобаны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесі ескерілді", - делінген хабарламада.

"Әуендететін" жолдар жүргізушілерге төтенше қауіпті учаскелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Музыка автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағымен сағатына 90 километр жылдамдықпен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді.

Эксперименттің нәтижесі бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ алдағы жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатпақ.

Оқи отырыңыз: "Нұр-Сұлтан – Щучинск" ақылы жол уческесінде көпір қирағалы тұр – видео 

Айта кетейік, шу жолақтары – бедерлі сызықтар түріндегі арнайы жол белгісі. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру, шаршау мен рөлде ұйықтап қалу салдарынан болатын жол апатын болдырмау мақсатында салынады. Олардың үстімен өткенде діріл пайда болып, жүргізушілердің сергіп алуына көмектеседі.

0
Кілт сөздер:
жол, музыка
Тақырып бойынша
Мамин Қазақстандағы ақылы жолдарға қатысты тапсырма берді
Алматыны қай жолдар арқылы айналып өтуге болады - карта әзірленді
Toyota жүргізушісі жол бойында отырған сатушы әйелдерді қағып кетті - видео
Шымкент – Жібек жолы трассасы ақылы болады