АЭС, архивтегі сурет

Тоқаев атом электр станциясы салына ма деген сұраққа жауап берді

1854
Сәуір айында Ресей президенті Қазақстанда атом электр станциясын салуды ұсынған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстан билігі атом электр станциясын салуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл  туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Атом электр станциясын салу жоспарымызда жоқ. Егер болса, міндетті түрде халықпен ақылдасамыз. Тіпті қажет болса, бұл мәселе бойынша референдум өткіземіз. Себебі бұл өте жауапты, өте өзекті мәселе. Сондықтан мен уәдемді орындаймын", - деді Тоқаев БАҚ өкілдерімен кездесуінде.

Айта кетсек, 3 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге сапары барысында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанда атом электр станциясын салуды ұсынған еді. Осыдан кейін, энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев атом электр станциясы Алматы облысының Үлкен аумағында салынуы мүмкін екенін айтты.

Мырзағалиевтің айтуынша, Ресей мен Қазақстан ұзақ жылдар бойы ынтымақтасып келеді, уран өндіру бойынша ортақ жобалары бар.

Тағы оқыңыз: Министр Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты мән-жайды түсіндірді

Бұдан бұрын Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин "Росатом" компаниясы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салады деп үміттенетінін айтқан еді.

1854
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Барлық атом станциясы бір мезетте жарылса, Жер бетінде не болады?
Чернобыль қасіреті: апаттың алғашқы сағатында түсірілген суреттер
Бозымбаев Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты мән-жайды түсіндірді
Алматы облысында атом электр станциясы салынады
Қазақстанда атом электр станциясы қайда салынады?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев халықаралық форумда бейне үндеу жасады

3
(Жаңартылды 09:53 30.10.2020)
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық ынтымақтастық ортақ құндылықтарға, өзара қолдау мен тығыз байланыстарға негізделген, деп атап өтті мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік экономикалық ынтымақтастық – 2020 халықаралық форумында бейне үндеу жасады, деп хабарлады Ақорда.

"COVID-19-дан кейінгі жаһандық өзгерістер және солтүстік экономикалық ынтымақтастықтың келешегі" тақырыбындағы шара бүгін Сеул қаласында басталды.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Мун Чжэ Ин бастамашы болған және соңғы үш жылдың ішінде өзінің өзектілігі мен өміршеңдігін дәлелдеген "Жаңа Солтүстік саясат" стратегиясын жоғары бағалап, Оңтүстік Корея басшысының өркендеген, өзара байланысы мығым және тұрақты Еуразия құру көреген идеясын құптады.

Қазақстан президентінің пікірінше, қазіргідей әлем коронавирус пандемиясының теңдессіз тегеуріндеріне тап болған кезде саяси жігер мен экономикалық сана синергиясы ерекше мәнге ие.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың ортақ құндылықтарға, өзара қолдау мен тығыз байланыстарға негізделгенін айта келе, елімізде өмір сүріп жатқан, достықтың "алтын көпірі" саналатын жүз мың корей қауымдастығының екі ел арасындағы қарым-қатынасқа қосқан үлесін атап өтті.

"Кореяның Қазақстан экономикасына жасаған инвестициясы 7 миллиард доллардан асты. Жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан, екіжақты тауар айналымы артты. Орталық Азияның барлық бес елінің ортақ жалпы ішкі өнімнің 70 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Корей мемлекеті жетекші инвесторлардың арасындағы 10-орынға ие. Бұл ретте, өзара тиімді ынтымақтастықты одан ары жалғастырудың әлі де пайдаланылмаған үлкен әлеуеті бар", – деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті 2019 жылдың сәуір айында Мун Чжэ Иннің елімізге жасаған тарихи сапары екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа белесін ашты деп санайды. Сапар аясында қол қойылған "Самал жел" бағдарламасы қазақ-корей экономикалық, сауда және мәдени жан-жақты байланыстарды жандандыруға бағытталған.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев "Самал жел" бағдарламасы мен "Жаңа Солтүстік саясат" стратегиясы "Цифрлы Қазақстан", "Нұрлы жол" секілді ұлттық бағдарламаларда белгіленген стратегиялық міндеттерге сәйкес келетінін айтты.

Оқи отырыңыз: Оңтүстік Кореядан Қазақстанға айына 5 миллиард теңге аударылады 

Мемлекет басшысы әлемдегі ұзаққа созылған мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқанын айтып, Қазақстан үшін әртараптандырылған және тұрақты экономика құрудың ерекше маңызды екенін атап өтті.

"Осыған байланысты мен Жаңа экономикалық бағыттың бастамашысы болдым. Бұл бағыт құрылымдық реформалармен ғана емес, сондай-ақ барынша қарқынды әрі мықты мемлекет құрумен байланысты. Қазақстан корей инвесторлары үшін арнайы әзірленген құралдарды ұсынуға әзір. Бұл ретте, салық және кеден артықшылықтары, жобаларды қоса қаржыландыру, экспортты қолдаудың ішінара кепілдіктері мен тетіктерін айтуға болады", –  деді президент.

Мемлекет басшысы ағылшын құқығы бойынша қызмет көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының әлеуетін де сөз етті. Президент бұл орталықтың шетелдік бизнеске арналған экожүйесінің бірегейлігін ерекше атап өтті.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына жұмыстың табысты, ал Оңтүстік Корея президенті мен үкіметінің игі бастамаларының сәтті болуына тілектестік білдірді.

3
Кілт сөздер:
үндеу, Қасым-Жомарт Тоқаев
Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысы

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің екінші отырысы желтоқсанда өтеді

26
Реформалар жөніндегі жоғары кеңес 14 қыркүйекте құрылған болатын. 21 қазанда өткен кеңестің бірінші отырысында президент алты жұмыс тобын құруды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартиді қабылдады.

"Кездесу барысында желтоқсан айына жоспарланған Реформа жөніндегі жоғары кеңестің екінші отырысына дайындық барысы және кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды", - деп хабарлады Ақорда.

Еске сала кетсек, Реформалар жөніндегі жоғары кеңес 14 қыркүйекте құрылған болатын. Мақсаты - елдің тұрақты дамуын жоспарлау және экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды қарап, бекіту.

21 қазанда өткен кеңестің бірінші отырысында президент алты жұмыс тобын құруды ұсынды. Олар реформалардың алты бағытын қамтиды.

Жұмыс тобына Жоғары кеңес мүшелерінен бөлек лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйым өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар ене алады.

26
Тақырып бойынша
Құдайбергеновтің президент кеңесшісі қызметінен неге босатылғаны белгілі болды
Өзбекстан президенті Тоқаевтың кеңесшісін жалдады
Тоқаевқа қарайтын жоғары кеңестің құрамы жарияланды 
Жоғары кеңестің алғашқы отырысы: Тоқаев алты бағытты айқындады
Тоқаев тағы бір кеңесшісін қызметінен босатты