Саясат

 "Жаңа парақты ашамыз": Тоқаевқа Қытай басшысы хат жолдады

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан мен Қытай тулары
Қазақстан мен Қытай тулары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Си Цзиньпин құттықтау жеделхатында қазақ-қытай қатынастарын тереңдетуге баса мән беретінін айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым — Sputnik. Қазақстан Республикасының президенті лауазымына сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

"Сіздің Қазақстан Республикасының президенті лауазымына сайлануыңызға байланысты үкіметтің және қытай халқының, сондай-ақ, жеке өзімнің атымнан жүрекжарды құттықтауым мен ізгі тілегімді білдіруді абырой санаймын",  – делінген жеделхатта.  

Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстан тату көрші әрі стратегиялық әріптес екенін атап өткен.

"Мен қазақ-қытай қатынастарын тереңдетуге баса мән беремін. Осыған дейінгі мемлекеттер басшыларының эстафетасын қабылдай отырып, екі елдің тұрақты әрі ұзақ мерзімді дамуы үшін жаңа парақты ашамыз және Сізбен тығыз байланыс орнатамыз деп үміттенемін", – деп түйіндеді Қытай төрағасы.

Тағы оқыңыз: Тоқаевты ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтеді

Қазақстандағы президент сайлауы

Қазақстанда 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Кеше Орталық сайлау комиссиясы саяси доданың соңғы қорытындысын шығарды.  

Сайлаушылардың басым бөлігінің сеніміне ие болған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болып сайланды. Екінші орынға "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан түскен Әміржан Қосанов, ал үшінші орынға "Ақ жол" демократиялық партиясының кандидаты, жалғыз әйел үміткер Дания Еспаева жайғасты.

  • Қасым-Жомарт Тоқаев - 70,96%
  • Әміржан Қосанов - 16,23%
  • Дания Еспаева -5,05 %
  • Төлеутай Рақымбеков - 3,04%
  • Амангелді Таспихов -1,98 %
  • Жамбыл Ахметбеков -1,82%
  • Сәдібек Түгел - 0,92%
Жаңалықтар
0