Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан тарихындағы екінші президент ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті

12885
(Жаңартылды 12:46 12.06.2019)
Елордадағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, ресми түрде мемлекет басшысы лауазымына кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған президентті ұлықтау салтанаты басталды.

Ұлықтау рәсімі өтетін залға Қазақстанның мемлекеттік туы мен президент байрағы, сондай-ақ, Конституция салтанатты жағдайда әкелінді.

Ең алдымен, залға Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев кірді. Жиналған қонақтар Елбасыны ду қол шапалақпен қарсы алды. Осыдан кейін "Елім менің" әні шырқалып, залға сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаев кірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев оң қолын Конституцияға қойып:

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан республикасы президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп мемлекеттік тілде Қазақстан халқына ант берді.

Содан кейін мемлекеттік туды сүйді. Ант берілгеннен кейін мемлекеттік әнұран орындалды. Әнұран орындалып жатқан уақытта сырттағы зеңбіректерден оқ атылды.

Қазақстан президенті ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан президенті куәлігін табыс етті.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев осымен екінші рет президент ретінде халыққа ант берді. Биыл 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұр-Сұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқан соң, Конституцияға сәйкес сол кезде сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаев президент лауазымын иеленді. Ал 9 сәуірде кезектен тыс президент сайлауы болатынын жариялады.

Кезектен тыс президент сайлауы

Өткен жексенбі, 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Ел тарихындағы екінші президентті сайлауға дауыс берушілердің 77,5 проценті қатысты. Осы жолы саяси додаға жеті кандидат түсті.

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың басым бөлігінің сеніміне ие болды. Екінші орынға "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан сайлауға түскен Әміржан Қосанов, ал үшінші орынға "Ақ жол" демократиялық партиясының кандидаты, жалғыз әйел үміткер Дания Еспаева жайғасты.

Тоқаевқа ең көп дауысты Алматы облысының, ал ең аз дауысты Маңғыстау облысының тұрғындары берген.

12885
Кілт сөздер:
ант, инаугурация, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
Тоқаев сайлаудағы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады
Сайлаудан кейін үкімет отставкаға кете ме – Тоқаев жауап берді
Тоқаев сайлау қорытындысын естігенде қандай сезімде болғанын айтты
Мен "транзиттік жолаушы" емеспін - Тоқаев көзқарасын ашық білдірді
Тоқаев екі қаладағы митингілерге қатысты пікірін айтты - видео
Асқар Мамин жаңа ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті таныстырды

Үкімет басшысы жаңа министрлердің алдына маңызды міндеттер қойды

18
Асқар Мамин тағайындалған министрлер әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа саясатын іске асыратынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық экономика, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды. 

Үкімет басшысы ұлттық экономика, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің ұжымдарына жаңа тағайындалған министрлер – Әсет Ерғалиев пен Серік Шәпкеновті таныстырды.  

Мамин бұрынғы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовке, сондай-ақ бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Оқи отырыңыз: Тоқаев үкіметтің жаңа мүшелерін тағайындады 

Жаңа ұлттық экономика министрін таныстыра отырып, Асқар Мамин Әсет Ерғалиевтің жоғары кәсібилігі мен құзыреттілігін атап өтті. Түрлі жылдары ол Еуропа қайта құру және даму банкінде аймақтық бас сарапшы, премьер-министрдің кеңесшісі, ұлттық экономика вице-министрі, премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары  болып жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Жаңа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін таныстыра отырып, Асқар Мамин Серік Шәпкеновтің Батыс Қазақстан және Атырау облыстары әкімдерінің бірінші орынбасары ретіндегі үлкен тәжірибесін атап өтті. Осы уақытқа дейін Шәпкенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа саясатын іске асыру бойынша алдымызға маңызды міндеттер қойды. Олар экономикалық даму сапасын арттыруға, экономиканың өзіндік жеткіліктілігіне, салық саясатын жетілдіруге, инвестициялар тартуға және экспортты дамытуға бағытталған құрылымдық реформаларды жүргізуді қамтиды", — деді Мамин.

Сондай-ақ премьер-министр әлеуметтік саланы жаңғырту бойынша маңызды міндеттер іске асырылатынын атап өтті.

18
Тақырып бойынша
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі туралы не білеміз
"Үкімет мұны түсінген жоқ": депутаттар Маминді қолдамады
Қазақстанның премьер-министрі тағайындалды
Мамин халық табысын қалай арттыруға болатынын айтты
Бірнеше депутат премьер-министр кандидатурасын қолдамады – Тоқаев не деді
Үкіметтің жаңа құрамы: ең жас министр
Серік Шәпкенов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі туралы не білеміз

42
(Жаңартылды 21:02 18.01.2021)
Серік Жамбылұлы 2020 жылдың маусым айынан бері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарып келген

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Президент жарлығымен Серік Шәпкенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды.

Экономист-математик

Серік Жамбылұлы 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысындағы Қаратөбе ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін жоғарғы кәсіби білімді экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған. Содан бастап өзі бітірген университетте оқытушылық қызметке кірісті. Ал бір жылдан кейін Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы болып жұмыс істеді.

2002 жылдың маусымынан бастап 2006 жылдың қаңтарына дейін – Батыс Қазақстан қаржы басқармасының жетекші маманы, бас маманы. Одан кейін БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторды дамыту бөлімінің бастығы болды.

Ал 2006 жылдың наурызында БҚО ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.

2007 жылдың басында ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары, қазан айында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары. 2009 жылы қыркүйек айында басқарма бастығына дейін көтерілді.

  • 2014 жылы – президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
  • 2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі;
  • 2018-2020 – Атырау облысы әкімінің орынбасары;
  • 2020 жылдың маусым айынан бері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарып келген.
42
Кілт сөздер:
үкімет мүшелері, үкімет
Тақырып бойынша
"Халыққа жеңілдік беруді сұраймыз": депутаттар үкімет басшысына сауал жолдады
Коронавирустың "қызыл зонасына" екі облыс кірді – үкімет басшысы тапсырма берді
Үкімет отставкаға кетуі керек – Тоқаев
Үкімет басына кім келеді – саясаттанушы үш адамның атын атады
"Үкімет мұны түсінген жоқ": депутаттар Маминді қолдамады