Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев: шешім қабылдаған кезде халықтың пікірі сөзсіз ескеріледі

164
Елордада жаңадан сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық мәселелер бойынша шешім қабылданған кезде, халықтың басым бөлігінің позициясы ескерілетінін айттын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан қазіргі замандағы сын-қатерге экономикалық, әлеуметтік және саяси прогресс арқылы ғана тойтарыс бере алатынын атап өтті.

"Біз әлемге ашықпыз, үздік жетістіктер мен жетекші технологияларға ұмтыламыз. Десе де, билік халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, жергілікті жерлерде проблемаларды шешіп, азаматтар алдында тұрақты түрде есеп беріп тұруға міндетті. Уәде беріп емес, нақты іспен көрсетуі керек. Үкіметтің барлық мүшесі мен әкімдер осыны ұмыптағаны абзал", - деді президент ұлықтау рәсімінен кейін.

Тоқаев қандай да бір шешім қабылданар кезде халықтың пікірі ескерілетінін айтты.

"Мен үшін президент ретінде ең маңыздысы – экономикалық дамудың жалпы цифрлары емес, барша азаматтың нақты әл-ауқаты. Сондықтан стратегиялық мәселелер бойынша шешім қабылданған кезде, халықтың басым бөлігінің позициясы сөзсіз ескеріледі", - деді мемлекет басшысы.

Инаугурация избранного президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева проходит сегодня, 12 июня, в столице Казахстана во Дворце Независимости
© Sputnik / Владислав Воднев
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті

Ол мемлекеттік биліктің формуласы мықты әрі өкілетті президент, ықпалды және іске жарамды парламент, халыққа есеп беретін үкіметтен құралатынын атап өтті.

"Дәл осы саяси жүйе күрделі геосаяси ахуал жағдайында біздің мемлекеттің толық қажеттіліктеріне сай келеді және алда тұрған стратегиялық міндеттерді орындауға септігін тигізеді", - деді президент.

164
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
"Арнайы айтатын сөзім бар": Тоқаев жастарға үндеу жасады
Қазақстан президенті қандай реформаларды қолға алатынын айтты
"Таяу арада жаңа шешімдер жарияланады": Тоқаев қандай уәде берді?
Тоқаевты ұлықтау рәсімі – видеотрансляция
Тоқаев президент ретіндегі басты мақсатын айтты
Нұржан Әлтаев

Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр депутат Әлтаев

455
(Жаңартылды 15:45 27.11.2020)
Нұржан Әлтаевқа жаңа партияның басқарушы органына кіру ұсынылды. Қазіргі уақытта ол Nur Otan партиясының мүшесі

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. El Tiregi өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағы жаңа саяси партия құрылатынын жариялады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев хабарлады.

"Менің білуімше, олар (El Tiregi – Sputnik) әділет департаментіне тіркеуге өтініш беріп үлгерген", - деп атап өтті Әлтаев.

Толығырақ 27 қарашада "El Tiregi өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағының 7 бастамасын ашық талқылау" атты алғашқы халықтық ой-талқының отырысында хабарланады.  

Sputnik Қазақстан тілшісі Әлтаевтан Nur Otan партиясында қалуды жоспарлап отырған жоқсыз ба деп сұрады.

"Маған осы бастамашыл топтан жаңадан құрылған саяси партияның басқарушы органына кіру туралы ұсыныс түсті. Бұл ұсынысты қарастырып жатырмын, әлі шешім қабылдаған жоқпын", - деді Әлтаев.  

Сонымен бірге, депутат Nur Otan саяси партиясы ішінен саяси реформа жүргізу туралы ұсынысты еске түсірді. Егер ол орындалмаса, Әлтаев одан шығуы мүмкін.

"Себебі монополиялау жақсылыққа әкелмейді. Nur Otan партиясы осы саяси реформаны бастағанын күтемін. Егер бұл реформа жүргізілсе, онда партияда қаламын, оны әрі қарай жақтай беремін, партияға жұмыс істеймін. Егер Nur Otan партиясының осындай саяси өзгерістерге дайын екенін көрмесем, онда мен бұл партиядан шығуға тура келеді", - деп сөзін түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына кандидат болды 

Айта кетейік, 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.

2020 жылдың 5 қарашасында Орталық сайлау комиссиясы 6 саяси партияға сайлауға қатысуға рұқсат берді, жаңадан құрылған саяси партия 2021 жылғы науқанға қатыса алмайды.

27 қарашада ЖСДП партиясы съезд  өткізіп, сайлауға бойкот жариялау туралы шешім қабылдады.

Нәтижесінде Қазақстанның бес саяси партиясы – Nur Otan, "Ақ жол", "Ауыл" "Адал" (бұрынғы "Бірлік") және Қазақстанның халық партиясы мәжіліс пен мәслихаттардағы орындарға таласады.  

455
Кілт сөздер:
Нұржан Әлтаев, сайлау, Мәжіліс
Тақырып бойынша
Сайлауға бойкот жариялау ұсынылды – ЖСДП мүшелері қандай шешім қабылдады
Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті
Adal партиясына Назарбаевтың күйеу баласы қолдау көрсететіні рас па?   
"Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады
Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы ретіндегі миссиясын атады
ЖСДП жетекшісі Асхат Рақымжанов

Сайлауға бойкот жариялау ұсынылды ЖСДП мүшелері қандай шешім қабылдады

914
(Жаңартылды 13:00 27.11.2020)
Партия төрағасының мұндай ұсынысы түрлі пікір қайшылығын тудырды. Бірақ басым көпшілігі бойкотты қолдады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) мүшелерінің көпшілігі өздерінің көшбасшысы Асхат Рақымжановтың алда өтетін мәжіліс пен мәслихат сайлауына бойкот жариялау туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Партияның сайлау алдындағы съезі 27 қарашада өтті. Асхат Рақымжанов өз серіктестерін елдегі кез-келген сайлауды елеусіз қалдыруға шақырды.

"Билік оппозицияны дәстүрлі түрде сайлауға қосымша дауыс беру есебі ретінде қатысады және сайлауға қатысушылардың қосымша пайызын ғана алады деп санайды", - деді Рақымжанов.

ЖСДП төрағасы өз партиясының үкіметтік жобаға айналмауы керектігін баса айтты. Оның мұндай ұсынысы түрлі пікір қайшылығын тудырды. Бірақ басым көпшілігі – 32 партия мүшесі – бойкотты қолдады, үшеуі – қарсы, бесеуі – қалыс қалды.

"Мұндай шешім шынымен де қиын. Бірақ мен уақыт өте келе біздің шешіміміз дұрыс болғанын тарих өзі көрсетеді деген сенімдемін. Менің ойымша, бұған барлығы да көз жеткізеді. Парламенттің сайланбайтынына, оның тек басқарылатынына көз жеткізесіздер әлі", - деді Рақымжанов дауыс беру қорытындыларын шығарғаннан кейін.

Сонымен бірге, ол алдағы уақытта партияның жұмысын жалғастыра беру керектігін баса айтты.

"Өмір бұл бойкотпен тоқталмайтыны анық, әлі де сайлау болады. Біз партия құруды жалғастыруымыз керек. Уақыт өте жылдам. Біз биыл көп нәрсе жасауға тырыстық, бірақ объективті факторлар бізге кедергі болды", - деді ол.

Рақымжанов келесі жылы жақсы әрі жаңа мүмкіндіктер болады деп санайды. Сонымен бірге партияның келесі саяси кеңесінің жаңа бағдарламасын жасау туралы шешім қабылданды.

"Біз жаңару бағытын жариялауымыз керек. Партияның жаңаруы маңдайшадағы жазуды ауыстыру сияқты болмауы керек. Біз жұмыс әдісін өзгертуді де қолға алуымыз керек. Саяси кеңестің келесі отырысына партияның жаңа бағдарламасын әзірлеу қажет", - деді Рақымжанов.

Рақымжановтың айтуынша, президенттік сайлауға қатыспаған ЖСДП-ның парламенттік сайлауға бойкот жариялауы партияға ешқандай қауіп төндірмейді.

"Партиямыздың жабылуы үшін біз қатарынан екі парламенттік сайлауды өткізіп жіберуіміз керек", - деп түсіндірді ЖСДП жетекшісі.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына кандидат болды

Айта кету керек, 18 қыркүйекте ЖСДП төрағасының орынбасары Айдар Әлібаев партия келесі парламенттік сайлауға бойкот жарияламайды деп мәлімдеген болатын.

Ал енді Қазақстанның бес саяси партиясы мәжіліс пен мәслихаттардағы орындарға таласады. Олар : Nur Otan, "Ақ жол" демократиялық партиясы, "Ауыл" ауылшаруашылық партиясы мен Adal (бұрынғы "Бірлік") және Қазақстан коммунистік халық партиясы.

914
Кілт сөздер:
партия, сайлау
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
Adal партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін бекітті
"Ауыл" партиясы ОСК-ге мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін тапсырды
"Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады
Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті
Мәжіліс сайлауы: Қазақстанда кандидаттарды ұсыну кезеңі басталды
Адамның қолы

Үш адам қайтыс болды БҚО-дағы қайғылы жағдайдың мән-жайы

245
(Жаңартылды 09:51 30.11.2020)
Жол апаты жексенбі күні Казталовка – Чапаево жолында болды. Үш адам көз жұмды, өзге жолаушылар ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында "Волга" және Lada Granta көліктері соқтығысып жүргізуші мен екі жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды "Мой город".

Жол апаты жексенбі күні Казталовка – Чапаево жолының 16-шы шақырымында сағат 15.46-да болған. 

"Лада" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы мерт болды (30 жастағы және шамамен 40-50 жастағы ер адамдар мен 52-дегі әйел).

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЗКО ONLINE (@zkoonline)

Осы көліктің тағы екі жолаушысы мен "Волганың" жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 27 жастағы әйел комаға түсті. 69 жастағы ер адамның миы шайқалған, 17 жастағы жасөспірімнің қолы сынды.

245
Кілт сөздер:
жол апаты, қайғылы оқиға, адам, Батыс Қазақстан облысы
Тақырып бойынша
БҚО-да 16 жастағы қыз үш бауырын өрттен құтқарып қалды, анасы көз жұмды
Тоғыз адам көз жұмды: Атырау облысында жантүршігерлік апат болды
БҚО-да жас жігіт жұмбақ жағдайда қаза болды: ата-анасы достарын кінәлайды
Жұмыстан келе жатқан: Қостанай облысында полицей әйелді көлік қағып өлтірді
Алматы блок бекетіндегі апат: аман қалған полицей не жағдай болғанын айтты