Үкімет ғимараты

Жаңа министрлер Қазақстан халқына ант берді

554
Аймағамбетов, Мырзағалиев және Райымқұлова оң қолын Конституцияға қойып, қазақ тілінде ант қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Үкіметтің кезекті отырысы жаңадан тағайындалған министрлердің ант беру рәсімінен басталды, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет басшысы Асқар Мамин жаңа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті, экология, геология және табиғат ресурстары министрі Мағзұм Мырзағалиевті, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы және сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты құттықтап, жұмысына табыс тіледі.

Осыдан кейін Аймағамбетов, Мырзағалиев және Райымқұлова оң қолын Конституцияға қойып, қазақ тілінде ант берді.

"Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында, өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық, конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қауымдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", - деді олар.

Айта кетсек, Қазақстан президенті жарлығымен Күләш Шәмшидинова басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босап, оның орнына білім және ғылым министрі болып Асхат Аймағамбетов тағайындалған болатын. Ол бұған дейін де білім министрлігінде қызмет етті. Ал бұрынғы мәдәниет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының орнына орынбасары Ақтоты Райымқұлова келді.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы облыс әкімдерін тағайындады

Тоқаевтың жарлығымен екі министрлік құрылды. Сауда және интеграция министрлігін Нұр-Сұлтан қаласының экс-әкімі, бұрынғы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, ал экология, геология және табиғат ресурстары министрлігін бұрынғы энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев басқарды.

554
Кілт сөздер:
Қазақстан халқы, министрлер, ант
Тақырып бойынша
Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа бастық тағайындалды
Жаңа мәдениет министрі: Ақтоты Райымқұлова туралы не білеміз?
Бақыт Сұлтанов жаңа министрлікті басқарады
Тоқаев жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның басшысын қызметінен босатты
Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқарады
Көлгіновтің әкім қызметіндегі бірінші демалысы қалай өтті
Нұржан Әлтаев

Nur Otan-нан кеткен экс-депутат халық үкіметін құруды ұсынды

66
(Жаңартылды 12:29 22.01.2021)
Экс-депутат мұндай тәжірибе Қазақстанда енгізілсе, көлеңкелі министрлер кабинеті биліктің жұмысын сынға алып, тиімді шешімдерді қабылдауға көмектеседі

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда тіркелмеген "El Tiregi" партиясын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Нұржан Әлтаев халықтық көлеңкелі үкіметтің құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тіркелмеген "El Tiregi" партиясы елімізде алғаш рет халықтың көлеңкелі үкіметін құру қажеттігін мәлімдейді. Бұл жерде "көлеңкелі үкімет" деген сөзден қорқудың қажеті жоқ. Себебі ол – дамыған мемлекеттерде, әсіресе, Батыс Еуропа елдерінде және АҚШ-та, жалпыға ортақ тәжірибе. Англия, Канада мен Германияда бұрыннан бар", – дейді Әлтаев.

Оның айтуынша, шетелде көлеңкелі үкіметтің қызметін мемлекеттің өзі ынталандырып отырады. Ал халық ондай жұмысты қолдайды.

"Мәселен, Англияда жеңіске жеткен партия әдеттегідей өз үкіметін жасақтайды. Ал оппозициялық партия көлеңкелі үкіметті жасайды. Бірақ оны мемлекеттің өзі, тіпті, жеңіске жеткен партия да қолдап отырады. Англияда көлеңкелі үкіметті бюджеттің есебінен қаржыландырады. Мүшелеріне жалақы төленеді. Сондай-ақ көлеңкелі үкіметтің өкілдері сайланған үкіметтің барлық отырысына қатысады. Ал белгілі бір министр бағдарлама немесе қандай да бір бастама көтерсе, көлеңкелі үкімет өз пікірін айтады, оппонент ретінде сөз сөйлейді. Бұдан ұтатын халық. Себебі кез келген мәселенің екі жағын көре алады", – деп атап көрсетті Әлтаев.

Оқи отырыңыз: Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі өзгерді

Экс-депутат осы тәжірибені Қазақстанда енгізуді ұсынып отыр. Көлеңкелі министрлер кабинеті биліктің жұмысын сынға алып, тиімді шешімдерді қабылдауға көмектеседі.

"Сондықтан бізге көлеңкелі үкіметті жасақтау қажет деп санаймыз. Ол жерде әрбір министр биліктегі министрдің жұмысын бақылайды, терең талдау жасайды, баға береді, белгілі бір мәселені шешудің баламалы жолдарын ұсынады", – дейді Әлтаев.

Экс-депутат Nur Otan-ның қатарынан неге кетті?

Өткен жылдың соңында сол кездегі Nur Otan-ның мүшесі Нұржан Әлтаев "El Tiregi" өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағы негізінде жаңа саяси партияның құрылатынын мәлімдеді. Үш күннен кейін ол депутаттық мандаттан айырылды. Артынан билік партиясының қатарынан да шығарылды. Ал Әлтаевтың өзі "байлаулы қолымды шешті" деп айтты.  

Сол кезде депутат біздің билікке сын қажет деді. Ондайда мәселелерді мойындау керек және бәрін бірге шешу керек. Ол үшін шындық айтылуы тиіс деп санайтынын жеткізді.

"Nur Otan партиясы, өкінішке қарай, бүгінгі күні бұл шындық пен сынға әлі дайын емес. Сондықтан адамдардың проблемаларын айтқан депутатты шығарып тастау туралы шешім қабылданған шығар", – деді ол.

Айта кетейік, Әлтаев депутаттардың жалақысы негізсіз төленетінін де ашық мәлімдеген.

66
Кілт сөздер:
экс-депутат, Нұржан Әлтаев
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағын беру халыққа шынайы көмек пе?
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі оффшорды жабуға қатысты ойын айтты
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев
Депутат Әлтаев Nur Otan қатарынан шығарылды
Нұржан Әлтаев депутаттарға жалақы негізсіз төленетінін айтты
Архивтегі фото

Зейнетақы жинағын пайдалану: ертең өтінім қабылдайтын портал іске қосылады

230
(Жаңартылды 11:51 22.01.2021)
Бүгінгі күні Тұрғын үй жинақ банкінде зейнетақы төлемін алуға арналған 57 мыңнан астам арнайы есепшот ашылды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. "Отбасы банк" (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi, ТҚЖБ) уәкілетті оператор ретінде 23 қаңтардан бастап зейнетақы төлемін пайдалануға өтініш тапсыратын арнайы онлайн платформаны іске қосады, деп хабарлады банк.

"Отбасы банк" – біржолғы зейнетақы төлемін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделу ақысын төлеуге қолдану бойынша уәкілетті орган.

"Біржолғы зейнетақы төлемін тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында қолдануды көздеп отырған БЖЗҚ салымшылары 13 қаңтардан бастап "Отбасы банкінде" онлайн режимде 57 000-нан астам арнайы шот ашты", деді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Біржолғы зейнетақы төлемдері тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін мынадай мақсаттарға пайдаланылады:

  • тұрғын үйді сатып алу-сату, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау (айырбас жасау) шарттары бойынша, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес кепілдік болған кезде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша толық есеп айырысу;
  • жеке тұрғын үй салу үшін (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) толық есеп айырысу;
  • ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру үшін бастапқы жарна енгізу;
  • ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру, берешекті ішінара немесе толық өтеу;  
  • ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үй сатып алу;
  • сатып алу құқығы берілген тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу.

Біржолғы зейнетақы төлемі белгіленген талаптарға сәйкес шектеусіз пайдаланылады.

Өтініш беруші адам жұбайының және (немесе) жақын туыстарының біржолғы зейнетақы төлемін пайдалануы үшін тараптар жеке кабинетте біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады.

Алушының меншігінде тұрғын үйдің болуы біржолғы зейнетақы төлемдерін алудан және пайдаланудан бас тартуға негіз болмайды.

Оқи отырыңыз: Halyk Bank зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың шарттарын атады 

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асырылады.

Біржолғы зейнетақы төлемі алушының жұбайынан, жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға берілмейді.

Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалана отырып меншікке ресімделген жылжымайтын мүлікті бес жыл ішінде сатуға болмайды. Егер мүлік сатылатын болса, біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын қайтаруға тура келеді. Норма 5 жылдан астам өтеу мерзімі қалған және олар бойынша өтелмеген берешегі бар ипотекалық тұрғын үй қарыздарына ғана қолданылады. Яғни, егер ипотека бұрын төленсе, мораторий алынып тасталады.

Ереженің толық мәтінін мына жерде оқуға болады.

230
Тақырып бойынша
"Әділ болуы керек": Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану туралы айтты
Зейнетақы қорынан алуға болатын қаржы көлемі ұлғайды
Зейнетақы жинағын пайдалану: депутат "асықпайтын" үкіметті сынап тастады
Қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы соманы қалай тексере алады
COVID-19 ауруханасы

COVID-19 ауруханасы төңірегіндегі дау: жемқорлыққа қарсы агенттік түсініктеме берді

0
18 қаңтарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматыда инфекциялық аурухана салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру туралы іске түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Аталған қылмыстық іс ішкі мемлекеттік аудит актісі бойынша тіркелді. Тергеу барысында келтірілген нақты шығынды анықтау үшін актілер тексеріс жүргізу үшін тіркеледі. Ақшаның ұрланып-ұрланбағанын және сомасын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалады. Көп жағдайда бұрын айтылған шығын сомасы расталмай жатады, тіпті, істер тоқтатылған кездер де болған", - деп түсіндірді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров брифингте. 

Айтуынша, қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

"Тергеу барысында ақша шынымен жымқырылды ма, жоқ әлде бұл қандай да бір заңбұзушылық па, мұның бәрі анықталады", - деп нақтылады ол.

Жемқорлыққа қарсы агенттік тергеу барысы туралы қосымша ақпарат береді. 

"БАҚ-та резонанс туғызбауды өтінеміз. Бұл акті бойынша әдеттегі тіркеу, бізде ондай көп. Тергеу барысы туралы қосымша хабарлаймыз", - деді Биғайдаров. 

COVID-19 ауруханасы төңірегіндегі дау

18 қаңтарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, бұл іске "Bi-Industrial" ЖШС директорының да қатысы бар екені айтылды.

БАҚ хабарлағандай, олар COVID-19 науқастарына арналған модульдік аурухананы салу кезінде 3,9 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. 

Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін БАҚ-та Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Алайда қала әкімдігі мұны жоққа шығарды. 

Алматы әкімінің баспасөз қызметі Сапар Нұрашевтың өз жұмыс орнында екенін растайтын видео түсірді.

 

0