Нұрсұлтан Назарбаев  пен  Қасым-Жомарт Тоқаев

"Бұл уақытша ғана нәрсе екен...": Қасым-Жомарт Тоқаев ашық сұқбат берді

27387
(Жаңартылды 22:24 21.07.2019)
Мемлекет басшысы туралы "Президент 2.0" деректі фильмі жексенбі күні сағат 22:00-де эфирге шығады

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік журналист Алексей Пивоваровтың "Президент 2.0" деректі фильмінде алғаш рет өзі және отбасы туралы айтты.

"Алғашқы күндері жаңа лауазымға үйренбедім. Әсіресе, көпшілік жиналған іс-шараларда үйреншікті болған жоқ. "Президент, президент" дегенді естігенде, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіп қалған шығар деп ойлайтынмын. Бірақ бұл уақытша ғана нәрсе екен, жақсы нәрсеге тез үйренесің", - деді Тоқаев сұқбат барысында.

Деректі фильм 21 шілде күні сағат 22:00-де 31-арнадан эфирге шығады. Қасым-Жомарт Тоқаев отбасының тағдырына XX және XXI ғасырдағы Қазақстан тарихының қаралы беттері әсер еткенін айтады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресей, Қытай сынды елдермен байланысы туралы айтады. Өзі кездескен әлемдік саясаткерлерге баға береді.

Көрермен Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзін мақтаған адамдар туралы не ойлайтынын, дінге деген көзқарасын және қандай кітап оқитынын біле алады.

27387
Кілт сөздер:
сұхбат, Қасым-Жомарт Тоқаев, Назарбаев, президент
Тақырып бойынша
Ажырасқан: Ақорда Тоқаевтың өмірбаянын жариялады
Тоқаев Киотодағы өртке байланысты Жапония премьер-министріне көңіл айтты
Мемлекет басшысы басы дауға қалған вице-министрді қызметінен алып тастады
Президенттің атынан жалған ақпарат таратылып жатыр - Тоқаевтың баспасөз хатшысы
Жас кезінен президенттікке дейін: желіде Тоқаевтың сирек фотолары жарияланды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш

Тоқаев БҰҰ бас хатшысына жеделхат жолдады

2215
(Жаңартылды 11:26 24.10.2020)
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстан толығымен қолдайтынын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

"Бүгінде барлық ұлт өткенге көз жүгірте отырып, БҰҰ-ның осы жылдар ішінде қол жеткізген үздіксіз ілгерілеудің жарқын жолын мақтанышпен бағалай алады. Тіпті қазіргі, әлем бастан кешіп отырған геосаясат пен экономикадағы, әсіресе, денсаулық сақтау саласындағы ауыр дағдарысты бастан өткеріп отырған кезде, БҰҰ-на миллиондаған адам, оның ішінде, осал топтар үлкен үмітпен қарайды", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы БҰҰ жүйесінің тиімділігін, есеп беретіндігін және мәмілегершілігін арттыруға бағытталған Антониу Гутерриштің стратегиясы мен айнымас күш-жігерін толық қолдайтынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ауысты 

"Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген негізгі мақсаттар мен қағидаттардың сақталуына және қорғалуына тікелей жауаптымыз. БҰҰ-ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстан толығымен қолдайтынын растаймын", – деді Қазақстан президенті.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке және БҰҰ-ның барша қызметкеріне игі бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірді.

2215
Кілт сөздер:
жеделхат, БҰҰ
Тақырып бойынша
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында әлемге төнген жаңа қауіпті атады
Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды
Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына байланысты түсініктеме берді
Мишустин мен Мамин

Мишустин Маминді құттықтады

109
Тараптар телефон арқылы екі елдің сауда-экономикалық байланысын дамыту мәселесін талқылағаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Жұма күні Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.

"Михаил Мишустин Асқар Маминді 55 жасқа толуымен құттықтады. Денсаулық пен береке мен жаңа жетістіктер тіледі", - деп хабарлады Ресей үкіметінің баспасөз қызметі.

Екі елдің премьерлері сауда-экономикалық байланыс мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен жұмысты талқылады. 

Сондай-ақ, үкімет желісі бойынша алдағы келісімшарттар сөз болды.

Асқар Мамин 1965 жылы Целиноградта дүниеге келді. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстанның премьер-министрі қызметіне тағайындалды.

109
Всего в Алматы планируют высадить 250 тысяч деревьев до конца текущего года

Алматыда журналистер аллеясы пайда болды

1 / 2
0
(Жаңартылды 17:46 25.10.2020)
Алматыда жыл соңына дейін 250 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Алдағы үш жылда қалада миллион түп ағаш отырғызудың жоспары жасалған

АЛМАТЫ, 25 қазан – Sputnik. Алматыда журналистер аллеясы пайда болды. Бүгін тілшілер Абай даңғылында Жароков пен Гагарин көшесінің ортасындағы алаңға ағаш отырғызды. Іс-шараны қала әкімдігінің жасыл экономика басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Журналисты Sputnik Казахстан Айгерим Таубай, Тимур Ниталиев, Ольга Тонконог
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматылық тілшілер қала орталығында 200 түп талшын ағашын отырғызды

Алматылық тілшілер қала орталығына 200 түп талшын ағашын отырғызды. Шараға түрлі баспа және электронды ақпарат агенттіктерінің тілшілері үлес қосты. Sputnik Қазақстан тілшілері де тыс қалмады.

"Көптен бері ағаш отырғызғым келген еді. Бүгін сондай мүмкіндік туды. Оның үстіне аллея қаланың дәл ортасында орналасқан. Бір жылдан кейін бұл жер жайқалып тұрады деп үміттенемін. Сол үшін ағаштарға күтім жасап, суарып отыратын боламын", - деді Sputnik Қазақстан тілшісі Ольга Тонконог.

Журналист Sputnik Казахстан Ольга Тонконог
© Sputnik / Тимур Батыршин
Журналист Sputnik Казахстан Ольга Тонконог

Ал жасыл экономика басқармасы не себепті талшын ағашы таңдалғанын түсіндірді. Ең алдымен бұл маңды мамандар зерттеген, жел болатынын ескеріп, таңдау талшын ағашына түскен.

"Сонымен қатар талшын ағашының тамыры тереңге жайылмайды. Ағаштар өскен соң жердің астында орналасқан жүйелерге зиян келтірмейді. Оның үстіне талшын Алматымен тығыз байланысты ағаш болып саналады. Бұл ағаш елу жылдан астам уақыт өмір сүреді, діңгегі де мықты болады, ішінен шірімейді. Ағаш зақымдала бастаса, бірден байқалады. Ондай жағдайда біздің мамандар қажетті шараларды уақытында қабылдайды", - деді басқарма басшысы Наталья Ливинская.

Глава Управления зеленой экономики акимата Алматы Наталья Ливинская
© Sputnik / Тимур Батыршин
Бұл ағаш елу жылдан астам уақыт өмір сүреді, діңгегі де мықты болады, дейді Наталья Ливинская

Айта кетейік, Алматыда жыл соңына дейін 250 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған.

Наталья Ливинскаяның айтуынша, жыл сайын қалада 40 мың көшет отырғызылған. 20 жыл ішінде алғаш рет осынша ағаш егу жоспарланды.

Журналист Sputnik Казахстан Тимур Ниталиев
© Sputnik / Тимур Батыршин
Енді журналистер отырғызған ағашқа күтім жасауы қажет

"Ағашты отырғызуға әрбір қала тұрғынының атсалысқаны маңызды. Сол себепті бірқатар іс-шара жоспарланды. Соның бірі – журналистер аллеясы", - деді Наталья Ливинская.

Бұған дейін басқарма басшысы Наталья Ливинская алдағы үш жылда қалада миллион түп ағаш отырғызудың жоспары жасалғанын хабарлады. Ол қарағай, қайың, күл, үйеңкі, талшын, долана, алма, шие, өрік ағашы отырғызылатынын айтты.

Айта кетейік, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында журналистер аллеясы пайда болды.

0
Тақырып бойынша
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Екі боксшы да журналистер алдына шықпады: жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихаты
Президент блогерлер мен журналистерге ескерту жасады  
Қазақстанда митингтен хабар тарататын журналистер нені білуі тиіс
Журналистер арасында Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығы жарияланды