Саясат

Тоқаев Борис Джонсонды құттықтады

© AFP 2024 / Daniel LEAL-OLIVASҰлыбритания парламентінің ғимараты
Ұлыбритания парламентінің ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Ұлыбританиямен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және жаңа инвестициялық мүмкіндіктердің ашылуына сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Борис Джонсонды Ұлыбританияның премьер-министрі лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Борис Джонсонды Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің және Солтүстік Ирландияның премьер-пинистрі лауазымына сайлануымен құттықтады.

"Басқарушы Тори партиясының көшбасшысын сайлаудағы Сіздің айқын жеңісіңіз Ұлыбританияның игілігі жолында қол жеткізген таңқаларлық табыстарыңыздың және адал қызметіңіздің мойындалуын көрсетеді", – делінген жеделхатта.  

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ұлыбританияның стратегиялық серіктестікті берік достық, өзара сенім мен түсіністік негізде дамытып отырғанын атап өтті. Қазақстан президенті екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және жаңа инвестициялық мүмкіндіктердің ашылуына сенім білдірді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Борис Джонсонға жаңа қызметте табыс, сондай-ақ, британ халқына бақ-береке тіледі.

Бұған дейін Борис Джонсон Ұлыбританияның сыртқы істер министрі (2016-2018) және Лондон мэрі (2008 - 2016) болды.

Джонсонға дейін премьер қызметін Тереза Мэй (2013-2016) атқарған еді. 

Жаңалықтар
0