Махамбет Әбісатов

Тұрғымбаев желіні шулатқан орынбасары туралы сұраққа жауап берді

2228
Әріптестеріне тіл тигізген ішкі істер вице-министрі жұмыстан кету туралы өтінішті өзі тапсырған

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев басы дауға қалған орынбасарының жұмыстан кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ол жұмыстан кету туралы рапортты өзі берді. Біз оның өтініш қанағаттандыруға келістік. Мемлекеттік қызметшінің этикасы бұзылып отыр ғой. Иә, ол солай сөйледі. Бірақ біз оған қатысты шешім шығарған жоқпыз", - деді Тұрғымбаев журналистерге берген сұқбатында.

Айта кетейік, 19 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Махамбет Әбісатовты ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатқан болатын. Оның орнына Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы болған Арыстанғани Заппаров тағайындалды.

Вице-министрге қатысты дау

Бұған дейін желіде "На любой стрелке обосную" деп аталатын ролик жарияланған болатын. Ер адам қызметкерлерге тіл тигізген. Видеоның сипаттамасында жазба Ақтөбе облысы полиция департаментіндегі жиналыста жасалғаны айтылады. Титрде жиынға қатысушылардың бірі вице-министр Махамбет Әбісатов екені көрсетілген.

Тағы оқыңыз: Аян Дүйсенбаев жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін

Ішкі істер министрлігі аудиожазба бойынша тексеріс өткізді. Бұған дейін министр Ерлан Тұрғымбаев фоноскопиялық және филологиялық сараптама жүргізіліп жатқанын мәлімдеген болатын.

2228
Кілт сөздер:
жұмыс, Ерлан Тұрғымбаев
Тақырып бойынша
Полиция бастығы ат мініп, желіні шулатты: Тоқаев қатаң шара қолдануды тапсырды
Шымкенттік полицейдің келіншегі күйеуінің мәселесін министр арқылы шешіп алды 
"Масқара": министр Тұрғымбаев түрмеде зорлық-зомбылық жасалғанын растады
Тұрғымбаев тәулігіне 15 сағат жұмыс істейтінін айтты
Бұрынғы білім вице-министрі Суханбердиеваның 3 жасар ұлы қайтыс болды
Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

1444
Әңгіме барысында қалалық және туристік инфрақұрылымның ауқымды құрылысы жүріп жатқан Түркістанды қайта түлету мәселесі де сөз болды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстанның тұңғыш президентінің баспасөз қызметі. 

Әңгіме барысында Елбасы мен Абу-Дабидің тақ мұрагері Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян жуырда Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің Абу-Даби қаласына жасаған жұмыс сапарының нәтижелеріне назар аударды.

Оқи отырыңыз: 100 мың отбасыға 50 мың теңгеден беріледі – Назарбаев тапсырма берді

Сапар аясында Қазақстанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, мұнай химиясы және фармацевтика сияқты салаларда жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру туралы үкіметаралық құжатқа қол қойылған болатын.

Сондай-ақ тараптар қазіргі уақытта қалалық және туристік инфрақұрылымның ауқымды құрылысы жүріп жатқан Түркістанды қайта түлету тақырыбына тоқталды.

Соңында Елбасы мен Абу-Дабидің тақ мұрагері бауырлас екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі тереңдейтініне және кеңейе түсетініне сенім білдірді.

 

1444
Кілт сөздер:
Назарбаев, Елбасы
Тоқаев Шойгуді Достық орденімен марапаттады

Тоқаев Шойгуді "Достық" орденімен марапаттады

50
(Жаңартылды 20:45 16.10.2020)
Тоқаев Сергей Шойгуді Жеңістің 75 жылдығына арналған парадтың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өткізілгенімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан - Sputnik. Қазақстан президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.

"Әскери-техникалық сала, әскери бағыт Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарда маңызды орын алады", – деді gрезидент.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қол қойылған Әскери ынтымақтастық туралы шартты құптады және оның Ресей Қорғаныс министрінің Қазақстанға жасаған сапарының маңызды нәтижелерінің бірі екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сергей Шойгуді Жеңістің 75 жылдығына арналған парадтың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өткізілгенімен құттықтады.

Касым-Жомарт Токаев и Сергей Шойгу
Қазақстан президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады

Ресей Қорғаныс министрі кездесуге және қазіргі заманның өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік жасағаны үшін Қазақстан gрезидентіне алғыс айтты.

"Әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың дәстүрлі стратегиялық және одақтастық сипаты бар. Бүгінгі қол қойған келісімнің аса маңызды екені сөзсіз. Бұл барлық әскери ынтымақтастық туралы келісімдердің ішіндегі ең ауқымдысы әрі мазмұндысы", – деді Сергей Шойгу.  

Ресейдің Қорғаныс министрі Қазақстан әскерилерінің Қызыл алаңда өткен Жеңістің мерейтойлық парадына жоғары деңгейде қатысқаны үшін Мемлекет басшысына алғысын білдірді. Оның айтуынша, бұл екі ел арасындағы қатынастардың жоғары деңгейде екенін көрсетті. Сонымен қатар ол Қазақстан Қарулы Күштері сарбаздарының Халықаралық әскери ойындарға белсенді қатысқанын атап өтті.

Кездесу соңында Қазақстан президенті әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Сергей Шойгуді І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

50
Тақырып бойынша
Тоқаев елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты Маминге тапсырма берді
Ресейдің қорғаныс министрі Қазақстанға келді
Шойгу екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты жоғары бағалады
Қазақстан сыртқы істер министрі Қырғызстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Тоқаев Шпекбаевты қабылдады
Көлік қозғалысы

Нұр-Сұлтанда жаңа біржақты көше пайда болады

0
Бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданған

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 25 қазаннан бастап Family village ауданында Е652 көшесінде бір бағытты қозғалыс енгізу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданды. 

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, осы учаскелердің жол-техникалық жағдайын тексерген.

"Қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта болады. Белгіленген учаскеде бір бағытты қозғалысты енгізу көлік легінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге, қарсы бағытпен қақтығыс жағдайын азайтуға, жол апатын болдырмауға мүмкіндік береді", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар бұл өзгеріс жол қозғалысын оңтайландыру үшін және көше-жол желісіне жүктемені азайту мақсатында енгізіліп отыр.

0
Кілт сөздер:
көлік қозғалысы, көше, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Көше сыпырып кеткен: Әблязовтің елге оралған сыбайластарының тағдыры белгілі болды
Нұр-Сұлтанда ерекше көше қиылысы пайда болды – видео
Америкалықты бір соққымен құлатқан қазақ па? Көше төбелесінің видеосы
Бұрынғы кәсіби футболшы көше сыпырып кетті – видео
Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады