НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Ермұхамет Ертісбаев Қазақстанның Беларусьтегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген жарлықта.
Оның орнына Қазақстанның Беларусьтегі төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып Асқар Бейсенбаев тағайындалды.
Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы басы дауға қалған вице-министрді қызметінен алып тастады
Айта кетсек, Ермұхамет Ертісбаев – Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері. 2006-2008 жылдары мәдениет және ақпарат министрлігін басқарған. 12 жыл бойы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып қызмет атқарды.
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жаңарған үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Отырыс онлайн өтіп жатыр. Жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады.
Журналистер отырыстан жаңалықтарды "Қазмедиа орталығынан" таратады.
Еске салсақ, бұрынғы үкімет 10 қаңтарда өткен парламент сайлауынан кейін отставкаға кеткен болатын.
18 қаңтарда мемлекет басшысы Қазақстан үкіметінің жаңа құрамын бекітті.
Премьер-министр мен министрлердің басым бөлігі өз орнын сақтап қалды. Екі министр ғана ауысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Серік Шәпкенов келсе, ұлттық экономика министрлігін Әсет Ерғалиев басқарды.
Тағы оқыңыз: Мамин екі министрді не себепті ауыстырды – сарапшылар пікірі
Сондай-ақ, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төртінші вице-премьер қызметін қоса атқарады.
Қазақстанда мәжіліс сайлауы 10 қаңтарда өтті. Дауыс беру қорытындысына сәйкес, парламенттің төменгі палатасына үш партия – Nur Otan, "Ақ жол" және Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер партия) өтті.
"Nur Otan" партиясы – 76 мандат, "Ақ жол" демократиялық партиясы – 12 мандат, ал Қазақстанның халық партиясы 10 мандат алды.
Сондай-ақ, мәжіліс депутаттарының қатарына Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де енді.
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.
Оқи отырыңыз: Таза ауыз су әрбір үйде болуы керек – Тоқаев
Жаңа түзетулерге сәйкес, енді жергілікті жерде ауыз сумен жабдықтау қызметінің бағасын мәслихаттар анықтайды. Мысалы, мәслихат республика бойынша ең төменгі тарифтен төмен емес және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, орташа облыстық деңгейден жоғары емес төлемдер мөлшерін бекіте алады.
Заң жобасының негізгі мақсаты:
Айта кетейік, бүгінде халықты ауыз сумен жабдықтау қызметінің құнын төмендету мақсатында мемлекеттен субсидия бөлініп тұрады. 2021 жылда осы мақсатта 16 миллиард теңге қарастырылған.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде ауыл халқының 87 проценті орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Осы санатқа 4 078 ауыл кіреді. Олардың ішінде 42 проценті субсидия алған.
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қытайдың Ухань қаласына барған халықаралық сарапшылар ғылыми зерттеу кезінде кінәлі адамдарды табуға мүдделі екенін мәлімдеді, деп хабарлады NBC News арнасы.
Сюжет жасаған тілшілер өткен жылы көктемде Ухань қаласындағы вирусология институтының ғылыми базасын жойып тастағанын анықтады. Ол жерде 20 мың жазба болған. Ал осы материалдардың негізінде қытайлық мамандардың пандемияға дейін немен айналысқанын білуге болатын еді. Зертхананың лауазымды тұлғаларының біреуі ондай шешім "қауіпсіздік мақсатында" қабылданғанын айтты.
Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан барған сарапшылардың біреуі қытайлықтар бұған дейін жарияланбаған ақпарат ұсынғанын мәлімдеді. Бірақ сарапшылар тобы оны алдымен жан-жақты зерделеп шығуы тиіс.
"Бұл, шынымен де, саяси астары бар ғылыми сапар және ол кінәлі адамдарды табуды көздейді. Әйтсе де, ғылымға басымдық беріледі. Себебі нақты мәліметтер алдамайды", - дейді сарапшы Питер Дасцак.
"Біз пандемияның Уханьдағы аурудың өршуінен басталғанын сеніммен айта аламыз", - дейді биолог-эволюционист Трэвор Бедфорд.
Осы орайда сюжет авторы Қытайда COVID-19 туралы ашық айтқан ондаған журналист пен өзге адамдардың қамауға алынғанын да еске алды. Соған қарамастан, ДДҰ-ның сарапшылар тобы вирустың шығу жерін әлі де зерттеу керек дейді.