Портфель

Мемлекеттік қызметкерлердің саны 25 процентке қысқарады президент жолдауы  

3614
Үнемделген ақша қалған қызметкерлерді материалдық ынталандыруға жұмсалады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. 2024 жылға қарай мемлекеттік  қызметкерлер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің саны 25 процентке қысқарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2020 жылдан бастап біз мемлекеттік қызметкерлер санын біртіндеп қысқартуға кірісеміз. Ал үнемделген ақша қалған жұмысшыларды материалдық ынталандыруға жұмсалады", - деді Тоқаев алғашқы жолдауында.

Президент мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттыру үшін олардың қатарына жас кадрларды тарту қажеттілігін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев педофилияға қарсы қылмыстық жазаны қатаңдатуды тапсырды

"2024 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 процентке, яғни төрттен бірге азайту керек", - деді мемлекет басшысы.

3614
Кілт сөздер:
мемлекеттік қызметкерлер, Қасым-Жомарт Тоқаев, Жолдау - 2019
Тақырып:
Президент жолдауы - 2019 (26)
Тақырып бойынша
Қазақстанда шағын бизнес салықтан босатылады – президент жолдауы
"Мемлекеттілікті жоғалтып алуымыз мүмкін": Тоқаев басты қауіпті атады
Тоқаев келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы қаншаға өсетінін айтты
Тоқаев 5% қосымша зейнетақы жарнасын аударуды кейінге шегерді
Мемлекет басшысы қандай жағдайда митинг өткізуге рұқсат етілетінін мәлімдеді
Аида Балаева

Билік пен қоғам арасындағы диалог: азаматтық форум онлайн режимде өтіп жатыр

26
(Жаңартылды 11:59 23.11.2020)
Азаматтық форумды ашқан Аида Балаеваның айтуынша, ұзақ мерзімді мүдделер уақытша қиындықтардан басым болады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен және Қазақстанның азаматтық альянсы ұйымының ұйымдастыруымен IX Азаматтық форум онлайн режимде басталды. Биылғы форум "Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы" тақырыбы аясында өтуде.

"Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жол ашқан және жаһандық пандемия жағдайындағы қазіргідей шектеулерге қарамастан мемлекет басшысы табысты алға жылжытқан азаматтық бастамалардың қолжетімді болуы және оның күн тәртібіне шығарылуы зор маңызға ие. Бұл дегеніміз, ұзақ мерзімді мүдделермен ұштасатын біздің кез-келген саладағы өзара іс-қимылымыз уақытша қиындықтардан басым түсетіндігін білдіреді", – деді ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева.

Министр билік өкілдері мен сарапшылар қауымдастығы, іскер топтар мен азаматтық қоғам белсенділері арасындағы диалог одан әрі тең құқылы ынтымақтастықты дамытуға, сенім мен өркендеуді арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

"Жаһандық өзгерістер дәуірінде орнықты әлеуметтік дамуда жаңа міндеттер мен өзекті мәселелердің шешімін бірлесе іздеу, кезек күттірмейтін шауралардың бірі болып табылады. Бұл ретте, әрине бәрімізге бастамашылдық пен шығармашылық шеберлік, табандылық пен табысқа деген сенімділік қажет", – деп қосты Балаева.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік арнадағы түрік сериалдары қысқарады - ақпарат министрі

Айта кетейік, Азаматтық форум аясында қоғамдық кеңестердің тәжірибелік тиімділігін арттыру мен азаматтық қоғамды дамытудың мәселелері мен басымдықтары талқыланады. Шара барысында ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров пен бірінші қаржы министрі Берік Шолпанқұлов және денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған. Бағдарламаның толық нұсқасымен мына сілтемеге өту арқылы танысуға болады.

26
Кілт сөздер:
форум, қоғам
Тақырып бойынша
Балаева әр балаға 21 мың теңге қалай төленетінін түсіндірді
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады? Балаева түсіндірді
Аида Балаева анонимді Telegram-арналарды бұғаттауға қатысты пікір білдірді 
Қазақстан үкіметі

Украина шенеуніктері Қазақстанға жалған анықтамамен келді деген ақпарат түсіндірілді

262
(Жаңартылды 11:46 23.11.2020)
Бұған дейін БАҚ Украина делегациясы Қазақстанға коронавирус тест қорытындысының жалған анықтамасымен келгенін хабарлаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша — Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин анықтама мерзімі өтіп кеткендіктен, украиналық делегациямен кездескен жоқ, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклийдің сапары аясында Қазақстанның индустия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Украина инфрақұрылым министрлігі аясында меморандумға қол қойылды.

Украиналық тараппен Қазақстан үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр кездесті.

"Қазақстандық тарап Асқар Мамин мен Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий кездесуін ұйымдастыруға дайын болды. Алайда ПТР-анықтаманың мерзімі өтіп кеткендіктен (5 күннен асып кеткен) украиналық делегация премьер-министрмен кездесе алмады", - делінген хабарламада.

Пандемия кезінде кездесуге қатысушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар санитарлық талап енгізілді. ПТР-анықтаманы ұсыну солардың қатарында.

Бұған дейін Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий пен Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский халықаралық даудың ортасында қалғаны хабарланған болатын.

Олар Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминмен кездесуге жалған ПТР-анықтамамен келді, деп жазды "Комсомольская правда Казахстан".

262
Кілт сөздер:
анықтама, түсініктеме, үкімет, Украина, Қазақстан
Тақырып бойынша
Тоқаевтың сөзінен кейін Украина сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісін шақырды
"Украина мұны ұмытпайды": Зеленский Қазақстанға не үшін алғыс айтты
Мамин Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы ұсынысқа жауап берді
Мамин Қазақстан азық-түлік импортынан қашан құтылатынын айтты
Тауарлардың заңдылығын мобильді қосымша арқылы тегін тексеруге болады – Мамин
Алматы, архивтегі фото

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

0
Тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейд жүргізеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді, деп хабарлады Polisia.kz.

Қазақстан аумағында осы жылдың 23 қарашасында басталған "Құқық тәртібі" жедел алдын алу іс-шарасы 30 қараша айына дейін жалғасады. Осыған байланысты Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. 

Қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Манап Саттаровтың айтуынша, аталған іс-шараға полиция қызметкерлерімен қоса Ұлттық ұлан сарбаздары да жұмылдырылады.

"Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін полицияның жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Қала бойынша полиция жасақтары көбейтіліп, "Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік" қағидасы бойынша тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейд жүргізеді", - дейді ол.

Сондай-ақ көші-қон заңдарын бұзатын келімсектерді анықтау үшін құрылыс алаңдары мен тамақтану орындары тексеріледі. Арнайы есепте тұратын адамдар мен азаматтық қару иелері де полицияның назарынан тыс қалмайды.

"Ал жедел басқарма қызметкерлері пәтер тонау, көлік ұрлығы сияқты қылмыстарды жасайтын қылмыстық топтар мен із-түзсіз жоғалған адамдарды және бұрын қылмыс жасап іздеу жарияланған адамдарды анықтауға бағытталған жұмыстарды атқарады", – деп түйіндеді Саттаров.

Алматыда 10 адамды өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Айта кетейік, кең көлемде ұйымдастырылып отырған аталған іс-шара қылмыстық ахуалды тұрақтандыруға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

0
Кілт сөздер:
полиция, Алматы
Тақырып бойынша
Жалған 900 мың долларды сатпақ болған Алматы тұрғыны ұсталды
Алматылық ағайындылар қылмысы әшкере болды
Дәретханада қыздарға порно көрсеткен ер адам 10 жылға сотталды
Нұр-Сұлтанда әйелдерге шабуыл жасаған шетелдік ұсталды