Сенат төрағасы Дариға Назарбаеватың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысы басталды

Дариға Назарбаевa жаңа қызметіне кірісті 

6888
(Жаңартылды 11:17 18.09.2019)
Сенат төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі жер бетіндегі бітімгершілік процесіне өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН,18 қыркүйек — Sputnik. Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысы басталды. Бүгін сенат төрағасы Дариға Назарбаева хатшылық төрағасы ретінде отырысты алғаш рет өткізіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Тәуелсіздік жылдарында өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықтың тірегіне айналған елдің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын ең ірі әлемдік діндер мен конфессиялардың басшылары қолдады. Оның конфессияаралық ашық диалог өткізу идеясын сол сәтте барша әлемнен қолдау тапты. Содан бері Қазақстанның тұңғыш президентінің стратегиялық салмақты әрі көреген бастамасы өзінің өзектілігін жоғалтқан емес", - деп бастады сөзін Назарбаева.

"Құрметтеуі қажет": Назарбаева "Теңіздегі" қақтығысқа пікір білдірді

Оның айтуынша, жаңа мыңжылдықтың басында ірі конфессияаралық ашық диалог өткізу нағыз революциялық бастама болды. Бүгінде осы шара ірі конфессия басшыларының дәстүрлі кездесуіне айналды.

ХVIII заседание секретариата Съезда лидеров мировых и традиционных религий под председательством спикера сената Дариги Назарбаевой
© Sputnik / Владислав Воднев
Сенат төрағасы Дариға Назарбаеватың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысы басталды

"Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі жер бетіндегі бітімгершілік процесіне, адамдарды төзімділік пен өзара сыйластық рухында тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты деп санаймын. Съездің алғашқы декларациясында қатысушылар діни ерекшеліктерді өшпенділік пен алауыздық құралы ретінде пайдалануға жол бермеуге барынша күш салып, адамзатты діндер мен мәдениеттердің жаһандық қақтығысынан қорғауға дайын екенін, сондай-ақ, шындық, әділдік пен сүйіспеншілік сияқты құндылықтарды кез келген уағыздың негізгі мақсаты ретінде ілгерілетуге мүделлі екенін мәлімдеген", - деп атап көрсетті Назарбаева.

  • Қазақстанның бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысында
    Қазақстанның бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысында
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысы
    Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысы
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысы
    ХVIII заседание секретариата Съезда лидеров мировых и традиционных религий
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысы
    Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысы
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысы
    Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысы
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Шіркеу қызметкері Дмитрий Сафонов
    Шіркеу қызметкері Дмитрий Сафонов
    © Sputnik / Владислав Воднев
1 / 6
© Sputnik / Владислав Воднев
Қазақстанның бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысында

Осы орайда хатшылық жетекшісі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Сирия мәселесін Нұр-Сұлтан қаласында реттеу бастамасын да еске салды. Оның айтуынша, осы бастамадан кейін өңірдегі жағдай жақсара бастады.

"Құрметті қонақтар, біздің алдымызда 202 жылға жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің күн тәртібіндегі негізгі тақырыптарды тұжырымдау және оны өткізуді ұйымдастыру бойынша жауапты жұмыс күтіп тұр", - деді Назарбаева. 

Отырыс кезінде сан алуан конфессия өкілдері хатшылықтың бұрынғы төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбегін ерекше атап өтті. Дариға Назарбаева оның бұған дейін атқарған жұмысына жоғара баға берді.

Айта кетейік, бұған дейін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің хатшылығын сенаттың экс-төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев басқарды. Осы қызметке Дариға Назарбаева келгеннен кейін оған хатшылықты басқару құзіреті де табысталды.

6888
Кілт сөздер:
дін, Дариға Назарбаева
Тақырып бойынша
Тоқаев Назарбаеваны сенат спикері етіп қайта сайлауды ұсынды
"Жазаны қатаңдату керек": Тоқаев пен Назарбаева не туралы сөйлесті?
Дариға Назарбаева Елбасыға "Құрметті сенатор" төсбелгісін табыстады
Тоқаев Дариға Назарбаеваның қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды
Назарбаев сенаторларға: керек болса, өз ойымды айтып отырамын
Бас мүфти Дариға Назарбаевадан көмек сұрады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш

Тоқаев БҰҰ бас хатшысына жеделхат жолдады

1628
(Жаңартылды 11:26 24.10.2020)
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстан толығымен қолдайтынын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

"Бүгінде барлық ұлт өткенге көз жүгірте отырып, БҰҰ-ның осы жылдар ішінде қол жеткізген үздіксіз ілгерілеудің жарқын жолын мақтанышпен бағалай алады. Тіпті қазіргі, әлем бастан кешіп отырған геосаясат пен экономикадағы, әсіресе, денсаулық сақтау саласындағы ауыр дағдарысты бастан өткеріп отырған кезде, БҰҰ-на миллиондаған адам, оның ішінде, осал топтар үлкен үмітпен қарайды", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы БҰҰ жүйесінің тиімділігін, есеп беретіндігін және мәмілегершілігін арттыруға бағытталған Антониу Гутерриштің стратегиясы мен айнымас күш-жігерін толық қолдайтынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ауысты 

"Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген негізгі мақсаттар мен қағидаттардың сақталуына және қорғалуына тікелей жауаптымыз. БҰҰ-ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстан толығымен қолдайтынын растаймын", – деді Қазақстан президенті.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке және БҰҰ-ның барша қызметкеріне игі бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірді.

1628
Кілт сөздер:
жеделхат, БҰҰ
Тақырып бойынша
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында әлемге төнген жаңа қауіпті атады
Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды
Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына байланысты түсініктеме берді
Мишустин мен Мамин

Мишустин Маминді құттықтады

45
Тараптар телефон арқылы екі елдің сауда-экономикалық байланысын дамыту мәселесін талқылағаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Жұма күні Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.

"Михаил Мишустин Асқар Маминді 55 жасқа толуымен құттықтады. Денсаулық пен береке мен жаңа жетістіктер тіледі", - деп хабарлады Ресей үкіметінің баспасөз қызметі.

Екі елдің премьерлері сауда-экономикалық байланыс мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен жұмысты талқылады. 

Сондай-ақ, үкімет желісі бойынша алдағы келісімшарттар сөз болды.

Асқар Мамин 1965 жылы Целиноградта дүниеге келді. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстанның премьер-министрі қызметіне тағайындалды.

45
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты

"Дүрліктіруге ниетті": министрлік атышулы фильмге қатысты түсініктеме берді

102
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде ел азаматтары ашық нәсілшіл шабуылдарға наразы екені айтылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Фильм авторлары арандату жолымен Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін мазақ етіп, дүрліктіруге ниетті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

"Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа ұшыруда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 23 қазанда бір топ жас АҚШ Бас консулдығына жиналып, "Борат-2" фильмінің шығуына қарсы шықты. Олар фильмге тыйым салуды талап етіп, петициясын ұсынды.
Ұйымдастырушылар бұл петиция арқылы қоғамда теріс реакция тудырған фильмнің көрсетілуіне тыйым салуды сұрайды, олардың пікірінше, ол бүкіл мемлекеттің беделін түсіреді.

Бұған дейін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова британдық актер және режиссер Саша Барон Коэннің атышулы "Борат-2" фильмі туралы пікір білдірген еді. 

Министрдің айтуынша, сенсациялық фильмнің Қазақстанда пайда болуы фактісін елемеуге болмайды. 

"Борат" тарихы

"Журналист" Борат Сагдеевтің Америкаға сапары туралы 2006 жылы шыққан фильм хитке айналды. Бұл фильмді шығаруға 18 миллион доллар жұмсап, оны дайындағандар 261,5 миллион доллар пайда тапты. Тіпті, "Алтын глобус" иегері атанды және "Оскарға" ұсынылды.

Ал Қазақстанда фильм қоғам тарапынан наразылық тудырды. Фильм түсірушілерге елді қорлады деген айып тағылды.

Екінші бөлімнің сюжеті бойынша, ойдан шығарылған кейіпкер, қазақстандық журналист Бораттың тағы да АҚШ-қа жолы түседі. Ол америкалықтардың әдеттегі өмір салтын гротеск тәсілімен мазақ ете келе, президенттік сайлау қарсаңындағы елдің саяси өмірін зерттейтін болады.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді

Жаңа трейлер шыққаннан кейін көптеген қазақстандық фильмді теріс бағалады. Осыдан кейін әлеуметтік желіде "Бораттың" жалғасының шығуына қарсы флешмоб ұйымдастырылды. Оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі қолданушылар қосылды, олар #СancelBorat хэштегімен фильмге қарсы шығып жатыр.

102
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, Борат