Саясат

"Мен құр уәде бермеймін": Тоқаев ауқымды реформалар туралы айтты

© REUTERS / Eduardo MunozПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на 74-й сессии Генеральной Ассамблеи Организации Объединенных Наций (ООН)
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на 74-й сессии Генеральной Ассамблеи Организации Объединенных Наций (ООН) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мемлекетті басқару формуласы туралы айтты. Ол құр уәде бермейтінін айтып, өзін нақты істің адамымын деді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент лауазымында тұңғыш рет Біріккен ұлттар ұлттар ұйымының бас ассамблеясының 74-ші сессиясында сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның басты мақсаты мен өзінің саяси бағдарламасы туралы айтты. Ол сөзін қазақ тілінде бастап, ағылшын тілінде жалғастырды.

"Қазақстанның саяси жүйесіндегі менің формулам – мықты президент, беделді парламент пен жауапты үкімет. Бұл идея біздің халқымыздың негізгі талабына сай деп ойлаймын. Бейбіт болашаққа кепіл бола алады ", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол жаңа президент ретінде, ең алдымен, жалпыға бірдей ауқатты мемлекетті қалыптастыруды көздейтінін айтты. Оның басты мақсаты – мемлекеттік реформалардың игілігін қазақстандықтарға көрсету. Елде мықты экономика, сапалы білім мен алдыңғы қатарлы медицина болуын қамтамасыз ету.

"Терең саяси трансформация жүзеге асырылмайынша, Қазақстанның сәтті әлеуметтік-экономикалық даму тарихы болмайды", - деді Тоқаев.

Президент Қазақстанда демократия енді дамып келе жатқанын атап өтті. Сондықтан үнемі зерттеуді қажет етеді деп отыр.  

"Біз үнемі оны дамыту мүмкіндігін іздейміз. Бұл саладағы тәжірибені зерттеп, енгізіп жатырмыз. Мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрдым. Бұл үкімет пен қоғам арасында диалогқа жол ашады. Мен "идеялар әртүрлі, халық бір" деген көзқарастамын", - деді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев неге бірнеше маңызды ауыс-түйіс жасағанын түсіндірді

Мемлекет басшысы елдегі құқық қорғау органдарын ауқымды реформалар күтіп тұрғанын айтты. Тоқаев әр сала мен күнделікті өмірде заң үстемдігін қамтамасыз етуге уәде берді. 

"Мен құр уәде бермеймін. Нақты істерді жүзеге асыруды көздеп отырмын. Мен өз бағдарламамды бұлжытпай орындайтын боламын", - деді мемлекет басшысы.

Жаңалықтар
0