Саясат

Тоқаев пен Лавров Нұр-Сұлтанда кездесу өткізеді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуМинистр иностранных дел России Сергей Лавров, архивное фото
Министр иностранных дел России Сергей Лавров, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің Сыртқы істер министрі Қазақстанға келеді. Сергей Лавровтың ресми сапары 8-9 қазанға жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан — Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 8-9 қазанда астанаға келеді. Бұл туралы брифингте Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Ресми сапары аясында Сергей Лавров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездеседі деп жоспарланып отыр.

"Сыртқы істер министрлері Қазақстан-Ресей әріптестігінің негізгі мәселелерін талқылайтын болады. Біріккен ұлттар ұйымы, ТМД, ЕАЭО, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы сынды халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясындағы екі елдің өзара әрекеттестігі сөз болады", -деді брифинг барысында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Екі елдің сыртқы саяси ведомствосының басшылары жаһандық, өңірлік қауіпсіздік және қазіргі заманның сын-қатерлері мәселелерін де сөз етеді. 

Тағы оқыңыз: Путин Тоқаевтың қандай адам екенін айтты

Сондай-ақ, тараптар жыл соңына дейін болатын бірлескен шараларға дайындық жайына тоқталады. Биыл Омбы қаласында Қазақстан мен Ресей өңірлік әріптестігінің XVI форумы жоспарланған. Бұған қоса, Бішкекте  Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының кеңесі өтеді.

10 қазан күні Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен бірге Ашхабадқа барады. Түрікместанның төрағалығымен ТМД елдері сыртқы істер министрлерінің кезекті отырысы өтеді.

Жаңалықтар
0