Баку, архивтегі фото

Назарбаев Бакуге барып, Ильхам Әлиевпен кездесті

54
Әзербайжан президенті Елбасыға Түркі кеңесінің отырысына келгені үшін алғыс білдіріп, оның екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бакуде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, деп хабарлады Елбасының сайты.

Кездесу барысында Елбасы екі ел қатынастарының дамуындағы оң динамиканы атап өтті.

"Бұл менің Қазақстанның Тұңғыш президенті мәртебесінде сіздерге алғаш келуім. Елімізде экономикалық даму бағдарламаларын жүзеге асыру және тәуелсіздікті нығайту жұмыстары жалғасуда. Біздің қарым-қатынасымыз қарқынды дамып жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы қазір екі елдің ынтымақтастықты кеңейту үшін біраз мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Сауда көлемін арттыру маңызды.

"Біз тиісті логистиканы құрдық. Ертең Түркі кеңесінің отырысы өтеді. Мен құрметті төраға мәртебесін қуана қабылдадым, өйткені мемлекеттеріміздің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосуды жалғастырғым келеді", – деп толықтырды Назарбаев.

Ал Ильхам Әлиев Елбасыға Түркі кеңесінің отырысына келгені үшін алғыс білдірді және оның екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

"Қазақстанның Тұңғыш президентін Әзербайжан жерінде қарсы алу біз үшін зор мәртебе. Сіз Әзербайжанның үлкен досысыз. Көптеген халықаралық мәселе бойынша әрқашан біздің елімізді қолдадыңыз. Сіздің түркі тілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы үлесіңіз орасан. Мерейтойлық саммиттің Бакуде өтіп жатқанына біз өте қуаныштымыз", – деді Әзербайжан Республикасының президенті.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Түркістанды Қазақстанның жаңа астанасы ретінде қарастырғанын мәлімдеді

Сонымен қатар, Ильхам Әлиев Қазақстан астанасының салынуы Баку қаласының дамуына үлгі болғанын айтты.

"Мен Қазақстан астанасының тез өзгергенін байқадым. ЭКСПО көрмесін тамашалаған кезде құрылыстың ауқымы мен сәулеттік шеберлігіне риза болдым. Қазақстанның барлық жетістігі Сіздің атыңызбен байланысты", – деді Әзербайжан Республикасының президенті.

54
Кілт сөздер:
Баку, Назарбаев
Тақырып бойынша
"Кімді жаулап жатыр?": Назарбаев Қытай басшылығымен қандай келісім жасағанын түсіндірді
Қазақстан мен Түрікменстан президенттері кездесу өткізді: олар не туралы сөйлесті
"Өкінбеймін": Назарбаев халық үшін қандай маңызды шешім қабылдағанын айтты
Қазақстан президенті ТМД үшін "достастық визасын" енгізуді ұсынды
"Байғұстар кешке дейін жұмыс істейді": Назарбаев отбасы туралы айтты
Аида Балаева

Билік пен қоғам арасындағы диалог: азаматтық форум онлайн режимде өтіп жатыр

29
(Жаңартылды 11:59 23.11.2020)
Азаматтық форумды ашқан Аида Балаеваның айтуынша, ұзақ мерзімді мүдделер уақытша қиындықтардан басым болады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен және Қазақстанның азаматтық альянсы ұйымының ұйымдастыруымен IX Азаматтық форум онлайн режимде басталды. Биылғы форум "Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы" тақырыбы аясында өтуде.

"Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жол ашқан және жаһандық пандемия жағдайындағы қазіргідей шектеулерге қарамастан мемлекет басшысы табысты алға жылжытқан азаматтық бастамалардың қолжетімді болуы және оның күн тәртібіне шығарылуы зор маңызға ие. Бұл дегеніміз, ұзақ мерзімді мүдделермен ұштасатын біздің кез-келген саладағы өзара іс-қимылымыз уақытша қиындықтардан басым түсетіндігін білдіреді", – деді ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева.

Министр билік өкілдері мен сарапшылар қауымдастығы, іскер топтар мен азаматтық қоғам белсенділері арасындағы диалог одан әрі тең құқылы ынтымақтастықты дамытуға, сенім мен өркендеуді арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

"Жаһандық өзгерістер дәуірінде орнықты әлеуметтік дамуда жаңа міндеттер мен өзекті мәселелердің шешімін бірлесе іздеу, кезек күттірмейтін шауралардың бірі болып табылады. Бұл ретте, әрине бәрімізге бастамашылдық пен шығармашылық шеберлік, табандылық пен табысқа деген сенімділік қажет", – деп қосты Балаева.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік арнадағы түрік сериалдары қысқарады - ақпарат министрі

Айта кетейік, Азаматтық форум аясында қоғамдық кеңестердің тәжірибелік тиімділігін арттыру мен азаматтық қоғамды дамытудың мәселелері мен басымдықтары талқыланады. Шара барысында ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров пен бірінші қаржы министрі Берік Шолпанқұлов және денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған. Бағдарламаның толық нұсқасымен мына сілтемеге өту арқылы танысуға болады.

29
Кілт сөздер:
форум, қоғам
Тақырып бойынша
Балаева әр балаға 21 мың теңге қалай төленетінін түсіндірді
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады? Балаева түсіндірді
Аида Балаева анонимді Telegram-арналарды бұғаттауға қатысты пікір білдірді 
Қазақстан үкіметі

Украина шенеуніктері Қазақстанға жалған анықтамамен келді деген ақпарат түсіндірілді

315
(Жаңартылды 11:46 23.11.2020)
Бұған дейін БАҚ Украина делегациясы Қазақстанға коронавирус тест қорытындысының жалған анықтамасымен келгенін хабарлаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша — Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин анықтама мерзімі өтіп кеткендіктен, украиналық делегациямен кездескен жоқ, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклийдің сапары аясында Қазақстанның индустия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Украина инфрақұрылым министрлігі аясында меморандумға қол қойылды.

Украиналық тараппен Қазақстан үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр кездесті.

"Қазақстандық тарап Асқар Мамин мен Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий кездесуін ұйымдастыруға дайын болды. Алайда ПТР-анықтаманың мерзімі өтіп кеткендіктен (5 күннен асып кеткен) украиналық делегация премьер-министрмен кездесе алмады", - делінген хабарламада.

Пандемия кезінде кездесуге қатысушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар санитарлық талап енгізілді. ПТР-анықтаманы ұсыну солардың қатарында.

Бұған дейін Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий пен Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский халықаралық даудың ортасында қалғаны хабарланған болатын.

Олар Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминмен кездесуге жалған ПТР-анықтамамен келді, деп жазды "Комсомольская правда Казахстан".

315
Кілт сөздер:
анықтама, түсініктеме, үкімет, Украина, Қазақстан
Тақырып бойынша
Тоқаевтың сөзінен кейін Украина сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісін шақырды
"Украина мұны ұмытпайды": Зеленский Қазақстанға не үшін алғыс айтты
Мамин Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы ұсынысқа жауап берді
Мамин Қазақстан азық-түлік импортынан қашан құтылатынын айтты
Тауарлардың заңдылығын мобильді қосымша арқылы тегін тексеруге болады – Мамин
Теңізде орналасқан Қашаған мұнай кеніші

Министр Қашағанда мұнай өндіруді шектеудің себебін түсіндірді

0
Министрдің айтуынша, Атырау облысында ілеспе газды өңдейтін тағы бір зауыт салу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қашағандағы мұнай өндіру көлемі ілеспе газды кәдеге жаратуға байланысты шектелетін болды. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қашаған кен орнында өндірісті шектеудің негізгі себебі – ілеспе газды кәдеге жарату", – деді министр.

Осы мақсатта North Caspian Operating Company (NCOC) Атырау облысындағы "Болашақ" газ өңдеу зауытының жанынан қуаттылығы 1 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу туралы инвесторлармен келісімге келді.

"Болашақта тараптар барлық көрсеткіштер бойынша келісімді мақұлдаған соң, оның қуаттылығын 5 миллиард текше метрге дейін ұлғайту жоспарланып отыр", – деп атап өтті Ноғаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Қашаған кен орнынан қанша мұнай алуды көздейді

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде жұмыс белсенді жүргізілуде және келіссөздер аяқталуға жақын.

0
Кілт сөздер:
мұнай өңдеу зауыты, мұнай
Тақырып бойынша
Тұрымов ОПЕК+ келісімі мұнай өндірісіне қалай әсер еткенін айтты
Қазақстанда мұнай-сервис компанияларына қатысты талаптар өзгеруі мүмкін
Қашаған мұнайы әлемдік нарыққа шығарылды
Қашаған кен орнында ірі зауыт салынады
COVID-19 вакцинасына қатысты жаңалықтан соң мұнай 10%-ке қымбаттады