Әділет министрі Марат Бекетаев

"Соңғы сөзді айтады": Министр Тоқаев қандай жағдайда Назарбаевпен келісетінін айтты

2876
Министр Марат Бекетаев Қазақстан президентінің Назарбаевқа қатысты жарлығын түсіндіре келе, бұл қалыпты процедура екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Қазақстан президентінің Елбасының өкілеттігіне қатысты жарлығы елде қос билік екенін білдірмейді. Бұл туралы әділет министрі Марат Бекетаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл президент билігінің әлсірегенін білдірмейді, себебі бұл келісудің қалыпты процедурасы", - деді Бекетаев үкімет кулуарында.

Журналистер министрден "бұл жарлық елде қос билік барын білдіре ме?" деп сұрады.

"Әрине, жоқ. Мұндай тәжірибе көптеген елде бар. Яғни, маңызды саяси ауыс-түйістерді басқа да органдармен келіседі", - деді ол.

Бекетаев бұл жағдайды әсірелеудің қажеті жоқ екенін айтты.

Бұдан бөлек, ол қауіпсіздік кеңесінің төрағасы кандидатураны мақұлдамаған жағдайда, мәселе қалай реттелетінін түсіндірді.

"Жарлықта барлық процедура анық жазылған. Оған сәйкес, президент шешім қабылдамас бұрын консультация өткізеді. Сондықтан консультация кезінде барлық түсініспеушілік жойылуы керек. Соңғы сөзді қауіпсіздік кеңесі айтады. Бұл алқалы орган. Елбасы төрағалық етеді, сол себепті бәрі ашық түрде шешіледі, - деді министр.

Тағы оқыңыз: Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаевтың Назарбаевқа қатысты жарлығын түсіндірді 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік билік органдары жүйесінде кадрлық саясат саласындағы өкілеттігін кеңейтетін жарлыққа қол қойды.

Оған сәйкес, енді президент министрлер мен әкімдерді қауіпсіздік кеңесінің төрағасымен келісіп барып қана тағайындайды. Бұл тізімге сыртқы істер, ішкі істер және қорғаныс министрліктерінің басшылары кірмейді.

2876
Кілт сөздер:
Назарбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Мұғалім білім беру жүйесін сынға алды: Тоқаев мәселенің басын ашуды тапсырды
Тоқаев Назарбаев бекіткен жаңа әліпбиден олқылық тапты
Назарбаев: Тоқаевтың маңайына элитаны топтастыру міндеті тұр
Назарбаевтың келісімі керек: Тоқаев тұңғыш президенттің өкілеттігін кеңейтті
Аида Балаева

Билік пен қоғам арасындағы диалог: азаматтық форум онлайн режимде өтіп жатыр

29
(Жаңартылды 11:59 23.11.2020)
Азаматтық форумды ашқан Аида Балаеваның айтуынша, ұзақ мерзімді мүдделер уақытша қиындықтардан басым болады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен және Қазақстанның азаматтық альянсы ұйымының ұйымдастыруымен IX Азаматтық форум онлайн режимде басталды. Биылғы форум "Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы" тақырыбы аясында өтуде.

"Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жол ашқан және жаһандық пандемия жағдайындағы қазіргідей шектеулерге қарамастан мемлекет басшысы табысты алға жылжытқан азаматтық бастамалардың қолжетімді болуы және оның күн тәртібіне шығарылуы зор маңызға ие. Бұл дегеніміз, ұзақ мерзімді мүдделермен ұштасатын біздің кез-келген саладағы өзара іс-қимылымыз уақытша қиындықтардан басым түсетіндігін білдіреді", – деді ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева.

Министр билік өкілдері мен сарапшылар қауымдастығы, іскер топтар мен азаматтық қоғам белсенділері арасындағы диалог одан әрі тең құқылы ынтымақтастықты дамытуға, сенім мен өркендеуді арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

"Жаһандық өзгерістер дәуірінде орнықты әлеуметтік дамуда жаңа міндеттер мен өзекті мәселелердің шешімін бірлесе іздеу, кезек күттірмейтін шауралардың бірі болып табылады. Бұл ретте, әрине бәрімізге бастамашылдық пен шығармашылық шеберлік, табандылық пен табысқа деген сенімділік қажет", – деп қосты Балаева.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік арнадағы түрік сериалдары қысқарады - ақпарат министрі

Айта кетейік, Азаматтық форум аясында қоғамдық кеңестердің тәжірибелік тиімділігін арттыру мен азаматтық қоғамды дамытудың мәселелері мен басымдықтары талқыланады. Шара барысында ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров пен бірінші қаржы министрі Берік Шолпанқұлов және денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған. Бағдарламаның толық нұсқасымен мына сілтемеге өту арқылы танысуға болады.

29
Кілт сөздер:
форум, қоғам
Тақырып бойынша
Балаева әр балаға 21 мың теңге қалай төленетінін түсіндірді
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады? Балаева түсіндірді
Аида Балаева анонимді Telegram-арналарды бұғаттауға қатысты пікір білдірді 
Қазақстан үкіметі

Украина шенеуніктері Қазақстанға жалған анықтамамен келді деген ақпарат түсіндірілді

315
(Жаңартылды 11:46 23.11.2020)
Бұған дейін БАҚ Украина делегациясы Қазақстанға коронавирус тест қорытындысының жалған анықтамасымен келгенін хабарлаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша — Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин анықтама мерзімі өтіп кеткендіктен, украиналық делегациямен кездескен жоқ, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклийдің сапары аясында Қазақстанның индустия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Украина инфрақұрылым министрлігі аясында меморандумға қол қойылды.

Украиналық тараппен Қазақстан үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр кездесті.

"Қазақстандық тарап Асқар Мамин мен Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий кездесуін ұйымдастыруға дайын болды. Алайда ПТР-анықтаманың мерзімі өтіп кеткендіктен (5 күннен асып кеткен) украиналық делегация премьер-министрмен кездесе алмады", - делінген хабарламада.

Пандемия кезінде кездесуге қатысушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар санитарлық талап енгізілді. ПТР-анықтаманы ұсыну солардың қатарында.

Бұған дейін Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий пен Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский халықаралық даудың ортасында қалғаны хабарланған болатын.

Олар Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминмен кездесуге жалған ПТР-анықтамамен келді, деп жазды "Комсомольская правда Казахстан".

315
Кілт сөздер:
анықтама, түсініктеме, үкімет, Украина, Қазақстан
Тақырып бойынша
Тоқаевтың сөзінен кейін Украина сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісін шақырды
"Украина мұны ұмытпайды": Зеленский Қазақстанға не үшін алғыс айтты
Мамин Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы ұсынысқа жауап берді
Мамин Қазақстан азық-түлік импортынан қашан құтылатынын айтты
Тауарлардың заңдылығын мобильді қосымша арқылы тегін тексеруге болады – Мамин

Маскаңды тақ! Қатал аққу саябақтағы қауіпсіздікті қадағалап жүр видео

0
(Жаңартылды 18:04 24.11.2020)
Туристер коронавирус пандемиясы кезінде де дамыл табар емес – олар көрікті жерлерді аралап, жануарлармен қарым-қатынас жасағанды ұнатады

Дегенмен мына видеодан әдеттегіден өзгеше оқиғаны көруге болады. Турист қыз қорғаныш маскасын иегіне түсіріп, саябақтағы көгалда жүрген әсем аққуға жақындайды.

Осы кезде аққу "жауапсыз" келушіге күтпеген жерден тап беріп, оның маскасын тағып қояды.  

Қанатты бақылаушыдан мұндайды күтпеген қыз артқа шегініп, шалқасынан құлап түседі.  

0