Нұрсұлтан Назарбаев император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысу үшін Жапонияға келді

Назарбаев жапон императорының таққа отыру рәсіміне қатысып жатыр - видео

70
Жапония императорының таққа отыру рәсіміне әлем мемлекеттерінің төрт жүзге жуық басшысы мен өкілі қатысып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Токиоға барған сапарының видеосын жариялады.

Қазақстанның тұңғыш президенті Жапония астанасына император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысу үшін барды. Салтанатты шара Император сарайында өтіп жатыр.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев сапар аясында бірқатар екі жақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Император Нарухитоның таққа отыру рәсімі

Салтанатты жиын Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен таңғы сағат 10.00-де басталды. Шарада Сокуирэй Сэйдэн-но-ги ресми түрде Жапонияның императоры атағына ие болады.

Таққа отыру рәсіміне 2 мыңға жуық мейман шақырылған. Олардың қатарында 400 мемлекет басшысы мен 180 елдің өкілдері бар. Құрметті қонақтар арасында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Нидерланд, Бельгия, Испания корольдері, Уэльс ханзадасы Чарльз, ҚХР төрағасының орынбасары Ван Цишань, Ресей Федерациясы кеңесінің вице-спикері Ильяс Умаханов, АҚШ-тың көлік министрі Элейн Чао мен Оңтүстік Корея премьер-министрі Ли Нак Ён бар.

 

 

70
Кілт сөздер:
видео, Назарбаев, Жапония
Тақырып бойынша
Назарбаев: Тоқаевтың маңайына элитаны топтастыру міндеті тұр
"Өкінбеймін": Назарбаев халық үшін қандай маңызды шешім қабылдағанын айтты
"Олай болады деп ойламадым": Назарбаев ағынан ақтарылды – видео
Назарбаев Түркістанды Қазақстанның жаңа астанасы ретінде қарастырғанын мәлімдеді  
Назарбаев министр мен депутаттарды жинап алды: отырыста не талқыланып жатыр?
Министр Қазақстанның Токио Олимпиадасында қанша медаль алуы мүмкін екенін айтты
Тоқаев Назарбаев бекіткен жаңа әліпбиден олқылық тапты
Аида Балаева

Билік пен қоғам арасындағы диалог: азаматтық форум онлайн режимде өтіп жатыр

29
(Жаңартылды 11:59 23.11.2020)
Азаматтық форумды ашқан Аида Балаеваның айтуынша, ұзақ мерзімді мүдделер уақытша қиындықтардан басым болады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен және Қазақстанның азаматтық альянсы ұйымының ұйымдастыруымен IX Азаматтық форум онлайн режимде басталды. Биылғы форум "Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы" тақырыбы аясында өтуде.

"Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жол ашқан және жаһандық пандемия жағдайындағы қазіргідей шектеулерге қарамастан мемлекет басшысы табысты алға жылжытқан азаматтық бастамалардың қолжетімді болуы және оның күн тәртібіне шығарылуы зор маңызға ие. Бұл дегеніміз, ұзақ мерзімді мүдделермен ұштасатын біздің кез-келген саладағы өзара іс-қимылымыз уақытша қиындықтардан басым түсетіндігін білдіреді", – деді ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева.

Министр билік өкілдері мен сарапшылар қауымдастығы, іскер топтар мен азаматтық қоғам белсенділері арасындағы диалог одан әрі тең құқылы ынтымақтастықты дамытуға, сенім мен өркендеуді арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

"Жаһандық өзгерістер дәуірінде орнықты әлеуметтік дамуда жаңа міндеттер мен өзекті мәселелердің шешімін бірлесе іздеу, кезек күттірмейтін шауралардың бірі болып табылады. Бұл ретте, әрине бәрімізге бастамашылдық пен шығармашылық шеберлік, табандылық пен табысқа деген сенімділік қажет", – деп қосты Балаева.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік арнадағы түрік сериалдары қысқарады - ақпарат министрі

Айта кетейік, Азаматтық форум аясында қоғамдық кеңестердің тәжірибелік тиімділігін арттыру мен азаматтық қоғамды дамытудың мәселелері мен басымдықтары талқыланады. Шара барысында ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров пен бірінші қаржы министрі Берік Шолпанқұлов және денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған. Бағдарламаның толық нұсқасымен мына сілтемеге өту арқылы танысуға болады.

29
Кілт сөздер:
форум, қоғам
Тақырып бойынша
Балаева әр балаға 21 мың теңге қалай төленетінін түсіндірді
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады? Балаева түсіндірді
Аида Балаева анонимді Telegram-арналарды бұғаттауға қатысты пікір білдірді 
Қазақстан үкіметі

Украина шенеуніктері Қазақстанға жалған анықтамамен келді деген ақпарат түсіндірілді

314
(Жаңартылды 11:46 23.11.2020)
Бұған дейін БАҚ Украина делегациясы Қазақстанға коронавирус тест қорытындысының жалған анықтамасымен келгенін хабарлаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша — Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин анықтама мерзімі өтіп кеткендіктен, украиналық делегациямен кездескен жоқ, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклийдің сапары аясында Қазақстанның индустия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Украина инфрақұрылым министрлігі аясында меморандумға қол қойылды.

Украиналық тараппен Қазақстан үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр кездесті.

"Қазақстандық тарап Асқар Мамин мен Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий кездесуін ұйымдастыруға дайын болды. Алайда ПТР-анықтаманың мерзімі өтіп кеткендіктен (5 күннен асып кеткен) украиналық делегация премьер-министрмен кездесе алмады", - делінген хабарламада.

Пандемия кезінде кездесуге қатысушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар санитарлық талап енгізілді. ПТР-анықтаманы ұсыну солардың қатарында.

Бұған дейін Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий пен Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский халықаралық даудың ортасында қалғаны хабарланған болатын.

Олар Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминмен кездесуге жалған ПТР-анықтамамен келді, деп жазды "Комсомольская правда Казахстан".

314
Кілт сөздер:
анықтама, түсініктеме, үкімет, Украина, Қазақстан
Тақырып бойынша
Тоқаевтың сөзінен кейін Украина сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісін шақырды
"Украина мұны ұмытпайды": Зеленский Қазақстанға не үшін алғыс айтты
Мамин Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы ұсынысқа жауап берді
Мамин Қазақстан азық-түлік импортынан қашан құтылатынын айтты
Тауарлардың заңдылығын мобильді қосымша арқылы тегін тексеруге болады – Мамин
Терезе алдында тұрған бала, архивтегі сурет

Балтасы бар: Ресейде ер адам алты баланы кепілге алды

0
Полицияға ер адамның әйелі хабар берген, қаскөйдің мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Санкт-Петербург түбіндегі Колпино қаласында балтамен қаруланған ер адам алты баланы кепілге алды.

"Колпинодағы пәтерде ер адам алты баланы кепілге алды", - деді РИА Новости-ге куәгер.

Оның айтуынша, қаскөй мас және балтамен қаруланған. Төтенше жағдай орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді.

Сондай-ақ, бірқатар БАҚ-тың ақпаратынша, ер адам балаларды өлтіремін деп қорқытқан. Оның не себепті мұндай әрекетке барғаны және қандай талап қойып отырғаны әзірге белгісіз.

Полицияға ер адамның әйелі қоңырау шалып, көмек сұраған. Ол балалары жылап жатқан пәтерге кіре алмағанын айтты.

0
Кілт сөздер:
балалар, ер адам, балта, Ресей