Дариға Назарбаева Валентина Матвиенкомен кездесті

Ресейлік саясаткер Дариға Назарбаеваға ерекше ұсыныс жасады

5015
Валентина Матвиенко Дариға Назарбаевамен кездесу барысында сенат спикеріне беделді халықаралық жиында тең төраға болуды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Сенат спикері Дариға Назарбаеваға Мәскеу сапары барысында 2021 жылы өтетін III Еуразиялық әйелдер форумында тең төраға болу ұсынылды.

Бұндай ұсыныс Дариға Назарбаеваның Ресейдің федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды парламенттің жоғарғы палатасының баспасөз қызметі.

"Валентина Матвиенко 2022 жылы Ресейде өтетін Дінаралық және этносаралық диалог жөніндегі дүниежүзілік конференцияны дайындау жөнінде бірлескен жұмыстарды бастауды ұсынды, сондай-ақ Дариға Назарбаеваны 2021 жылы өтетін үшінші Еуразиялық әйелдер форумының тең төрағасы болуға шақырды", - делінген ақпаратта.

Еуразиялық әйелдер форумы – қазіргі қоғамдағы әйелдер рөлін талқылауға арналған ірі беделді халықаралық алаң. Шара ұйымдастырушылары - федералдық жиналыстың федерация кеңесі мен ТМД-ға мүше мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы.

Дарига Назарбаева встретилась с Валентиной Матвиенко
© Photo : Пресс-служба сената Парламента Казахстана
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін, оның ішінде Қазақстан мен Ресей парламенттерінің байланысын талқылады

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін, оның ішінде Қазақстан мен Ресей парламенттерінің байланысын талқылады.

Дариға Назарбаева әңгіме барысында шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқталып, Қазақстан мен Ресей арасындағы өткізу бекеттерінің мәртебесін арттыру туралы мәселені көтерді.

Жоғарғы палата басшысы Қазақстан мен Ресей азаматтарының екі ел аумағында жүріп-тұру және болу жағдайлары мәселелерінде тепе-теңдіктің жоқтығына Ресей тарапының назарын аударды.

Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева Елбасы өзіне қандай бата бергенін айтты

Валентина Матвиенко Ресей мен Қазақстанның достық және одақтастық қатынастары екі мемлекеттің дамуында маңызды екенін атап өтті.

Кездесу барысында Дариға Назарбаева Валентина Матвиенкоға I дәрежелі "Достық" ордені табыс етті. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

5015
Кілт сөздер:
Ресей, Дариға Назарбаева
Тақырып бойынша
"Халық сенбейді қазір": Назарбаева шындықты айтқан депутатты қолдады
"Оңтүстіктен келген әдемі келіншек": Дариға Назарбаева жаңа сенаторды таныстырды
"Назарбаева туралы емес": Нұрлан Әлімжанов "Томирис" фильмі жайлы не ойлайтынын айтты
"Халықты хабардар ету керек": Дариға Назарбаева қоғамды алаңдатқан мәселені көтерді
Назарбаева Қазақстандағы нөмірі бірінші проблеманы атады
Назарбаева Ресейде Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғады
Қасым-Жомарт Тоқаев

БҰҰ-да сөз сөйлеген Тоқаев: су дипломатиясына қатысты мәселелер өзекті

851
(Жаңартылды 08:33 24.09.2021)
Мемлекет басшысы Қазақстанның егін шаруашылығы қауіп-қатері бар аймақта орналасқанын және құрғақ климаттың әсерімен бетпе-бет келіп отырғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Азық-түлік жүйелері жөніндегі саммитте сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бүгінгі таңда азық-түлік нарығының орнықты дамуы үшін жағдай жасау маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, азық-түлік жүйелері табиғи қажеттілік, қоршаған орта, экономика мен мәдениет сияқты адамзат болмысының барлық қырын қамтиды.

"Әлем бойынша азық-түлікті жеткізудің белсенді қатысушысы саналатын Қазақстан аграрлық секторды экологияландыруды және орнықты дамытуды қолдайды. Еліміз бидай мен ұн өндіруші ірі елдердің ондығына кіреді және жылына 7 миллион тоннаға дейін бидай экспорттайды. Біз негізгі тежеуші факторларға қарамастан, майлы дақылдар экспортын 1 миллион тоннадан асырдық. Дегенмен, азық-түлік жүйесі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан орнықты болуға тиіс", – деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның егін шаруашылығы қауіп-қатері бар аймақта орналасқанын және құрғақ климаттың әсерімен бетпе-бет келіп отырғанын айтты. Еліміздің су шаруашылығы 40 процент көрші елдерден ағып келетін суға тәуелді.

"Жер-су ресурстарын барынша тиімді пайдалану мақсатында жердің құнарын арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу және су өткізу жүйелерін цифрландыру жөнінде шаралар қабылдадық. Орнықты азық-түлік жүйелері туралы айтқан кезде көптеген елде су дипломатиясына қатысты мәселелер өзекті екені анық байқалады. Азық-түлік жүйелері жөніндегі проблемалар мен су ресурсын басқару, шекарааралық өзендерді пайдалану мәселелері өзара тығыз байланысты. Мұның барлығы азық-түлік жүйелері туралы келісімдерде көрініс табуы керек", – деді Тоқаев.

Ол Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құруға бастамашы болғанын айтып өтті. Қазіргі таңда оның құрамында халқының жалпы саны 1,4 миллиардқа жуық 36 ел бар.

Осы ұйым аясында Қазақстан жыл сайын мұқтаж елдерге, оның ішінде Ауған халқына бидай мен ұн жеткізу сияқты қайтарымсыз гуманитарлық көмек көрсетіп келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы агротехникалық, ғылыми және инновациялық байланыстарды нығайту, сонымен қатар қаржы, инвестиция, көлік және логистика салаларын да ілгерілету керек екенін атап өтті.

"БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны қолдау мақсатында тұрақты экожүйе қалыптастыру үшін барынша белсенді жұмыс істеуі қажет", – деді президент.

Ол саммит аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны жақсарту, тұрақты ауыл шаруашылығының дамуына ықпал ету сияқты Орнықты дамудың екінші негізгі мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. 

851
Кілт сөздер:
БҰҰ, Қасым-Жомарт Тоқаев, су
Тақырып бойынша
Банктегі ақшасын ала алмай жүр: қазақстандықтар Тоқаевқа хат дайындап жатыр
"Адамдар аштықтан өледі": Танымал әнші Тоқаевқа видео үндеу жолдады
Тоқаевтың Қытай төрағасымен не туралы сөйлескені белгілі болды
Тоқаевтың зейнетақы жинағына қатысты тапсырмасы қалай орындалып жатқаны айтылды
Желіде Тоқаевтың бейресми кездесуінің суреті жарияланды
"Жұмысты тоқтатамыз!": Тоқаевқа бірнеше ұжым бейнеүндеу жолдады 
 Отпантау-2021 оқу-жаттығу жиыны

Тоқаев: оқу-жаттығу күш құрылымдары мен әкімдіктер дағдарысқа дайын екенін көрсетті

50
(Жаңартылды 16:45 23.09.2021)
"Отпантау-2021" оқу-жаттығу жиыны ел әскерінің әзірлігін тосыннан тексерудің соңғы кезеңі болды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті – Жоғарғы бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында "Оймаша" полигонында өткен "Отпантау-2021" шұғыл-стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынына барды, деп хабарлайды Ақорда.

Жоғарғы бас қолбасшы Бас штабтың алдыңғы шептегі пунктін аралап көріп, қорғаныс министрінің, әуе қорғанысы, құрлық әскері, әскери-теңіз және десант-шабуылдаушы әскерлер күштері басшыларының, сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің баяндамасын тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев арнаулы мақсаттағы бөлімдердің дайындығын тексеріп, қару-жарақтар мен техникалардың заманауи түрлерін көрді, сондай-ақ Ақтаудағы әскери госпиталь мен Маңғыстау облысындағы авиациялық инфрақұрылымның құрылыстарына қатысты презентациямен танысты.

Токаев на учениях Отпантау-2021
© Официальный сайт Президента РК
Қасым-Жомарт Тоқаев "Оймаша" полигонында өткен оқу-жаттығу жиынына қатысты

Содан кейін президент белсенді жүргізілген әскери әдіс-тәсілдердің көрсетілімін биік мінберден тамашалады.

Оқу-жаттығу қалай өтті

Оқу-жаттығу жиынының тәртібі бойынша әртүрлі әскер топтарының шартты қарсыластарына қарсы жүргізген әскери іс-қимылдарының қазіргі қарулы қақтығыстардың тәжірибесіне негізделген жаңа әдіс-тәсілдері іс-жүзінде көрсетілді. Әскер топтарының іс-қимылдары барысында әуедегі және жердегі барлау әрекеттері жүзеге асырылды. Оның нәтижелері ұшқышсыз басқарылатын аппараттар мен аралас авиация бөлімдеріне тура соққы жасалатын нысандарды көрсетіп отырған басқару пунктіне беріліп отырды.

Сонымен қатар шартты қарсыластардың ұшқышсыз басқарылатын аппараттарына қарсы күрес ұйымдастырылып, контрбатареялы соғыстың заманауи әдістері қолданылды. Оқу-жаттығу жиыны барысында әскерлердің ұтқырлық деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етуге назар аударылды.

Бұдан бөлек президентке Қарулы күштердің, ведомствоаралық бөлімдердің, сондай-ақ еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің жүргізген іс-қимылдары онлайн режимде көрсетілді. Атап айтқанда, Каспий теңізі айдынында әскери теңіз күштерінің авиация мен арнайы операциялар күштерінің қолдауымен еліміздің экономикалық нысандарын қорғауға бағытталған іс-қимылдары жүргізілді. Осындай әскери оқу-жаттығу жиындары Қарағанды облысындағы "Сарышаған", "Спасск" және Алматы облысындағы "Көктал" полигондарында өтті.

"Ел шетіне жау тигенде бабаларымыз "Ұран отын" жаққан"

Әдіс-тәсілдер көрсетілімі аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер алдында сөз сөйлеген Жоғарғы бас қолбасшы "Оймаша" полигонында өткізілген оқу-жаттығу жиынының маңызы зор екенін айтты.

"Бұл тарихи мекен – елдік пен ерліктің, бірлік пен тұтастықтың символы. Ел шетіне жау тигенде бабаларымыз осы таудың басына "Ұран отын" жаққан. Жауапты сәтте бір тудың астына жиналған. Сондықтан жұртымыз оны "Бірліктің оты" деп атаған. Ерлеріміз туған жерді қорғау үшін жорыққа Отпантаудың бауырынан аттанған. Осы жерде ұлт тағдырын шешетін маңызды жиындар өткен. Бұл игі дәстүр қазіргі күнге дейін жетіп отыр. Біз батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Сонымен бірге дәстүр сабақтастығын сақтаймыз. Ең бастысы, байтақ даланы ұрпағына мирас еткен бабалар аманатына адал болып, Отанымызды қорғаймыз", – деді мемлекет басшысы.

Президент әскери оқу-жаттығу жиындарында, соның ішінде халықаралық деңгейде тұрақты түрде жақсы нәтиже көрсетіп келе жатқан еліміздің Қарулы күштерінің әскери дайындығының деңгейі жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ әскеріміздің нақты соғыс жағдайында да биіктен көрінетініне сенім білдірді.

Токаев посетил военные учения Отпантау-2021
© Официальный сайт Президента РК
Президент әдіс-тәсілдер көрсетілімі аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер алдында сөз сөйледі

"Армияда үнемі жаңғыру үдерісі жүргізіледі. Бұл заманауи сын-қатерлер мен қауіптерге дайындығымызды қамтамасыз етеді. Арнайы операциялар жүргізетін күштер, барлау бөлімдері мен арнаулы мақсаттағы бөлімшелер қарқынды дамып келеді. Диверсиялық әрекеттерге  қарсы іс-қимылдар пысықталады. Тура соққы жасайтын қарулар мен ұшқышсыз басқарылатын құралдар кеңінен қолданыла бастады", – деді президент.

Тоқаев әскери қызметшілер алдында сөйлеген сөзінде өңірдегі әскери-саяси ахуалдың күрделену жағдайында өткен бүгінгі кешенді оқу-жаттығу жиыны күштік құрылымдар мен жергілікті атқарушы биліктің дағдарыс жағдайын ауыздықтауға әзірлігін көрсеткенін жеткізді.

Жоғарғы бас қолбасшы оқу-жаттығу жиындары еліміздің әртүрлі өңірінде орналасқан жеті оқу-жаттығу полигонында және Каспий айдынында өткенін атап өтті. Жалпы оқу-жаттығу жиындары шығыстан батысқа қарай үш мың шақырым аумақты қамтыды.

Учения Отпантау-2021
© Официальный сайт Президента РК
Тоқаев Қарулы күштердің әскери дайындығының деңгейі жоғары екенін атап өтті

"Жеке құрам мен техниканы өз жүрістерімен, теміржол және әуе қатынастары арқылы жылжыту жұмыстары пысықталды. Бұл Қарулы күштердің стратегиялық ұтқырлығын, қауіп төндіретін негізгі бағыттар бойынша әскери топтарды жедел құру мүмкіндігін көрсетті. Штабтардың шұғыл жағдайлар кезіндегі үйлесімді жұмысын, жоғары технологиялы қарулар мен әскери іс-қимылдарды жоспарлау әдістемелерінің қолданылуын көрдік. Әкімдіктердің де дайындық деңгейінің жоғарылағанына куә болдық. Қазіргідей "стресс-тестілеу" кезінде олардың рөлі әскери құрамдардан кем түспейді", – деді Тоқаев.

Президент армияның мемлекет пен қоғам тарапынан жіті бақыланатын нысан екенін атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшысы әскерді заманауи қару-жарақпен және техникамен одан әрі жабдықтауға негізделген Қарулы күштерді және басқа да әскерлер мен әскери құрамдарды дамыту тұжырымдамасының бекітілгенін еске салды.

Учения Отпантау-2021
© Официальный сайт Президента РК
Қарулы күштердегі оқу-жаттығу жиындарына қыркүйек айының басынан бері 66 ұшу аппараты жұмылдырылды

"Олардың қатарында әуе шабуылына қарсы қорғаныс, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары, барлау және радиоэлектронды күрес құралдары бар. Майдан, әскери және әскери-көлік авиация паркін жаңарту жұмыстары жалғасады. Әскеріміз шетелдік және отандық өндірісте жасалған тура соққы жасайтын зымыран кешендерімен жабдықталады. Жалпы Қарулы күштердің техникалық әлеуеті қазақстандық армияның жаңа келбетін көрсетеді", – деді ол.

Әскерилердің жалақысы қанша

Жоғарғы бас қолбасшы әскери қызметшілерге кешенді әлеуметтік қолдау көрсету мәселелеріне де тоқталды.

"Қаржыландыру мәселесі кезең-кезеңімен артып келеді. Биылдан бастап әскери қызметшілердің лауазымдық еңбекақысы 35 пайызға өсті. Алдағы екі жылда орташа есеппен 60 пайызға жоғарылайды. Барлық санаттағы әскери қызметшілер үшін тұрғын үй мәселесі заңнамалық тұрғыдан шешілген. ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда қазақстандық әскердің әлеуметтік топтамасы – бәсекеге қабілетті. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау мәселесі әрдайым мемлекет басымдық беретін салалардың қатарында болады. Күшті әскер – қуатты егемен Қазақстанның кепілі", – деді президент.

Учения Отпантау-2021
© Официальный сайт Президента РК
"Отпантау-2021" оқу-жаттығу жиыны әскердің әзірлігін тосыннан тексерудің соңғы кезеңі болды

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында мінсіз қызметі үшін әскери қызметшілерге алғыс айтып, еліміздің қауіпсіздігін берік қорғайтынына сенім білдірді.

"Отпантау-2021" жедел-стратегиялық әскери-штабтың оқу-жаттығу жиыны әскеріміздің әзірлігін тосыннан тексерудің соңғы кезеңі болды. Қарулы күштердегі оқу-жаттығу жиындары биылғы қыркүйек айының басынан бері жүргізіліп келеді. Тексеріске 9 мыңға жуық әскери қызметші қатысып, 3 мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде 66 ұшу аппараты мен 8 кеме жұмылдырылды.

50
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, оқу-жаттығулар, Маңғыстау облысы
Пожар возле лицей №60 в Сарыаркинском районе столицы

Нұр-Сұлтанның оң жағалауында салынып жатқан ғимарат өртенді видео

0
(Жаңартылды 20:33 24.09.2021)
Өрт сағат 19.49-да оқшауланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

НҰР -СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Өрт елордада салынып жатқан тұрғын үй кешенінен басталды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Сағат 19.35-те өрт сөндірушілер Кенесары көшесі, 3А мекенжайында түтін көрінгені туралы хабарламаға шығып кетті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минут ішінде жетіп, жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында 50 шаршы метр аумақта рубероид жабыны мен жиналған қоқыс өртеніп жатқанын анықталды.

Өрт сағат 19.49-да оқшауланды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз:

0