Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Беларусь басшысы Александр Лукашенко

Лукашенко Тоқаевты Беларуське шақырды

71
(Жаңартылды 13:42 25.10.2019)
Беларусь президенті Тоқаев екі елдің игілігі үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екенін атап өтіп, осы үшін оған алғыс айтты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Беларусь басшысы Александр Лукашенко Ақордада өткен кездесу барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты өз еліне ресми сапармен келуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мен Қазақстан президентін келесі жылы Беларуське ресми сапармен келуге шақырдым. Бұл бізге бүгінгі уағдаластық пен қол қойылған келісімшарттардың орындалуын бақылауға мүмкіндік береді", - деді Лукашенко.

"Дорогой Касымаке" деп сөзін бастаған ол Тоқаевтың екі ел игілігі үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екенін атап өтіп, осы үшін оған ризашылығын білдірді.

"Ал Қазақстан халқына айтарым: Беларусьпен байланыс құрғаныңыз дұрыс болды. Біз ешқашан ешкімді жерге қаратқан емеспіз. Сіздерді де ұятқа қалдырмаймыз. Еуропа орталығында сіздердің де жерлеріңіз бар екенін біліп жүріңіздер", - деді Беларусь басшысы.

Тағы оқыңыз: Тоқаев пен Лукашенко екі ел арасындағы проблемаларды оңаша талқылады

Айта кетсек, Ақордада Александр Лукашенконың Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі мен жеті үкіметаралық келісімге қол қойылды.

71
Түркияның қорғаныс министрі Қазақстанға келді

Түркияның қорғаныс министрі Қазақстанға келді 

875
(Жаңартылды 12:19 26.10.2020)
Күн тәртібінде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, соның ішінде әскери кадрларды даярлау және әскери білім беру, әскери дайындық, сондай-ақ, оқу-жаттығуларға қатысу шаралары бар

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Қазақстанға ресми сапармен Түркияның қорғаныс министрі Хулуси Акар келді. ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен өтетін кездесу кезінде аймақтық қауіпсіздік мәселелері де талқыланады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Бұдан бөлек, күн тәртібінде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, соның ішінде әскери кадрларды даярлау және әскери білім беру, әскери дайындық, сондай-ақ, оқу-жаттығуларға қатысу шаралары бар. 

"Қазақстан Түркиямен арадағы көп жоспарлы стратегиялық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен мән береді. Ал екі мемлекет көшбасшылары арасындағы өзара түсіністік пен достық атмосферасы екіжақты ынтымақтастықтың кеңеюінде негізгі рөл атқарады", - делінген қорғаныс ведомствосының ресми хабарламасында.

Осы орайда қорғаныс министрлігі Қазақстанның қарулы күштерінің құрылуы мен дамуының алғашқы кезеңінде Түркияның қарулы күштері мен Бас штабының бірінші болып қолдау көрсеткенін де еске салды. Атап айтқанда, Түркия 1990-2000 жылдары қайтарымсыз негізде Қазақстанға әскери мүлік жеткізіп отырған. Соның ішінде кеңсе техникасы, картографиялық құрал-жабдықтар, байланыс құрылғылары және жол талғамайтын көліктер бар. 

Уақыт өте келе, тараптар көпмақсатты жеңіл брондалған көліктер мен оптикалық-электронды құралдар өндірісі саласында өзара тиімді байланыстарға көшті. Ал әскери білім саласында курсанттар Түркияның жетекші әскери училищелерінде өз дайындықтарын шыңдайды. Қазақстанның әскерилері де сан алуан оқыту орталықтарына барып тұрады. 

2018 жылы қыркүйек  айында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға ресми сапармен барған. Сол кезде Анкара қаласында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде әскери ынтымақтастық туралы келісім де бар.

875
Кілт сөздер:
қорғаныс министрі, Қазақстан, Түркия
Тақырып бойынша
"Қамығып отырмыз": Түркиядағы қазақтар Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады
Түркиядағы көлде тұз қалай өндіріледі – таңғажайып суреттер
"Қиыншылық көресің": Түркиядағы қазақ елге неге оралғысы келмейтінін айтты
"Бұл адамзат үшін бір белгі": Қазақ қызы Түркияда не болып жатқанын айтып берді
Түркияда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш

Тоқаев БҰҰ бас хатшысына жеделхат жолдады

2837
(Жаңартылды 11:26 24.10.2020)
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстан толығымен қолдайтынын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

"Бүгінде барлық ұлт өткенге көз жүгірте отырып, БҰҰ-ның осы жылдар ішінде қол жеткізген үздіксіз ілгерілеудің жарқын жолын мақтанышпен бағалай алады. Тіпті қазіргі, әлем бастан кешіп отырған геосаясат пен экономикадағы, әсіресе, денсаулық сақтау саласындағы ауыр дағдарысты бастан өткеріп отырған кезде, БҰҰ-на миллиондаған адам, оның ішінде, осал топтар үлкен үмітпен қарайды", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы БҰҰ жүйесінің тиімділігін, есеп беретіндігін және мәмілегершілігін арттыруға бағытталған Антониу Гутерриштің стратегиясы мен айнымас күш-жігерін толық қолдайтынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ауысты 

"Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген негізгі мақсаттар мен қағидаттардың сақталуына және қорғалуына тікелей жауаптымыз. БҰҰ-ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстан толығымен қолдайтынын растаймын", – деді Қазақстан президенті.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке және БҰҰ-ның барша қызметкеріне игі бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірді.

2837
Кілт сөздер:
жеделхат, БҰҰ
Тақырып бойынша
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында әлемге төнген жаңа қауіпті атады
Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды
Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына байланысты түсініктеме берді
Процент таңбасы

Қазақстанда шағын кредит беру тәртібі өзгерді

0
Бұдан былай микроқаржы ұйымы екі апта ішінде қарыз алушының өтінішін қарап, қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабарлауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Қазақстанда шағын несиелерді рәсімдеу және қарызды қайтару тәртібіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік басқармасының қаулысына сәйкес, жеке тұлғалардың микрокредиттер бойынша берешегін сотқа дейін реттеу рәсімі белгіленіп отыр.

"Ал микроқаржы ұйымы шағын кредит бойынша төлеу мерзімінің кешігуі туындаған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей, қарыз алушыға ол туралы хабар беруге міндетті. Қарыз алушы төлеу мерзімінің кешігуі басталған күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде берешекті өтеу мәселесін реттеу туралы өтінішпен микроқаржы ұйымына жүгінуге құқылы", – делінген ресми хабарламада.

Микроқаржы ұйымы екі аптаның ішінде қарыз алушының өтінішін қарап, қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабарлайды. Қарыз алушыдан өтініш болмаған жағдайда немесе онымен келісім жасалмаса, берешекті нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде өндіріп алуға болады.

Бұдан бөлек, микрокредит беру туралы келісімді ресімдеу шаралары мен оның мазмұнын оңтайландыруға шешім қабылданды. Атап айтқанда, микрокредитті өтеу кестесіне қосымша мәліметтерді енгізуге ұсыныс жасалды. Мысалы, микрокредитті қайта құрылымдау кезінде төлеу мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер өтеу кестесінде көрсетілуі тиіс.

Оқи отырыңыз: Ауылда әр отбасының мойнында 900 мың теңге кредит бар – ҰКП төрағасы

Жаңа қағидаларға сәйкес шарттың жасалған күні, микрокредит сомасы, пайыздық мөлшерлеме, шарт талаптарын орындау мерзімдері және басқа да міндетті шарттар туралы ақпаратты шарттың титулдық парағына жазу талап етіледі.

0
Кілт сөздер:
кредит, қаржы нарығы
Тақырып бойынша
Президент қазақстандықтарға кредит беруді шектеуді тапсырды
Павлодарда ер адам ең жақын досының атынан 14 кредит алған
Баспанасы жоқ қазақстандықтарға 5%-тік кредит беру басталды
Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ банктерден кредит ала алады
Кредит төлеу кешіккенде борышкер не істеу керек – заңгерлер пікірі