Дональд Трамп

CІМ Трамптың Қазақстан туралы айтқан сөзіне жауап берді

5154
(Жаңартылды 15:33 03.11.2019)
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанға ресми сапармен ешқашан келмегенін айтты

АЛМАТЫ, 3 қараша — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ президенті Дональд Трамптың Қазақстан туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді. Трамптың сөзі кезінде АҚШ-тың қорғаныс министрінің көпшілік алдындағы сөзін жазып берген Гай Снодграсстың  кітабында жарияланды.

Holding the Line: Inside Trump's Pentagon with Secretary Mattis авторы өткен жылдың қаңтар айында Пентагонда штаб басшылары комитетінің бірлескен кездесуіндегі АҚШ президентінің сөзін мысалға келтірген. Жиында Ауғанстанға қолдау көрсету мәселесі талқыланған болатын.

Тағы оқыңыз: Президенттің құпиясын айтып қойған көмекші жұмысынан кетті 

Қарулы күштер өкілдерімен өткен кездесуде Трамп әскери шығынды сөз етті.

Кітап авторының айтуынша, Дональд Трамп Ауғанстан туралы сөзінде "біз (АҚШ - Sputnik) өзімізден басқаның бәріне көмектесеміз" деген болатын.

"Қазақстан өте бай мемлекет екенін білесіздер. Менің соңғы сапарым кезінде олар (кім екені нақтыланбайды) бізге "рахмет" айтты. Бірақ олар неге бізге төлемейді? Неге күресуге күш салмайды?", - деп жазады Гай Снодграсс өзінің кітабында Трамптың сөзін келтіріп.

Сыртқы істер министрлігінің жауабы

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде Трамп ресми сапармен Қазақстанға ешқашан келмегенін айтты.

"Мүмкін ол басқа ел туралы айтқысы келген шығар", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, АҚШ Қазақстанның Ауғанстанның дамуына қосқан үлесін жоғары бағалайды. Біздің еліміз Ауғанстанға гуманитарлық, техникалық және білім саласында қолдау көрсетеді.

"Бұл өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің ортақ міндетіміз", - деді Смадияров.

Дональд Трамп бұған дейін де өз мәлімдемелерінде қателескен болатын. Мәселен, қазан айының ортасында Италия басшысы Серджо Маттарелламен өткен баспасөз мәслихаты кезінде Трамп АҚШ пен Италияны ортақ мәдени, саяси мұра байланыстыратынын айтқан болатын. Оның айтуынша, бұл мұра тарихы сонау Көне Рим заманынан бастау алады. Оның сөзі Италия тарапының аудармашысын қатты таңғалдырды.

Сондай-пқ, Трамп Маттарелланың тегін де шатастырып алып, танымал италиялық ірімшік "Моцарелла" сынды айтты.

5154
Кілт сөздер:
сөз, Қазақстан, Дональд Трамп
Тақырып бойынша
Әйелін шақырған: Трамптың біртүрлі әрекеті желіде қызу талқыға түсті – видео
Трамптың әйелі жұрттың алдында ыңғайсыз жағдайға қалды – видео
Президент заңға өзгерту енгізуді тапсырды
Тоқаев Трамппен кездесті: президенттер не жайында сөйлесті
"Тіл табысқым келеді": Трамп Путин және Си Цзиньпинмен кездесетінін айтты
Нұржан Әлтаев

Nur Otan-нан кеткен экс-депутат халық үкіметін құруды ұсынды

74
(Жаңартылды 12:29 22.01.2021)
Экс-депутат мұндай тәжірибе Қазақстанда енгізілсе, көлеңкелі министрлер кабинеті биліктің жұмысын сынға алып, тиімді шешімдерді қабылдауға көмектеседі

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда тіркелмеген "El Tiregi" партиясын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Нұржан Әлтаев халықтық көлеңкелі үкіметтің құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тіркелмеген "El Tiregi" партиясы елімізде алғаш рет халықтың көлеңкелі үкіметін құру қажеттігін мәлімдейді. Бұл жерде "көлеңкелі үкімет" деген сөзден қорқудың қажеті жоқ. Себебі ол – дамыған мемлекеттерде, әсіресе, Батыс Еуропа елдерінде және АҚШ-та, жалпыға ортақ тәжірибе. Англия, Канада мен Германияда бұрыннан бар", – дейді Әлтаев.

Оның айтуынша, шетелде көлеңкелі үкіметтің қызметін мемлекеттің өзі ынталандырып отырады. Ал халық ондай жұмысты қолдайды.

"Мәселен, Англияда жеңіске жеткен партия әдеттегідей өз үкіметін жасақтайды. Ал оппозициялық партия көлеңкелі үкіметті жасайды. Бірақ оны мемлекеттің өзі, тіпті, жеңіске жеткен партия да қолдап отырады. Англияда көлеңкелі үкіметті бюджеттің есебінен қаржыландырады. Мүшелеріне жалақы төленеді. Сондай-ақ көлеңкелі үкіметтің өкілдері сайланған үкіметтің барлық отырысына қатысады. Ал белгілі бір министр бағдарлама немесе қандай да бір бастама көтерсе, көлеңкелі үкімет өз пікірін айтады, оппонент ретінде сөз сөйлейді. Бұдан ұтатын халық. Себебі кез келген мәселенің екі жағын көре алады", – деп атап көрсетті Әлтаев.

Оқи отырыңыз: Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі өзгерді

Экс-депутат осы тәжірибені Қазақстанда енгізуді ұсынып отыр. Көлеңкелі министрлер кабинеті биліктің жұмысын сынға алып, тиімді шешімдерді қабылдауға көмектеседі.

"Сондықтан бізге көлеңкелі үкіметті жасақтау қажет деп санаймыз. Ол жерде әрбір министр биліктегі министрдің жұмысын бақылайды, терең талдау жасайды, баға береді, белгілі бір мәселені шешудің баламалы жолдарын ұсынады", – дейді Әлтаев.

Экс-депутат Nur Otan-ның қатарынан неге кетті?

Өткен жылдың соңында сол кездегі Nur Otan-ның мүшесі Нұржан Әлтаев "El Tiregi" өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағы негізінде жаңа саяси партияның құрылатынын мәлімдеді. Үш күннен кейін ол депутаттық мандаттан айырылды. Артынан билік партиясының қатарынан да шығарылды. Ал Әлтаевтың өзі "байлаулы қолымды шешті" деп айтты.  

Сол кезде депутат біздің билікке сын қажет деді. Ондайда мәселелерді мойындау керек және бәрін бірге шешу керек. Ол үшін шындық айтылуы тиіс деп санайтынын жеткізді.

"Nur Otan партиясы, өкінішке қарай, бүгінгі күні бұл шындық пен сынға әлі дайын емес. Сондықтан адамдардың проблемаларын айтқан депутатты шығарып тастау туралы шешім қабылданған шығар", – деді ол.

Айта кетейік, Әлтаев депутаттардың жалақысы негізсіз төленетінін де ашық мәлімдеген.

74
Кілт сөздер:
экс-депутат, Нұржан Әлтаев
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағын беру халыққа шынайы көмек пе?
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі оффшорды жабуға қатысты ойын айтты
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев
Депутат Әлтаев Nur Otan қатарынан шығарылды
Нұржан Әлтаев депутаттарға жалақы негізсіз төленетінін айтты
Архивтегі фото

Зейнетақы жинағын пайдалану: ертең өтінім қабылдайтын портал іске қосылады

247
(Жаңартылды 11:51 22.01.2021)
Бүгінгі күні Тұрғын үй жинақ банкінде зейнетақы төлемін алуға арналған 57 мыңнан астам арнайы есепшот ашылды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. "Отбасы банк" (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi, ТҚЖБ) уәкілетті оператор ретінде 23 қаңтардан бастап зейнетақы төлемін пайдалануға өтініш тапсыратын арнайы онлайн платформаны іске қосады, деп хабарлады банк.

"Отбасы банк" – біржолғы зейнетақы төлемін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделу ақысын төлеуге қолдану бойынша уәкілетті орган.

"Біржолғы зейнетақы төлемін тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында қолдануды көздеп отырған БЖЗҚ салымшылары 13 қаңтардан бастап "Отбасы банкінде" онлайн режимде 57 000-нан астам арнайы шот ашты", деді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Біржолғы зейнетақы төлемдері тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін мынадай мақсаттарға пайдаланылады:

  • тұрғын үйді сатып алу-сату, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау (айырбас жасау) шарттары бойынша, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес кепілдік болған кезде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша толық есеп айырысу;
  • жеке тұрғын үй салу үшін (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) толық есеп айырысу;
  • ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру үшін бастапқы жарна енгізу;
  • ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру, берешекті ішінара немесе толық өтеу;  
  • ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үй сатып алу;
  • сатып алу құқығы берілген тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу.

Біржолғы зейнетақы төлемі белгіленген талаптарға сәйкес шектеусіз пайдаланылады.

Өтініш беруші адам жұбайының және (немесе) жақын туыстарының біржолғы зейнетақы төлемін пайдалануы үшін тараптар жеке кабинетте біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады.

Алушының меншігінде тұрғын үйдің болуы біржолғы зейнетақы төлемдерін алудан және пайдаланудан бас тартуға негіз болмайды.

Оқи отырыңыз: Halyk Bank зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың шарттарын атады 

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асырылады.

Біржолғы зейнетақы төлемі алушының жұбайынан, жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға берілмейді.

Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалана отырып меншікке ресімделген жылжымайтын мүлікті бес жыл ішінде сатуға болмайды. Егер мүлік сатылатын болса, біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын қайтаруға тура келеді. Норма 5 жылдан астам өтеу мерзімі қалған және олар бойынша өтелмеген берешегі бар ипотекалық тұрғын үй қарыздарына ғана қолданылады. Яғни, егер ипотека бұрын төленсе, мораторий алынып тасталады.

Ереженің толық мәтінін мына жерде оқуға болады.

247
Тақырып бойынша
"Әділ болуы керек": Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану туралы айтты
Зейнетақы қорынан алуға болатын қаржы көлемі ұлғайды
Зейнетақы жинағын пайдалану: депутат "асықпайтын" үкіметті сынап тастады
Қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы соманы қалай тексере алады
Қыстағы жол

Үш бірдей өңірде жолдар жабылды

39
Ауа райы бұзылып, жел мен боран салдарынан бірқатар өңірде жолдар жабылды. Шектеу көліктің барлық түріне қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның үш өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды.

"ҚазАвтоЖол" ақпаратына сәйкес, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында барлық көлік түріне шектеу қойылды.

Жабылған жолдар тізімі

  • Алматы - Ташкент - Термез 159-239 километр, Кенен мен Қайнар арасы;
  • Алматы - Ташкент - Термез, 536-654 километр, Айша-Бибіден Машатқа дейін;
  • Алматы - Өскемен, 70-683 километр, Қапшағайдан Шығыс Қазақстан облысындағы Таскескенге дейін;
  • Өскемен - Алтай - Рахмановские ключи, 6-66 километр, Ушановтан Серебрянск бұрылысына дейін;
  • Үшарал - Достық, 0-184 километр;
  • Алматы - Көкпек - Көктал - Қорғас, 126-230 километр, Байсейіт пен Шонжы арасы;
  • Сарыөзек - Көктал, 3-178 километр;
  • Омбы - Майқапшагай, 756-906 километр, Семей - Қалбатау.
39