Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев мыңнан астам шетелдікке Қазақстан азаматтығын беру мәселесін қарайды

1753
(Жаңартылды 20:06 19.11.2019)
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің тұрғындары Қазақстан азаматы болуға ниетті. Өтініштерді мемлекет басшысы қарайды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Ақордада Қазақстан президенті жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға ниет білдіргендердің өтініштері қаралды.

"Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекет басшысының қарауына ТМД елдері және алыс шет елдерден келген 1 084 түрлі ұлт өкілдерінің еліміздің азаматтығын қабылдау туралы ұсынысы енгізілді", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Сонымен қатар көші-қон саясатының басқа да мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Қазақстанның азаматтығы қалай беріледі?

Қазақстан республикасының азаматтығы келесі жағдайда беріледі:

  • Қазақстан аумағында кем дегенде бес жыл тұрған тұлғаларға;
  • Қазақстан азаматымен некеде тұрғандарға (екеуі кем дегенде үш жыл бірге тұру шарт);
  • тұрақты тұру үшін бұрынғы одақтас елдерінен келген азаматтар. Қазақстанда олардың жақын туыстары болуы тиіс.
1753
Кілт сөздер:
азаматтық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Кінәлілер анықталады: Тоқаев мәлімдеме жасады
Назарбаев өзінің орынбасарына тапсырма берді
Тоқаев тарихи құжаттың суретін жариялады
Тоқаев әріптесін шақырды: Швейцария президенті Қазақстанға келеді
Тоқаев қазақстандықтарды дүрліктірген мәселеге нүкте қойды
Ақорда ғимараты

Тоқаев Әбдірахмановты қызметінен босатты

2934
(Жаңартылды 15:16 05.12.2020)
Қазақстандық дипломат бұл қызметті екі жылға жуық уақыт атқарды. Екі елде Қазақстан елшісі болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Швеция корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Дания корольдігіндегі елші қызметін қоса атқарудан босатылды, деп хабарлады Ақорда.

Министр иностранных дел Кайрат Абдрахманов
© Sputnik / Болат Шайхинов
Қайрат Әбдірахманов

Ол бұл қызметке 2019 жылдың наурыз айында тағайындалған болатын. Әбдірахманов Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, БҰҰ, Австрия, Израиль, Ұлыбританияда Қазақстан мүддесін білдірді. 2016-2018 жылдар аралығында Қазақстан сыртқы істер министрі лауазымында болды.

Жуырда Қайрат Әбдірахманов Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аз ұлттар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары болып тағайындалғаны хабарланған болатын.

"ТМД, Орталық Азия елдері бұған дейін ұйым жетекшілігінде болған емес. Қазақстан ОБСЕ аз ұлттар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары қызметіне қазақстандық дипломат Қайрат Әбдірахманов кандидатурасын ұсынды", - деген еді Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

2934
Кілт сөздер:
қызметтен кету, Қайрат Әбдірахманов, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Отставкаға дейін Тоқаев пен Назарбаев не туралы сөйлескені белгілі болды
"Кінәлілер жауапқа тартылады": Тоқаев Алматыдағы оқиғаға қатысты тапсырма берді
Тоқаев ата-аналарды шыдамдылық танытуға шақырды
Тоқаев үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды
Мемлекеттік қызметшілердің бойында уайымдау сезімі болуы керек – Тоқаев
Встреча президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с Дмитрием Козаком

Путиннің тапсырмасы: Козак Қазақстанға не үшін келді?

71
(Жаңартылды 16:03 04.12.2020)
Владимир Путиннің тапсырмасымен РФ президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Козак Қазақстан мен Өзбекстанға барды. Жоғары лауазымды шенеунік екі елдің басшылығымен кездесті. Оны президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеёв те қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстанда өткен келіссөздердің негізгі тақырыбы – Мәскеудің Нұр-Сұлтан мен Ташкентпен арадағы қарым-қатынасты күшейту. Сондай-ақ, екіжақты және көпжақты форматта сан алуан саммитерге дайындық мәселелері талқыланды. Мәселен, 11 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық кеңестің онлайн отырысы өтеді.

Нұр-Сұлтандағы кездесу

Қазақстан астанасында Дмитрий Козакты президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған болатын. Кездесу кезінде Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестіктің өзекті мәселелері талқыланды. Ақорданың мәліметіне сәйкес, тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселесіне баса назар аударды. Сондай-ақ, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы қарсаңында еуразиялық интеграция жайы сөз болды.   

Встреча президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с Дмитрием Козаком
© Официальный сайт Президента РК / AMAN
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дмитрий Козакпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясымен күн тәртібінде тұрған барлық мәселе бойынша одақтас байланыстарын дамыту маңызды екенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, екі жақ президент әкімшіліктерінің арасында қарым-қатынасты дамытуға келісті. Дмитрий Козак Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов пен премьер-министр Асқар Маминмен де кездесті.

"Келіссөздер барысында тараптар Ресей-Қазақстан одақтастық қатынастарының қазіргі жағдайы, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары және ҰҚШҰ, ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ шеңберіндегі интеграциялық байланыстарды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты", - деп хабарлады Қазақстандағы Ресей елшілігінің баспасөз қызметі.

Ташкенттегі жүздесу

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, "Шавкат Мирзиёев соңғы жылдары жоғары деңгейдегі жемісті диалог Өзбекстан мен Ресейдің арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты, стратегиялық әріптестік мен одақтастық байланыстарды күшейтуді қамтамасыз еткенін үлкен ризашылықпен атап өткен".

Встреча Дмитрия Козака и президента Узбекистана Шавката Мирзиёева
Дмитрий Козак пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің кездесуі

Дмитрий Козак өз кезегінде Өзбекстан басшысына жылы қарсы алғаны үшін алғыс білдіріп, Ресей президенті Владимир Путиннің ізгі тілегін жеткізді. Кездесуде екеуі жоғары деңгейде өтетін шаралардың күн тәртібін барынша мазмұнды ету жайын талқылады. Атап айтқанда, алдағы уақытта ТМД басшыларының саммиті өтеді. Оны кейінге шегерген болатын. Бұдан бөлек, тараптар халықаралық саясаттың кейбір мәселелерін де талқылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас

1992 жылы 22 қазанда екі елдің арасында дипломатиялық байланыстар орнатылған болатын. Сол жылы "Достық, ынтымақтастық пен өзара көмек", "Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім" сияқты негізгі құжаттар рәсімделді. Одан кейін "XXI ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы келісімшарт", "Еуразиялық экономикалық одақ" сынды базалық шарттарға қол қойылды.

2020 жылы қазан айында Қазақстанға Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу іссапармен келіп кетті. Екі елдің министрлері әскери ынтымақтастық туралы жаңа шартты рәсімдеді. Шойгу қазақстандық әріптестерімен арадағы байланыстарға жоғары баға беріп, екі елдің шекарасы толығымен демилитаризацияланғанын жеткізді.

Тығыз қарым-қатынастың тағы бір көрінісі – денсаулық сақтау саласы. Биыл 22 желтоқсаннан бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы "Спутник V" атты ресейлік вакцина өндіріске шығарылады. 

Бұдан бөлек, Ресей Қазақстанның ірі әрі маңызды сауда әріптесті болып саналады. Отандық өнім өндірушілер көрші елдің нарығына ғана емес, ол арқылы Еуропаға да шыға алады. Отын-энергетика саласы да тыс қалмады. Биыл Қазақстан билігі шығыс өңірлерін Ресейден келетін құбыр арқылы газдандыруға мүдделі екенін мәлімдеген.

71
Елорданың қысқы көрінісі

Бес өңірде дабылды ескерту жарияланды ертеңге ауа райы болжамы

0
6 желтоқсанда елордада түнде 26 градусқа дейін аяз болады, Маңғыстау облысында сынап бағанасы 23 градусқа дейін төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның бес өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

6 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады.

Түркістан облысында кей жерлерді тұман басып, бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 23°С дейін аяз болжанып отыр.

6-8 желтоқсан күндері Жамбыл облысында кей жерлерде – тұман.

Қостанай облысында да тұман түседі деп күтілуде.

Өңірлердегі ауа райы

Атмосфералық ағымдардың әсерінен республика бойынша қар жауады деп болжануда. Елдің батысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады, жел күшейеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда желтоқсанда ауа райы қандай болады

Ақмола, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады, Түркістан облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, күндіз 18-20 градус, түнде 26 градус аяз.

Алматыда күн бұлтты, күндіз 1-3 градус, түнде 7-9 градус суық.

Шымкентте күндіз 1 градус жылы, түнде 8-10 градус суық.

0
Кілт сөздер:
жел, қар, тұман, ауа райы болжамы