Атыраудың бұрынғы әкімі Әли Құттымұратұлы

Атырау әкімі отставкаға кетті

1132
(Жаңартылды 16:20 14.01.2020)
Әлимұхаммед Құттымұратұлы Атырау қаласы әкімі болып 2018 жылдың 28 маусымында тағайындалған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Атырау әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"14 қаңтар күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиында Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы әріпестеріне ризашылығын білдіріп, өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@atyrau_qalasy_akimdigi)

Құттымұратұлы өзіне қолдау көрсеткен атыраулықтарға алғысын айтты.

"Біз қызметімізде әрқашан халықтың мүддесі мен ел және аймақ басшылығының нұсқауын басшылыққа алдық. Мен қаламызды үнемі уайымдаймын және оның өркендегенін қалаймын. Ал сіздердің табыстарыңыз бен жетістіктеріңізге шын жүректен қуанамын!", - деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында.

Құттымұратұлының отставкаға кетуіне байланысты Атырау қаласы әкімінің уақытша міндетін орынбасары Ринат Жанғылышов атқарады.

Әлимұхаммед Құттымұратұлы Атырау қаласының әкімі болып 2018 жылдың 28 маусымында тағайындалған болатын.

1132
ҰҚШҰ елдерінің тулары

Президент ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады

625
Мемлекет басшысы ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын әрі қарай дамыту бойынша бірқатар ұсыныс айтады деп жоспарланып отыр

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады. Жиын видеоконференция форматында өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы бүгін сағат 15.00-де өтеді.

"Саммит барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасып, ұйымның биылғы жұмысындағы басым бағыттардың жүзеге асырылуын қорытындылайды. Алдағы кезеңге арналған жоспарын айқындайды", - деп жазды Уәли Facebook парақшасында.

Мемлекет басшысы ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы әріптестеріне ұйымның жұмысы жөніндегі өзекті мәселелер бойынша еліміздің ұстанымын жеткізіп, оны әрі қарай дамыту үшін бірқатар ұсыныс айтады деп жоспарланып отыр.

Жиын қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ның тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар құжат қабылданады.

Айта кетейік, 2019 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы Бішкек қаласында өтті.

625
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев

Өзбекстан президенті Тоқаевқа қоңырау шалды

48
(Жаңартылды 20:36 01.12.2020)
Қос президент күн тәртібіндегі өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, биылғы жылдың аяғына дейінгі іс-шараларды талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Тұңғыш президенті күні мерекесімен құттықтап, еліміздің дамуы баянды және халықаралық қауымдастықтағы мерейінің лайым үстем болуына тілектестігін білдірді.

"Мемлекет басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық пен бауырластыққа, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікке негізделген екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды әрі қарай нығайтуға мүдделілік танытты", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев күн тәртібіндегі өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, биылғы жылдың аяғына дейінгі іс-шараларды талқылады.

Қазақстандағы Тұңғыш президент күні

Жыл сайын 1 желтоқсанда қазақстандықтар ұлттық мереке – Тұңғыш президент күнін атап өтеді. Бұл күн мереке ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ – 1991 жылы 1 желтоқсанда алғашқы жалпыхалықтық сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев 98,7% дауысқа ие болды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанның абыройын асырған Қарақат Башанова туралы жазды

Он күннен кейін елдің бірінші президенті Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заңға қол қойды. 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес республиканың тәуелсіздігін жариялады. Қазақстандықтар бұл күнді 2012 жылдан бері атап өтіп келеді.

48
Кілт сөздер:
Шавкат Мирзиёев, Қасым-Жомарт Тоқаев, президент
Тақырып бойынша
Жәрдемақыны оңды-солды таратуды доғару қажет – Тоқаев
"Кінәлілер жауапқа тартылады": Тоқаев Алматыдағы оқиғаға қатысты тапсырма берді
Тоқаев пен Мясникович ЕАЭО саммитінің күн тәртібін талқылады
Тоқаев арнаулы жәрдемақы кімдерге төленетінін айтты
Маржықпаев Көкшетауда Тоқаев пен Путиннің қатысуымен форум қашан өтетінін айтты
вакцина

БҰҰ-да ресейлік вакцина таныстырылады

0
Онлайн іс-шара БҰҰ Бас Ассамблеясы арнайы сессиясының алаңында өтеді, отырыс барысында ресейлік препарат туралы толық ақпарат ұсынылады

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Екінші желтоқсанда БҰҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілдігі және денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасының презентациясын өткізеді.

"Бұл іс-шараға Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко, БҰҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя, Ресей тікелей инвестициялар қорының (РТИҚ) басшысы Кирилл Дмитриев қатысады", - деді РИА Новости агенттігіне тұрақты өкілдіктің баспасөз хатшысы Федор Стржижовский.

Ол "Спутник V: COVID-19-ке қарсы вакцина" виртуалды іс-шарасы БҰҰ Бас Ассамблеясы арнайы сессиясының алаңында өтетінін мәлімдеді. Отырыс барысында ресейлік препарат туралы толық ақпарат ұсынылатын болады.

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі жаздың соңында Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығында әзірленген COVID-19 вирусының алдын алуға арналған әлемдегі ең алғашқы вакцинаны тіркеген болатын. Препаратқа "Спутник V" деген атау берілді. Ол адамның егжей-тегжейлі тексерілген аденовирусты векторлары платформасында дайындалды. Қауіпсіздік, тиімділік және ұзақ мерзімге созылатын жағымсыз әсерлерінің жоқтығы осы әдіспен әзірленген вакцинаның басты артықшылығы болып отыр.

0